Сабақтың тақырыбы: «Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы байланыс» зияткерлік сайысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің алуантүрлілігі туралы білімін толықтырып, олардың өзара байланысы бойынша көзқарастарын кеңейту.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін және ойларын толық жеткізе білу, өздігінен,
топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Білім алуға
қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: Оқушыларға табиғатты аялауға және қоректену тізбегін құруға
үйрету.
Сабақтың типі: зияткерлік сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау,
әңгімелеу,талдау, көрнекілік,
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, суреттер, балаларға арналаған әдебиет көздері
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, биология, география
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Оқушылар ортаға шығып, бір-бірімен амандасып, жақсы көңіл-күй білдіреді. Орындарына отырмас бұрын, мұғалім оларға парақшалар таратады. Ол парақшаларда жануарлар мен өсімдіктердің суреттері бейнеленген. Оқушылар алдымен дайындалған топтарға өз суреттеріне сүйене отырады.