І.Ұйымдастыру кезеңі:Психологиялық дайындық
-Балалар, сабақты жақсы өткізу үшін өзімізге жақсы көтеріңкі көңіл-күй тілейік. Психологиялық дайындық.
-Енді балалар бүгінгі сабағымызды жақсы көңілді өту үшін, музыка ырғағымен қандай сан айтсам сол сан бойынша бірігулерің қажет.
-Көшбасшыны тағайындау.Бағалау бетшесін тарату.
- Ендеше, топтың ережелерін еске түсірейік.
Мұғалімді тыңдау.
Уақытқа бағыну.
Бір-бірімізді тыңдау.
Толық жауап беру.
Мадақтау.
1-тапсырма. Өткен сабақты пысықтау.
2-тапсырма. ІҮ. Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту.
Жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Жұмбақ шешу:
Көлбең-көлбең етеді
Гүлден ұшып жетеді
Гүл шырынын сорады
Соған риза болады (көбелек)
2.Шидім ,шидім ,шидім құс
Ши басына қонған құс
Қарқырауық қара құс,
Хан басына қонған құс.
(шыбын)
-Ендеше балалар біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Сейітқұл Оспановтың «Шыбын мен көбелек» атты мысалымен танысамыз. Шыбын жайлы не білесіңдер? Көбелек туралы не білесіңдер?
Автор туралы түсінік .С. Оспанов Қызылорда обл. Арал ауданы 1955ж. 30-наурызда туған. Жалын,
Зерде Мектеп баспасы, Парасат журналында жұмыс жасаған «Ағаш ат» «Құлдар көтерілісі» кітабы 2003ж 1- қараша «Әдемі ару» повесі жарық көрді.
3-тапсырма. Ү Оқулықпен жұмыс.
а) «Шыбын мен Көбелек» мысалды мәнерлеп дауыстап оқыту. «Шыбын мен Көбелек» туралы әңгімелеп,айту.
ә) Мазмұнын аша білу. Екеуінің ұқсастығы мен айырмашылығын сұрау.Шыбын мен көбелектің пайдасы мен зиянын айту.Тірек сызба арқылы мысалды талдату.
4-тапсырма ҮІ. Дәптермен жұмыс.
Күннің жадын, тақырыпты жаздыруНачало формы
2. Сөздік жұмыс.
Көз шырымын алу – ұйықтау.
Қауыз – ашылайын деп тұрған гүл басының жұқа қабы.
Жұқсыз – сүйкімсіз, жек көрінішті.
Сұғанақ – ұры.
Сапалақ – шыбын қорығыш құрал.
Шылғи өтірік – мүлде өтірік.
Сергіту сәті. Бейнежазбадан көру арқылы қимыл жасау
5-тапсырма. ҮІІ. Топтық тапсырма.
«Кім мықты?сайысы.
І топ «Ойшылдар». – Сурет бойынша екеуіне мінездеме беру . Венн диограммасы арқылы ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру.
ІІ топ «Жазушылар». – Егер мен шыбын болсам...немесе көбелек болсам....” тақырыбына
эссе жазу.
ІІІ топ «Өнерпаздар». –«Шыбын мен Көбелекті» рөлге бөліп, сахналап көрсету
ІҮ топ «Білімділер».– Шығармашылық деңгейлік сұрақтар.
Мәртебесі орташа сұрақтар
|
Мәртебесі жоғары сұрақтар
|
1. Шыбын мен көбелек неге келіспей қалды?
|
1. Мысал дегеніміз не?
|
2. Шыбын не деп мақтанды? Көбелек оған не деді?
|
2. Диалог дегеніміз не?
|
3. Қайсысының айтқаны дұрыс деп ойлайсыңдар?
|
3. Монолог дегеніміз не?
|
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.
Әр топ постер қорғау. Ұйқас сөздерді пайдаланып көбелек туралы 1шумақ өлең құрастырады.
....... ....... көркімін,
....... ....... жүремін
....... ....... астында
....... ....... кешемін.
-Бүгін сіздерге сабақ ұнады ма?
-Шыбын мен көбелек туралы не білдік?
-Балалар бұл шығармадан өздеріңе қандай ой түйдіңдер?
-Өмірде өзіміз жаман әдеттерден қандай болуымыз қажет?
-Қайсысы бізге зиян келтіреді?
-Қалай сақтану керек деп ойлайсыңдар?
-Бұл шығарманың қай түріне жатады?
Ой қозғау. Конверт сұрақ.
-Бұл конверттің ішінде сұрақтар бар. Рефлекция. Кері байланыс парағы. Сол сұрақтарға өздеріңнің жауаптарыңды алдыңызда берілген өз конвертіңізге бүгінгі сабақ ұнады ма?-деген сұрақ парақшаға өз ойларыңды жазып саласыңдар .
ІХ. Бағалау Топ басшысы топты бағалау.
Х. Үйге тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқу, түсінік айту. «Шыбын мен көбелек» мысалына дара және күрделі сөздерді пайдаланып Эссе жазып келу.
|
Шаттық шеңберде тұрады.
Оқушылар хормен
Оқушылар музыка ырғағына билеп, топталу арқылы бөлінеді.
Сұрақ-жауап арқылы көшбасшыны дайындау
Оқушылар тыңдайды,ойланады,
Оқушылар жауабы
Жұмбақ шешеді.
Тізбектеп оқиды
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Дәптерге күннің жадын, тақырыпты жазады.
Әр оқушыға оқыту.
Топтық жұмыс.
Венн диограммасы арқылы салыстырады.
Эссе жазады
Сахналап көрсетеді.
Тапсырманы орындайды
Оқушылар сабақта не үйреніп білгендерін айтады.
Әр топқа конверт-сұрақ беріледі. Өз жауаптарын жазады.
Топ басшысы бағалайды.
Формативті бағалау
Үй тапсырмасын жазып алады.
|