Сабақтың тақырыбы:Ыдыстар Р дыбысы
Сабақтың мақсаты:
Түзету-білімділік:ыдыстар туралы түсіндіру
Түзету-дамытушылық:сөзді түсінуі,фонематикалық түсінігін қалыптастыру,сөздердің грамматикалық құрылымдарын қалыптастыру,байланыстырып сөйлеуін дамыту,артикуляциялық жаттығуларды орындату. Р дыбысын буында ,сөзде, сөйлемде анық айту.
Түзету-тәрбиелік: тағамдарды қастерлеу
Әдістері:әңгімелесу, сұраққа жауап беру
Көрнекілігі:ыдыстар суреттері
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
І.Сәлемдесу
«Саусақтардың амандасуы»
Бес бармақ өзінің басқа саусақтардың атын атап амандасады.
- Салеметсің бе, Балаң үйрек!
- Салем, Ортан терек!
- Амансың ба, Шылдыр шүмек!
Қалың қалай, Кішкене бөбек! Бес бармақ кезекпен барлық саусақтарға ұшын тигізіп амандасады.
ІІ.Баланы түзете-дамыта оқыту қызметіне дайындау. Моншақты құрастыру
Ыдыстар туралы түсінік беру.
Әрбір ыдыс-аяқтың өзінің атқаратын қызметі бар.Ыдыстар-ас ішуге қолданатын үй құралдары.Кесемен шай ішеміз, құманмен шәй құямыз, пышақпен нан кесеміз, тәрелкеге тамақ саламыз. Олар ыдыстар. Оларды күнделікті үй шаруасында қолданамыз. Оларды жуып, таза ұстаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |