Сабақ жоспар сабақ: 8 Мектеп: «101»Али-Акбаев жом



бет1/2
Дата04.07.2018
өлшемі421,64 Kb.
#47034
  1   2
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспар

САБАҚ: 8

Мектеп: «101»Али-Акбаев ЖОМ

Күні

Мұғалімнің аты-жөні: Жолтаев Е.Б

Сынып: 5

Қатысқан саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Пейзаж. Табиғатпен өзара үйлесімділік.Ауа перспективасы.Жеңіл көрініс

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.1

Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)

5.2.1.1

Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану

Сабақтың мақсаты


Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)

Оқушылар суретшілердің жұмыстарына сүйене отырып өздерінің бейнелеген жұмыстарындағы түстік шешімдерді дұрыс табу арқылы орындау.

Жетістік критерийлері

  1. Пейзаж салудағы заңдылықтарды ұстанады.

  2. Түстерді дұрыс таңдай біледі.

  3. Жұмыстың креативті орындалуы

  4. Жұмыстың толығымен аяқталуы.

Тілдік мақсаттар


Өнердің қайта өркендеуі, импрессионизм, экспрессионизм,заманауи өнер, кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері,пейзаж, натюрморт, дақ, штрих, көлем, форма, кеңістік, түс, сызық.

Сіздің ойыңызша суретші не үшін… материалдарды қоладанады?

Сіз сипаттап бере аласыз ба?

Бұл техника сізге не үшін ұнады?

Суретші жұмысы сізді не үшін қызықтырды?

Өз жұмысыңызды қалай жақсартар едіңіз?




Құндылықтарды дарыту

Басқалардың ойымен пікірін құрметтеу.

Оқушылар арасында жақсы қарым-қатнас орнату.

Оқушылар бір- бірін тыңдай біліп,басқалардың жұмыстарына құрметпен қарап,ойын жеткізе білу.

Оқушыларға мәдени және эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.



Пәнаралық байланыстар

зерттеу барысында теориялық білімдерін география, геометрия, тарих, экономика, пәндерімен және өнермен байланыстыру.

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылардың жеке ізденіс жұмыстар жүргізу дағдысын дамыту.

Дәлелдемелер мен дәйектемелер келтіруде нақты мәліметтерді салыстыра білу .

Бастапқы білім

Еске түсіру, қайталау. Пәнге қатысты лексика мен терминология

Өткен тапсырмаларды еске түсүру.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 кезең


Сабақтың ортасы

2 кезең




Бірінші тапсырма:

Оқушылардан алдыңғы сабақтағы білімдерін қайталап шығуы керек.

Мұғалім слайтарды көрсетеді,оқушы өнердің түрлері мен жанрын анықтайды.

Оқушыларға өткен сабақтардан азғана миға шабуыл жасау.

  1. Өнерде қандай жанрларды білесіз?

  2. Өнердің қандай түрлерін білесіз?

  3. Пейзаж жанрында жұмыс жасаған суретшілерді ата?

Оқушылардың жауабы:

(Ұ)(Ұ) Оқушылар картиналар көшірмесіне ізденіс жасайды. Өздері бейнелеген пейзаждарын түстік шешімдерін табуға кірісу.

Жеке жұмыс:

Табиғаттың түрлі (орман, шабындық,теңіз, таулар, шөл дала, және т.б.) көріністері бейнелеген көшірме жұмыстар дайындап оқушылар көзқарасын байыту, сонымен бірге табиғаттың түрлі өзгерістерін (бұлтты, жаңбырлы, тұманды, таң, кеш) оқушыларға берілген картиналарды талдап, сұрақтарға жауап беруді ұсынып, орындату.

Оқушылар материалдар мен құрал-жабдықтарды пайдалану кезінде жеке бас гигиенасы мен қауіпсіздік ережелерін сақтап отырады.

Оқушылар жеке түстермен жұмыс жасайтын болады.



Мысалы: Оқушыларға түстерді көрсетіп:

Сұрақтар қою:

Мына түстер суық түске жатады ма?

Мына түстер ше?

Картинадағы көлеңкелерде қандай түстер болады?

Оқушылардың жауабы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет