2. Алау жағу – Физикалық тест эстафетасы. (Әр қатардағы оқушылар соңғы партадан бастап, алдыңғысымен аяқтайтындай етіп, бір-біріне жалғастыра, берілген сұрақтарға дұрыс әрі жылдам жауап берген команда жеңімпаз атанады.Алау жағу құрметіне ие болады.)
«Ампер» командасының сұрақтары:
1.«Электр тогы ұғымын» физикаға енгізген ғалым?
А)Ампер В)Вольта С) Ом
2.Электр заряды қоршаған кеңістікте қандай өріс пайда болады?
А)гравитациялық өріс В)электр өрісі С)магнит өрісі
3.Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі кернеу тұрақты болады?
А)тізбектей В)аралас С)параллель
4.Металдарда негізгі заряд тасушылар қандай бөлшектер?
А)электрондар В)кемтіктер С)электрондар және кемтіктер
5.Шамнан 5 секунд ішінде 45 Кл заряд өткенде ток күші неге тең?
А)225 А В)9 А С)15А
Достарыңызбен бөлісу: |