Сабақтың тақырыбы : «Ол күндер мәңгі есте сақталады»



Дата08.09.2017
өлшемі57,12 Kb.
#30184
түріСабақ
БҚО Жаңақала ауданы Жаңажол ауылы.

Айдархан орта мектебі. Ишанова Б.С.


Сабақтың тақырыбы: «Ол күндер мәңгі есте сақталады».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұлы Отан соғысының Батырлары туралы алған білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту, қазақ тілінде еркін сөйлеуге жаттықтыру.

Тәрбиелік: Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Соғыс ардагерлерді құрметтеп, ардақтауға, қаһарман болуға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, буклет «Ұлы Жеңіске — 70». Батырлар туралы кітаптар көрмесі.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Ассоциация жасау:

БЕЙБІТШІЛІК СОҒЫС

Күн сәулесі,қуаныш, ашық аспан, балалар, Жарылыс, өлім, күйген үйлер, көз жасы,

ата-аналар, ту, нан, молшылық, қалалар аш адамдар, аштық, қарулар, жетім балалар.

III. Жаңа сабақ

Сабақтың ұраны: Бейбітшілік жайлай берсін жер үстін, Туы мәңгі желбіресін жеңістің.

1. Сұрақтарға жауап беру:

— Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды?

— Биыл Ұлы Жеңістің неше жылдығын тойлаймыз?

— Қазақтың Отан соғысының Батырларын білесіңдер ме?

— Әрине, бұл Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Талғат Бигелдинов, Бауыржан Момышұлы. Олардың есімдері ел есінде.

1-жүргізуші:

Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған.

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталды.

2-жүгізуші: Отаным, еркелеймін енді кімге,

Өзіңмен нені болса, көрем бірге.

Қалайша қабырғама батпас менің,

Басыңа қатер күні төнген күнде.

Соғыс басталысымен барлық ер - азаматтар Отанын қорғауға аттанып кетіп жатты. Арттарында жылаған балалары мен жарлары, ата - аналары қалып жатты.

1 жүргізуші : «Соғыс» деген суық хабар. Қазақстанның барлық жеріне 1941жылдың 22-ші маусымында келіп жетті. Осы соғыстың қарсаңында Қазақстанның халқы 6 миллионнан астам еді.

2 жүргізуші : - Ел басына түскен сын сағатта өз Отандарын абыроймен қорғауға, Қызылордалық 150 мыңға таяу жауынгер, Қазалылық 10754 жауынгер майданға аттанды. Майданға халық материалдық және рухани көмек берді. Жауынгерлерді, халықты рухтандырған Р. Бағланова, Ж.Жабаев, К. Байсейітовалар майдан шептерінде болды. Соғыс жылдарында жерлестеріміз Б. Қосаев, Т. Сегізов, Б.Мәменов, Қ. Пірімовтер жеңіс үшін тылда ерен еңбек етті. Ы. Жақаев, .Қ. Пірімов жіберген қару - жарақтар жауға жай отындай тиді

1-жүргізуші:

Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты. Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып, өз Отанының намысы мен бостандығы үшін күресті.



2-жүргізуші:

Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинді шабуылдады, Рейхстагқа Жеңіс туын тікті.

- Соғыс берді аналарға жесірлік,

Дей алмаймыз «Санамыздан өшірдік»

Боздақтардың қаны судай төгілген

41- де көрмеді жұрт не сұмдық?

Соғыс басталысымен барлық ер - азаматтар Отанын қорғауға аттанып кетіп жатты. Арттарында жылаған балалары мен жарлары, ата - аналары қалып жатты.

Көрініс: «Соғыс қасіреті» (күй ойнап тұрады)

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Немересі: Әже, әже! Бүгін меннен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді. (әжесін құшақтап еркелей күледі)

Әжесі: Талабына нұр жаусын, арманыңа жет балам! (маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады, әкесі жымыиып, салмақты киіпте пышағын қайрап отыра береді, келіні ыдыс алып, келе жатып, радиодағы хабарды тығдап тұрып қалады).

Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4-те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабул жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің терреториясына басып кірді.

(қолындағы ыдысы түсіп кеткен келіні жылап, бетін жабады).

Немересі:

— Аттан! — деді,

Ол қазір аттанады.

Жауынгердің ролін атқарады.

Неге бізге үмітсіз тесілесің?

Аттан, әке,

Жолыңнан кешігесің.

Кудесінде жаны бар пақырларың,

Тауып жейді сенсіз де несібесін. (әкесін келіп құшақтайды)

Әкесі:


— (әкесі қолындағы бір жасар баласын қызына беріп тұрып)

Тыңда балам, тыңда күнім,

Болуға жара қолқанат.

Кәрі анам, сәби інің,

Барлығы саған аманат.

Әжесі:


— Оралсын аман жеріне,

Көріссін туған елімен.

Келің-ау көздей қалтаға

Топырақ салып беріп жібер.

Келін:

— (қалтаға салынған топырақты берген келін)

Кебін киген өледі,

Кебенк киген келеді.

Үлкен үйден дәм татса,

Кешікпей дейді келеді. (жарының соңынан жылап қалады)



І жүрг: Отан ана жылағанда шер сеніп,

Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт.

Қара бұлтты қақ жарайық, деді де,

Қолдарына қару алды ерленіп.



Өлең: Ленинградтық өренім

2 Жүргізуші:

Мәскеу. Неміс армиясының ең түпкі мақсаты Мәскеуді басып алу еді. Қазақстан мен Қырғызстанның ұлдарынан құрылған 316-шы атқыштар дивизиясының қолбасшысы И. В. Панфилов болды. Бауыржан Момышұлы, М.Ғабдуллин, Н. Есболатовтар ерекше ерлік көрсетті.



1-жүргізуші. Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинді шабуылдады, Рейхстагқа Жеңіс туын тікті.

2-жүргізуші: Тарихи деректерге қарағанда 1942 - 1945ж 1млн. 196мың. 164 қазақстандық майданға аттанып тең жартысы оралмаған. Көптеген жауынгерлеріміз ерлік көрсетті. 518 қазақстандық Кеңес Одағының батыры - атағын алды.

1-жүргізуші: Атап айтсақ Қасым Қайсенов, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев сияқты аты аңызға айналған батыр аталарымыз.

2-жүргізуші: Осы қырғын соғыста ерлермен қатар елін қорғаған қос қазақтың батыр қызы болған. Ол Мәншүк Мәметова және Әлия Молдағұлова. Оларды біз қазақтың қос шынары, қос жұлдызы деп қатар атаймыз.

1-жүргізуші: Барлыгымыз тақтаға назарымызды аударайык. (оқушылар ар слайдка тоқталады)

2-жүргізуші: Хор

І жүргізуші:

Сен неткен Отан — анам, ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,

Жайнай берғ Ұлы Отаным — қазақ елім.

IІ жүргізуші:

Желбіре, көгілдір Ту, көк аспанда,

Не жетсін жөні келіп жарасқанға.

Сен менің құдіретім, кием-дағы,

Айбардың айтсын сөзді адасқанға.

1-жүргізуші

Отқа ораған бейбіт ел егістігін

Өмір мәнін ұққандай неміс бүгін.

Батыр аталардың арқасында

Тойладық Жеңіс күнін.

2-жургізуші

Сондықтан да болмасын соғыс енді

Душар етпей апатқа оқыс елді.

Ұлтымыздың мерейін көтерейік,



Абыройға бөлесін намыс ерді!

(Тақтада ілулі тұрган өлеңдер оқылады)

Қорытынды:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет