Сабақтың тақырыбы : М.Өтемісұлы



Дата23.08.2017
өлшемі55,11 Kb.
#25725
түріСабақ
Күнделікті сабақ жоспары

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 7 «Б» Күні:
Сабақтың тақырыбы: М.Өтемісұлы «Тарланым»

Сабақтың мақсаты:

1. М.Өтемісұлының өмірінен қосымша мәлімет бере отырып, өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу;

2.Мәнерлеп оқу, мазмұндау, өлең құрылысын ерекшелігін жете талдай білу дағдысын дамыту;

3. Ақын шығармаларын оқи отырып,Отанын сүюге,еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;



Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі:ақын суреттері,кестелері, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру,

  2. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.

  3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырма сұралады .

1.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылады..

А).Д.Бабатайұлы қай дәуірдің ақыны деп айтамыз?

Ә).Аягөз өзені қайдан бастау алып,қалай қарай ағады?

Б).Аягөз кімнің жері еді?- деген өкінішін қалай түсінесіңдер?

В).Аягөз жағасына дуан түскеннен кейінгі жағдайды ақын қалай суреттейді?

Г). Ақын Аягөз өзенінен нені аңсаған?


2 «Аягөз кімнің жері еді?» тақырыбына жазып келген ойтолғауды оқыту

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:

  1. Оқушылар ақын өмірінен өздері білетін мәліметтерді айтып береді. М.Өтемісұлы 1804 жылы Орал облысы Нарындағы Бекетай құмында туған. Арабша,орысша хат таныған. Жасында Жәңгірханның ордасында жүрген. Ақын жас кезінен-ақ хан сарайындағы әділетсіздікке қарсы болып,халықтың ауыр мұңы,тұрмысын жан жүрегімен түсіне білген. Махамбет ел ісіне ерте араласқан. керекті кезінде ел басын қосуға шебер, ұйымдастырғыш,қабілеті мейлінше күшті,жалынды ақын.

  2. Ақынның бізге жетіп келген 12 күйі «Шашақты найза, шалқар күй » деген атпен күйтабаққа жазылған.

1. 1837ж.5 қыркүйек- «Жорық»

2. 1837ж.5 қараша- «Исатайдың Ақтабаны- ай» (Тастөбедегі шайқас)

  1. 1837ж. 13 желтоқсан- «Жайық асу» (Исатай бастаған қол Жайық асқан кезде)

  2. 1838ж. 12 шілде-«Қилы қырғын»

  3. «Арысымнан айырылдым»- (Исатай қаза болғанда)

  4. . «Тарланым»- (Исатайдың баласы Оспанды қасына жерлегендегі толғау)

  5. «Жауға шапқан»- (Қилы қырғында алданған Исатай 500-ақ қолмен барып опат болды. Кейін қайтуға әрі намыс, әрі халқының сенімі жібермеді)

  6. «Өкініш»- (Жеңіліске ұшырағаннан кейін Махамбет Хиуаға жол тартуға мәжбүр болған кезде)

  7. «Шілтері терезе»- (1841жылы Махамбет екінші рет қамауға алынған кезде )

  8. «Жұмыр қылыш» -(Баймағамбетпен кездесу кезінде)

  9. . «Қайран, Нарын»- (Туған жерін сағынып түрмеде отырған кезінде)


«Жұмыр қылыш » күйі орындалады.
Өлеңдерін білетін болса, жатқа айтады.

«Тарланым» өлеңінде ауыз әдебиетінің үлгісі бар. Әсіресе жоқтау сарыны айқын көрінеді.

Ақын жауынгер досы, арқа сүйер ағасы, қол бастаған басшы болған Исатайға арнап бірқаншама өлеңдер жазған.

Өлеңдері: «Мінкен ер», «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай сөзі», «Исатай деген ағам бар», «Ей,Махамбет жолдасым», «Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай»

Кітаппен жұмыс: Кітаптан өлеңді мәнерлеп,нақышына келтіре оқып береді.

Оқушылардың түсінігін сұрақтар қойып анықтайды.


Өлеңге СКТ технологиясы бойынша жұмыс орындайды.
Тарланым

  1. Авторы- М. Өтемісұлы (1803-1846 ж.ж) ХІХ ғ. ең көрнекті ақын, жыршы, күйші, жауынгер, көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі. Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданында дүниеге келген. Әділетсіздік пен теңсіздікке қарсы шығып, шаруаларды көтеріліске бастаған белсенді ұйымдастырушы

2.Тақырыбы – елі үшін еңіреген ер Исатайдың қаһармандық бейнесі

3. Жанры – поэзия (өлең)

4.Идеясы-батырдың ерлігін, парасатылығын, серілігін, дәріптей отырып,оған

деген сағынышын білдіру

5.Шумақ саны - 8 шумақ ( Аяқталған синтаксистік бір тұтас ой)

6.Тармақ – 32 тармақты

7. Бунақ – 3 бунақты (белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі)

8. Буын саны – 10

9. Ұйқас түрі – аралас ұйқас

10.Әдеби – теориялық ұғым:

10.1. Троп



Эпитеттер- сары жебе, сары алтын, сұр жебе, сары сусар бөрік, күшіген

сынды оқ,көк шыбығын



Теңеулер- Керіскендей шандозым,

Құландай ащы дауыстым,

Қырмызыдай ажарлым,

Хиуадай базарлым,

Теңіздей терең ақылдым!

10.2. Фигура

Сұрай арнау- Саған ұсынсам қолым жетер ме?

Арызым айтсам өтер ме?

11. Түсіндірме сөздік –

Керіскендей шандозым – зулаған садақ оғына теңеу.

Садағының пірісі- садақтың екі ұшы,

Адырна- садақтың оқ тіреп тұратын тарамысы,

Фәни – өмір

Кермиық,кербез-паң,сұлу.

Шандоз-асыл,ардақты

Жебе-садақ оғы

Сусар-аң

12.Өлеңнің тәрбиелік мәні: Ел үшін ерлік істерге шақырады. Исатайдай ер болуға, елін , жерін қорғап сүюге тәрбиелейді. Отаншылдық сезімді оятып, ұлтжандылыққа баулиды.



I VБілімді бекіту:

  1. Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қойылады

  2. «Махамбетше жырлаймын» атты ойтолғауларын оқытамын.

  3. « Адал достық – шынайы достық» атты пікірлерін білемін.


V Қорытындылау: М. Өтемісұлы-ұлтын сүйген ұлтжанды ақын. Оның өлеңдері мен күйлерінен халқына деген сүйіспеншілік пен халқының басына түскен қасіретке деген толғанысты көреміз. Ақын өз шығармаларында халқына арқасүйер сенімді перзент, досына адал серік қандай болу қажет екенін көрсете білген ұлы тұлға екенін анық көреміз. Оның шығармалары -ғасырлар қойнауынан бізге жеткен асыл қазынаның бірі.
VI Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

VII Үйге тапсырма: М.Өтемісұлының «Тарланым», «Мен едім», «Ереуіл атқа ер салмай» өлең/н жаттап келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет