Сабақтың тақырыбы : Санды 2-ге көбейту және бөлу. Сабақтың мақсаты : Білімділігі: Оқушыларды 2 санына кестелік көбейту және бөлу білімдері мен біліктерін тиянақтау. Амалдар мен есептерге алгоритм құру.
Дамытушылығы: Оқушылардың математикалық білімі арқылы интеллектісін дамыту. Есептеу машықтарын жетілдіру , өздіктерінен жұмыс істеу , жеке топтық жұмыста шапшаңдылық танытуға машықтандыру.
Тәрбиелігі : Өзін – өзі басқаруға ,ұжымдылыққа , көшбасшылыққа , белсенділікке тәрбиелеу . Жауапкершілікті сезіне білуге үйрету.
Көрнекілік : Алгоритм ережесі , үй макеті, алгоритм құруға арналған кестелер ,бағалау парақшалары ,көңіл күй көрсеткіштері.
Сабақтың түрі : жаңа сабақ
Сабақтың әдісі :Басқара отырып түсіндіру , топпен жұмыс ,сұрақ - жауап әдісі
Сабақтың жүрісі : Психологиялық дайындық
1. Топқа бөліну(Көбейту тобы , бөлу тобы)
2. Балалар зейінін сабаққа аудару
3. Үй тапсырмасын тексеру
4. Сабақ түрі және мақсатымен таныстыру
Жаңа сабақ: - Қазір не сабақ ? – Математика сабағы
Математика сабағына дайын болу үшін не айтушы едік ?
-Есептеуді білмейтін адам ,
Түк сезбейтін надан
Біз неше таңбалы сандарға көбейттік , бөлдік ?
Олай болса бүгінгі күннің жадын жазыңдар.
Жаңа сабақтың мақсаты амалдар мен есептерге алгоритм құру.
Түсініксіз сөз барма ? – Алгоритм
Алгоритм дегеніміз не ?
Бір нәрсені орындау үшін құрылған программаны алгоритм дейміз
Біз бүгін үй салу алгоритмін құрамыз .(Қазіргі кезеңдегі үй салудың маңызы , қаламыздағы салынып жатырған үйлер, ипотека, тұрғын үй)
Үйіміз дұрыс , әдемі болып салыну үшін әрбір алгоритм бойынша тапсырмалар орындауымыз керек .
1-Алгоритм.Құрылыс материалдарын сатып алу ? Арифметикалық диктант
1*2= 10*2= 6 : 2= 10:2= 14:2=
2*2= 100*2= 8:2= 12:2= 16:2=
2 – Алгоритм . Фундамент құю .
Есеп шығарудың өзіндік алгоритмі бар.Соны пайдаланып берілген есептерді шығарып шартын, жауабын, шешуін салыстырайық
Есеп шығару алгоритмі: 1. Есеппен танысу
2.Есептің не туралы екендігін анықтау
3.Белгілі , белгісізді анықтау
4.Есептің шарты мен сұрағын ажырату
5.Дәптерге шартын жаз
6.Есепті шешу
7.Жауабын жазу
Көбейту тобы Бөлу тобы
Көжек – 2 кг Ұл бала - 12
Лақ – 6 кг - неше кг артық? Қыз бала -? 6 –уы кем
Ш: 6-2=4 Ж: 4 кг артық Ш: 12- 6 =6 Ж: 6 қыз бала
3 – Алгоритм . Қабырғасын қалау .
Амалдарды орында. Тексер
Көбейту тобы Бөлу тобы
400:2=200 200*2=400 1*400=400 400:400=1
600:2=300 300*2=600 50:50=1 1*50=50
4 – Алгоритм . Шатырын көтеру .
(Оқушылардың шығармашылық деңгейін көтеру мақсатында орындалады.)
Әр топқа қарапайым алгоритмдер құрғызу .
Көбейту тобы:Кортопты пісіру алгоритмі .
2 Бөлу тобы:Ертеңгі іс – әрекеттің алгоритмі .
5 – Алгоритм .Есік , терезелерін орнату .
Есептерді шығар. Берілген есепке кері есеп құрастыр және шығар.
1 топ
Оқушылар 16 кг дәрілік шөп жинады. Оны тең бөліп ,2 дәріханаға өткізді. Дәріхананың әрқайсысы неше килограмм дәрілік шөп алды.
Ш:16:2=8 Ж:8кг дәрілік шөп Ш:8*2=16 Ж:16 кг дәрілік шөп
2 топ
Зоодүкенде 10 тотықұсты 2 бала сатып алды.Егер тең бөліп алса , әр бала неше тотықұстан сатып алады?
Ш:10:2=5 Ж:5 тотықұс Ш:5*2=10 Ж:10 тотықұс
6 – Алгоритм . Газ жүргізу .
Танымдық тапсырма
Ұзындықтары 8 см және 2 см болатын екі кесінді сыз .Бірінші кесінді екінші кесіндіден неше сантиметр ұзын. Неше есе ұзын ?Екінші кесінді бірінші кесіндіден неше сантиметр қысқа? Неше есе қысқа?Ұзындығы берілген кесінділердің ұзындықтарының қосындысына және айырмасына тең кесінділер сыз.
7 – Алгоритм . Жарық кіргізу , телефон желісін тарту .
Өрнектер құр
1 топ 2 топ
10:2 * * 2*8 : :
Сабақты қорыту, бекіту .Әрбір алгоритм бойынша шолу жұмыстары жүргізіледі .Әдемі болып шыққан үйді тамашалау.Енді осы үйдің кілтін кімге береміз? Үйге тапсырма . Үйге берілген тапсырманы дұрыс , толық, әдемі орындап келген оқушыға осы үйдің кілті беріледі .Үй жұмысы :№ 8.22 – бет. Смайлик арқылы бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |