3.Мағынаны ашу.
Ғ дыбысының айтылу артикуляциясын меңгерту.
-Мынау не балалар?
- Компьютер.
- Компьютер деген кезде сендердің естеріңе қандай сөз түседі?
-Интернет.
Интернет арқылы біздер бүкіл жер шарындағы жаңалықтармен хабардар боламыз.Ал интернеттің қазақша атауы «ғаламтор» деп аталады.
Кәне, ғаламтор деп айтайық.-
Бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
-Ғ дыбысы.
Ғ дыбысын дыбыстату.
Ғ дыбысы кедергімен айтылып тұр.
- Ғ дыбысы қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Дауыссыз дыбыс.
-Қандай түсті текшемен белгілейміз?
-Көк.
Берілген ұғым: Ғ дауыссыз дыбыс , көк текшемен белгілейміз.
4.«Ғажайып арман» ертегісі арқылы «Ғ» дыбысы бар сөздермен таныстыру.
(Ертегі желісі бойынша тақтаға Ғани, балға, таға, шалғы, торғай, қарға, ғарышкер,ғарыш суреттері ілнеді.)
Ертегі мазмұны: Ерте,ерте ертеде бір атай мен әжей өмір сүріпті. Олардың Ғани деген баласы болыпты. Атай шебер ұста екен. Ол темірден балға, таға, шалғы жасаумен айналысыпты. Ғани үнемі атасына көмектеседі екен. Бірде атасымен шөп шабуға барады. Ғани ағаштардың үстінде қонып тұрған торғай мен қарғаларды көреді де,менің де қанатым болса ғой армандап түрса аспанда ұшақ ұшып бара жатады.Оны көрген Ғани ғарышкер болсам, ғарышқа ұшсам деп ойлап,атасына өз арманын айтуға жүгіре жөнеледі.Атасы оны өскенде жақсы азамат бол деп батасын береді.
-Ертегі ұнады ма?
-Иә.
-Баланың аты кім?
- Ғани.
-Ғани дегенде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
- Ғ дыбысы.
Олай болса ,Күн тапсырмасындағы жаңа әріп Ғғ дыбысы екен.
Тақтаға Ғ әріпі қойылады.
Берілетін ұғым : Ғ әрпінің таңбысымен танысу.Ғ дыбысы кездесетін сөздерді анықтау.
5.Сергіту сәті.
Бала,бала,балақан,
Қане қайсы алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай,былай ойнат.
Топ,топ басайық ,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса,жаса жарқын күн,
Жаса,жаса алтын күн.
6.Дәптермен жұмыс.
1) Берілген суретте Ғ дыбысы сөздің қай жерінде келіп тұрғанын айту.
2) Ғ әрпінің баспа түрін жаздыру.
3)Сөздерді оқыту,сөйлем құрату.
Достарыңызбен бөлісу: |