Сабақтың тақырыбы : Ою -өрнек туралы түсінік Сабақтың мақсаты : а Қазақ халқының ою -өрнек түрлеріне сипаттама беру



Дата28.01.2018
өлшемі30,81 Kb.
#35130
түріСабақ

  • Жариялады: kamalia02

  • |

  • Пікірлер: 0

  • |

  • Оқылды: 2409







Атырау қаласы
Еркінқала орта мектебінің
бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі
Күншығарова Нүргүл Қобыланқызы


Сабақтың тақырыбы : Ою -өрнек туралы түсінік 

Сабақтың мақсаты : а) Қазақ халқының ою -өрнек түрлеріне сипаттама 


беру.

ә) Ою -өрнектің шығу тарихын, қолданылуын, айнала 


ортамен , табиғатпен байланысын түсіндіру арқылы 
дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту.

б) Ою-өрнектің мән-мағынасын түсіндіре отырып,


ұлттық өнерімізді терең ұғынуға еңбексүйгіштік- 
ке, жауапкершілікке тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі : Интеграл сабақ ( кіріктірілген сабақ).

Сабақтың әдәсі : Түсіндірмелі ,сұрақ –жауап
Сабақтың көрнекілігі : Ою -өрнек салынған суреттер , кітап , кілемше, киіз 
т.б.

Пән аралық байланыс : Қазақстан тарихы , әдебиет, математика т.б.

Сабақтың жүрісі : І. Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа сабақ
ІІІ. Сыныппен жұмыс
ІV. Қорытынды

І. Сабаққа даярлығын , қатысты тексеру.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
а) Кіріспе әңгіме 
ә) Көрнекілікпен жұмыс 
б) Әдебиет пәніне кезек беру
в) Ою-өрнекті салу жолдарын түсіндіру.

Ою-өрнек ісі қазақ халқында ерте заманнан бастап-ақ қолөнердің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келеді.


Өткен ғасырдағы қазақ халқының өнерін зерттеуші ғалымдар Қазақ өрнек әлемінде өмір сүретіні тәрізді, оларда қоршаған орта ерекше әшекей ою -өрнек әлемімен жырланған. Үй –мүлкі , ыдыс-аяқ, 
қару –жарақ, киім-кешек, көпке сүйікті ою-өрнекпен көмкерілген деп айрықша атап көрсеткен. 
Халықтың қолөнері, соның ішінде ою-өрнек салу қазақ жерінде өмір сүрген, ертедегі мал шаруашылығымен шұғылданған көшпелі рулар : сақтар, 

үйсіндер, ғұндар өнерінің негізінде қалыптасты. Ою-өрнек халықтың 


көркемдік ойлауын , дүниетанымын паш етеді. Ғалымдар әзірше ою өрнектің 200 –дей түрін анықтап отыр. 
Халқымыз осы ою-өрнек атауларын не нәрсеге ұқсастығына, мән –мағынасына қарай мынадай топтарға жіктеген екен.
1. Зооморфты ою - өрнек 
2. Өсімдік тектес ою -өрнек
3. Ғарыштық ою-өрнек
4. Геометриялық ою-өрнек 
Халқымыз жануарлар әлеміне ерекше көңіл бөлген , сондықтан да болар , әрбір жануардың дене бітіміне, жеке бөлшектеріне ұқсатып, асқан шеберлікпен ою -өрнек құрастырған.

Арқар мүйіз Сыңар мүйіз


Бұл ең көп қолданылатын
қошқар мүйізге жақын бейнелес ою.
Айырмашылығы ширақтанып 
келеді. Кейде тармағы көбейеді. Ешкінің , сиырдың
мүйіздерін бейнелейді,
кейде "ілмек "
деп те аталатын ою.

Зооморфты ою-өрнектерге : Қошқар мүйіз, түйетабан, қыңыр мүйіз.


Өсімдік тектес ою-өрнектерге : Жауқазын, үш жапырақ , гүл.
Ғарыштық ою-өрнектерге : Шеңбер, жұлдыз, айқыш.
Геометриялық ою-өрнектерге : Сынық мүйіз, жұлдыз, ирек.
Міне, біздің қазақ өрнектері малшылық, көші-қон, аңшылықты айналасындағы табиғатты геометриялық түсініктердің сырт тұрпатын байқаудан туған ұғым негізінде дамығанын көреміз.
Ал әдебиет пәнінің мұғалімі ою-өрнектің шығу тарихындағы халқымыздың теңеу шеберлігін, оюмен бейнелеуін көркем сөзбен түсіндіріп өтеді. Ою-өрнек өнері қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіресі. Ертеде жазу, сызу әлі қалыптаспаған заманда ата-бабаларымыз ою-өрнек арқылы өз өмірін бейнелеген, түсінік пайымын жеткізген. Символдық қызмет атқарған. Шеберлер ою-өрнекті дамытып, халқымыздың тұрмысына терең еңгізген. Әр оюға мән беріп, өзіндік қасиетін , ерекшелігін ескеріп өз орнымен қолданған.
ІІІ. Сарамандық жұмыс.
1. Оқушылар ою-өрнекті бейнелеуге кіріспес бұрын, кезеңдермен жұмыс істей отырып, оюды бейнелеуге кіріседі.
І –кезең ІІ-кезең ІІІ-кезең ІV-кезең

І-кезеңде


Оқушылар қағаз бетінен орын белгілейді 

ІІ-кезеңде


Көрмекші сызықтар арқылы салайын деп отырған суретті қағазға түсіреді.

ІІІ-кезеңде 


Артық сызықтарды кетіріп, жарық көлеңкелерінен ажыратып бояу.

ІV -кезеңде 


Жұмыстың аяқталуы.

ІV. Сабақты қорытындылау .


Төмендегі сематикалық картаны толтыру тапсырылады.

Ою-өрнектің атауы


Қошқар мүйіз 

Құс қанаты

Түйе табан

Жауқазын 

Сынық мүйіз

1) Қазақтың ою-өрнегі қайда қолданылады ?


2) Не үшін қажет болған ?

Үйге тапсырма : Жұмысты үйден аяқтау.


Бағалау :

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет