Сабақтың тақырыбы : Салауатты өмір салт ы. Есімдік. Сабақтың мақсаты



Дата01.04.2017
өлшемі39,29 Kb.
#12924
түріСабақ
Қазақ тілі: 6 сынып

Мұғалім: Құдабаева А.А.

ММК "№12 орта мектебі"

Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салты. Есімдік. 
Сабақтың мақсаты: адам өміріндегі салауатты өмір салтын ұстанудың мәнін түсіндіру және тереңдету, оқушыладың сөздік қорын молайту, ойлау қабілеттерін дамыту, ойын толық жеткізуге үйрету. оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіре отырып қорытынды жасай білуге дағдыландыру, денсаулық туралы пайдалы кеңестер алу, спортқа сүйіспеншілік сезімдерін ояту. 
Сабақтың әдісі: презентация, түсіндіру, оқу аудару, талдау, топтық, жеке жұмыстар, сұрақ жауап, сергіту ойыны, сын тұрғысынан ойлау, талдау, пікірлесу, тренинг

Сабақтың барысы: 
I.Ұйымдастыру кезеңі. 
1.Психологиялық дайындық.

Сабағымызды шаттық шеңберінен бастайық. Тренинг. Қайырлы күн, алтын күн!

Қайырлы күн, көк аспан!

Қайырлы күн, достарым!

Қайырлы күн,қонақтарым!

2. Кезекшімен диалог.



Топқа бөлу: 1топ-Денсаулық тобы

2 топ- Спорт тобы

3топ- Білім тобы
ІІ. Жаңа сабақ:

1.Мұғалімнің сөзі.

-Біз қандай модульдік тақырыпты өтіп жатырмыз?

-Сен қандай спортпен шұғылданасың?

-Спорт нені шынықтырады?

- Ол неге тәрбиелейді?

- Спорт денсаулыққа пайдалы ма?

2. Суретпен жұмыс.

- Суретте не бейнеленген?

-Балалар қандай спорт түрімен айналасады?

3. Ой қозғау әдісі.

1. Салауатты өмір дегенде көз алдымызда не елестейді?( Постермен жұмыс)

2. Берілген сөздерді сөз құрамына талдау- күшті,тап-таза, сарғыш, байлық, мөлдір, өнерлерімен.

4.Видеофильм.- ЗОЖ

5.Мәтінмен жұмыс Сөздік жұмыс
салауатты өмір салты – здоровый образ жизни 
серуен – прогулка 
ұйықтау – спать

еңбек демалысы – отпуск

жат әдеттер- вредные привычки




Салауатты өмір салты Салауатты өмір салтына дене шынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс.Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн.

Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңдер. – 1 топ 
Мәтін бойынша сұрақтар құрыңдар. – 2 топ.

Жоспар құрыңдар.- 3 топ

6.Сергіту сәті

Салауатты өмір сүру дегеніміз не?
Біріншісі - ерте тұру.
Екіншісі - орта тазалығын сақтау.
Үшіншісі - дене шынықтыру.
Төртіншісі - үнемі денені таза ұстау, ыңғайлы киіну.
Бесіншісі - үнемі сергек жүру.
Алтыншысы - артық тамақ ішпеу.
Жетіншісі - көп ұйқтап жалқау болмау

7.Видеофильм- Жат әдеттер Адам өміріне зиянды заттарға нелерді жатқызар едіңіз? Неліктен


• Адамның салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін?
• Зиянды әдеттерге адам неліктен үйір болады?
• Зиянды әрекеттерден аулақ болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?
• Зиянды әдеттерге нелер жатады?

III. Сабақты қорыту .

Берілген тірек сызбаны толықтырып, салауатты өмір салты туралы әңгімелеңдер.



- Салауатты өмір салтына нелер жатады? 
- Неге салауатты өмір салтын сақтау керек? 
9. Ыстық орындық

1.Қайталау- грамматикалық тақырып



2.Есімдік мағынасына қарай 7 түрі бар.

IV.Бағалау.

1.Бағалау парағын толтыру.

2. Білім тауы.

V. Үйге тапсырма

Мәтінді жатқа білу, денсаулық туралы сөзжұмбақ құру.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет