Сабақтың тақырыбы : «Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы байланыс»



бет2/4
Дата29.04.2022
өлшемі0,79 Mb.
#141410
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
3 так
4 так
Ойлан тап сайысы Екі топқа да кезекпен жұмбақтар жасырынады. 1дұрыс жауапқа 10ұпай тиесілі.

Иiр-иiр денесi,
Сахараның кемесi,
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдап бағады. (Түйе)
Қара ала тоны бар,
Аңдардың ол краны.
Оны сен де танып ал,
Серейiп кеп тұрады. (Жираф)


Бір шар бар кіріп шығар есігі жоқ,
Су ішер, нан жемейді, тамағы тоқ.
Ішінде көп балапан етер мекен,
Ас қылып сойып жесең балдай екен. (Қарбыз)

Қаймықпайды күштi аңнан,


Қорқады тек тышқаннан. (Пiл)

Ерiншектi,


Емiншектi,
Аямайды,
Қаламайды,
Шағады.
Мұны кiм табады? (Ара)
Мысық мұртты,
Өрмек басты. (Бидай)
Денесiне қапталған,
Сырты түбiт тоны бар.
Дыбыссыз кiрiп-шығады,
Бұкiрейген жоны бар. (Мысық)
Сұрғылт тартқан түсi бар.
Ақсиған көп тiсi бар
Тыным таппай жүгiрiп,
Сiлекейi шұбырған,
Қыстау маңын ториды,
Ауылда оның өші бар итi. (Қасқыр)
Қол басындай ағашта
Сансыз адам байлаулы,
Санасаң саны бар,
Аяғында жаны бар. (Жүгері)
Тұмсығынан торайдың,
Тұмсығы бар аумаған.
Үстiн түгел орайтын,
Тоны ине қаулаған. (Кiрпi)
Сабы жоқ қамшы,
Ешкiмге ұсынба,
Уы бар бiр тамшы,
Тiлiнiң ұшында. (Жылан)
Көктемде
Ақ гүлге оранады,
Күзде
Қолға доп боп оралады. (Алма)



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет