Сабақтың тақырыбы : Менің әуес ісім ән айту



Дата20.07.2020
өлшемі184,19 Kb.
#63449
түріСабақ

Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы: Менің әуес ісім – ән айту.

Сабақтың мақсаты: Диалогты оқып, талдау жасай отырып, жаттығу жұмыстарымен оқушылардың оқу, жазу арқылы сөйлеу тілдерін дамыту;

Сабақтың міндеттері: Білімділік: ырықсыз етістерді ажырата білуге дағдыландыру;

Дамытушылық: сөздік, тілдік қорын молайтуға бейімдеу ;

Тәрбиелік: Қазақстан Республикасының атақты әншілерімен танысып, құрметтеуге баулу;

Көрнекіліктер: Суреттер, ілмелі таблица.

Сабақтың әдіс –тәсілдері: Сұрақ –жауап, түсіңдіру, қолдану, салыстыру

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлеметсіздер ме, балалар?

- Сәлеметсіз бе, мұғалім.

- Балалар көңіл-күйлерің қалай?

- Рақмет, көңіл-күйіміз жақсы.

- Бүгін сыныпта кім кезекші?

- Бүгін сыныпта Алина кезекші.

- Жақсы онда Алинаның есебін тыңдайық.

- Бүгін сыныпта оқушылар түгел.

2. Ү/т тексеру: б.147,2- тапсырма. Мына сөздерді жіктеңдер: фотосуретші, тәуелдеңдер фотосурет.

3-тапсырма диалог құрастыру. «Сенің әуес ісің қандай?»


  • Аня, сәлем, қалың қалай?

  • Сәлем Ира, жақсы өзің ше?

  • Аня айтшы сенің әуес ісің қандай?

  • Ира менің әуес ісім фотоға түсіру. Ал сенің ше?

  • Менің әуес ісім ас дайындау.

  • Қандай жерде фотоға түсурді ұнатасың?

  • Мен отбасыммен қыдыруға шыққанда, достарыммен демалғанда фотоға түскенді ұнатамын.

  • Ал мен мереке күні анама ұлттық тағам дайындаумен әуестенемін.

  • Әңгімеңе рақмет. Сау бол

  • Сау бол.

ІІ. Терме диктант жазу. Берілген сөйлемдерден етістіктерді теріп жазып, ырықсыз етіс жасаңдар.

Терме диктант

Мен Қостанайдағы әнші Дәмерді білемін. Дәмер әншілікті мектеп жасынан бастаған. Ол домбырамен ән салады. Ол, жалпы, алты ән жазған. Оның «Қостанайым», «Обағаным» әндері тыңдармандарының жүрегінен орын алған.

ІІІ. Жаңа сабақ. Жаңа сөздермен танысу.

Пікір – мнение

Қадірлеу - уважать

Кәсіп ету – здесь: заниматься



Оқулықпен жұмыс: 1- тапсырма. Диалогты оқыңдар, аударыңдар, диалогке ат қойыңдар. Тапсырмаларды ауызша орындау.

Мына сөздердің антонимін айтыңдар:

Жақсы - , рас - , жаңа - ,

Көптік жалғаулы сөздерді атап шығыңдар:



Қадірлеушілердің, таулар, сияқтыларға, мамансыңдар, жатарсыңдар.

2. Керекті сөздерді пайдаланып, берілген сызба бойынша әңгіме құрастырыңдар.



Керекті сөздер: жас кезімнен, әуес ісім, бірнеше адаммен, атақты әншілердей, сүйемелдеумен, ойнап отырып.

3. Берілген суреттегі қазақтың әншілерін атап, сөйлем құрастырып жазыңдар.

Керекті сөздер: Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген, халық әртісі, жас әнші, өзінің саз мектебі, Қарақат Әбілдина, Роза Рымбаева, Мейрамбек Беспаев, Бибігүл Төлегенова.

4. Жұптастырыңдар.

  1. Бұлбұл үнді, күміс көмей әнші Гүлбану Абдулина .... .....

  2. Жерлестері Гүлбанудың әнін .... ..... ....

  3. Гүлбану Абдулина халық әртісі Роза Жаманованың ... ... .... ....

  4. Гүлбану негізінен классикалық әндерді ..................

  5. Сонымен қатар, Гүлбану Абдулина қазақтың .... ........ ......

1. ..... халық әндерін тамаша орындайды.

2. ..... орындайды.

3. ..... вокалында дәріс алған.

4. ..... өте жақсы көреді.

5. ..... Қостанайда тұрады.

5. Мына берілген сөздерді үлгідегідей етіп, түрлендіріп жазыңдар.

Үлгі: сүрту; сүрт- ті, сүрт-кіз, сүрт-інді, сүрт-тіру.

Сөйле, көр, айт, жазу, салу, биле.


  1. Қорытынды бөлім.

Тест тапсырмасын орындаңдар.

1. Мына сөйлемдегі ырықсыз етісті тап. Қарағанды қаласында жаңа үй салынды.

а) Қарағанды қаласында; ә) жаңа үй; б) салынды;

2. Мына сөздерден еріндік дыбысы бар сөзді белгіле.

а) бұйымдыр; ә) алақай; б) алғашқы;

3. Термин сөзді сөз тіркесін белгіле.

а) таулы жер; ә) ауылдық аймақ; б) экологиялық мәселе;

4. Мына сөйлемге қажетті сөзді қой. .... түсіру – өнердің бір түрі.

а) сөйлемге; ә) фотоға; б) үйге;

5. Дұрыс жалғауын жалға. Сіздің әуес іс.... .

а) – ім; ә) – ің; б) - іңіз;

7. Үйге тапсырма:

148-бет. 3-тапсырма жазу

149-бет. 4 – тапсырма сұраққа жауап беру

8.Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет