І тарау Өзін өзі тану бақыты
Сабак 1
Сынып
Күні
Сабақтың тақырыбы: « Шаттыққа толы жүрекпен»
Сабақтың мақсаты:
Өзін өзі тану пәнінің мазмұнымен таныстыру
Өзін өзі тануға қызығушылықтарн арттыру
Сыйластыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: дәптер, оқулық,суреттер
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру:
ІІ Шаттық шеңбер
Оқушылар шеңбер құрып, оқушылармен танысу.
ІІІ Жаңа сабақ
Суреттер бойынша әңгімелесу
Жаңа ақпарат
Оқулықтың 8 беттіндегі «Өзін өзі тану еліне саяхат». «Өзін өзі тану елі» - «Тіл табысу», «Білім», «Табиғат пен денсаулық», «Адамгершілік» атты өлкелерден тұрады.
«Үйренерім көп менің» тақырыбында «Білім», «Денсаулық», «Қамқорлық», «Әдептілік» құндылықтарын бейнелейтін суреттерге оқушылардың назарын аудару.
Дәйек сөз
«Өмірді тану – өзіңді танудан басталады»
Өзіңді адамдармен,қоршаған ортамен, қоғаммен қарым-қатынаста тани аласың. Ал, адамдарды,қоршаған ортаны, қоғамды және олардағы құбылыстар мен әрекеттерді білу – өмірді тану дегенді білдіреді.
Оқулықтың 13 бетіндегі жағдаятты талдау
Дәптермен жұмыс
«Өзін өзі тану елінің» суреттерін бояту.
Ойын
«Күн болам» Балалар кезекпен «Күн» болады. Өзінің жер бетіндегі тіршілікке не сыйлайтынын айтады (немесе сыныптасына, құрбысына «күн болып» не сыйлайтынын айтады).
Жаңа сабақты қорытындылау
Балалар біз бүгін өзін өзі тану пәнімен таныстық, Өзін өзі тану пәнінен сендер адам бойындағы жақсы қасиеттерге( сыйластық,кішіпейілдікке, т.б) үйренесіңдер. Бүгінгі сабақтан нені үйрендіңдер?
Үй тапсырмасы
7 беттегі тапсырма Таныс болыңдар
Жүректен жүрекке
«Ризашылық әні»
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз бүгінге!
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз қазірге!
Ризамын, ризамын,
Ризамын бүгінге!
Ризамын, ризамын,
Ризамын қазірге!
Сабак2
Сынып
Күні
Сабақтың тақырыбы: «Арайлап атсын әр таңым! »
Сабақтың мақсаты:
Әр түрлі көңіл күйді сезіне білуге және мәдениетті қарым-қатынас жасауды үйрету
Сыныптастарымен, үлкендермен, жақын адамдарымен жағымды қарым-қатынастарын дамыту
Өзін және айналасындағы адамдарды сыйлай және қуанта білуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: дәптер, оқулық,суреттер
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру:
Сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу
ІІ Шаттық шеңбер
Оқушылар шеңбер құрып, оқулықтағы өлеңді хормен айту.
Қуан,шаттан!
Қуан, шаттан!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
ІІІ Жаңа сабақ
Әңгімелесу
Суреттер бойынша әңгімелесу «Таңертеңгі көңіл күй» мәнін түсіндіруді әңгімелесу арқылы ұйымдастыру.
Сендерді кімдер оятады немесе ненің дыбысынан оянасыңдар?
Қандай көңіл күймен оянасыңдар?
Тапсырма :
1 сурет Ұл баланы таңғы ұйқыдан оятып жатқан ананың суреті.
Анасы баласын қандай сөздер айтып оятты деп ойлайсыңдар?
2 сурет Ұл мен қыздың отбасындағы сурет.
Арман мен Жанарға ата анасы қандай тілек айтты?
Жаңа ақпарат
Оқулықтың 8 беттіндегі «Өзін өзі тану еліне саяхат»
3 сурет. Мектепке келген Арманның сыныптастарымен күлімдеп сәлемдесіп тұрған суреті.
Арман сыныптасымен сәлемдесіп тұрып қандай жақсы сөздер айтып тұр деп ойлайсыңдар?
Ойын
«Көңіл күйімді тап» Үстелдегі кеспе қағаздарда адамның көңіл күйін білдіретін сөзде жазылған , бір оқушы біреуін таңдайды. Оқушының құлағына мұғалім сол көніл күйді сыбырлайды, оқушы сол көңіл күйді қимылмен көрсету керек, ал оқушылар қандай көңіл күй екенін табу керек.
Дәйек сөз
«Әрбір таңғы қуаныш – өмірге шаттық сыйлайды»
Дәптермен жұмыс
Дәптерде берілген суреттегі адамдардың көңіл күйі туралы әңгіме құрастыру.
Жүректен жүрекке
Балалар шеңберге жиналып, жақын адамдарына жақсы тілектерін білдіреді.
Сабак 3
Сынып 1
Күні
Сабақ тақырыбы: Арайлап атсын әр таңым
Сабақтың мақсаты:
Әр түрлі көңіл күйді сезіне білуге және мәдениетті қарым қатынас жасауды үйрету
Сыныптастарымен, үлкендермен, жақын адамдарымен жағымды қарым қатынастарын дамыту
Өзін және айналасындағы адамдарды сыйлай және қуанта білуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі дәптер, оқулық,суреттер
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру:
Сәлемдесу
Түгендеу
ІІ Шаттық шеңбер
Балалар шеңбер құрып, бір бірімен сәлемдесіп, жақсы тілектер айтылады
Мәтінмен жұмыс
Оқулықта берілген суреттер бойынша оқушыларға әрбір арайлап атқан таңнын қуанышын сезіндіру мақсатында К.Ушинскийдің «Таңғы сәулелер» шығармасын оқып беру.
Жағдаятты талдау
І Ғазиз бен Тоғжан күнделікті мектеке бірге баратын. Бүгін Тоғжан күндегі уақытта аулаға шықпады. Ғазиз біраз күтті де, Тоғжанға телефон шалды.
Ғазиз бен Тоғжан қалай сөйлесті?
ІІ Марат ауырып сабаққа келмей қалды, сыныптасы Анар үзіліс кезінде Маратқа телефон соқты.
Анар мен Марат телефон арқылы қалай сөйлесті?
ІІІ Шолпан әжесін сағынып телефон соқты, олар қалай сөйлесті?
Ойын жаттығу
Қандай сәлемдесу түрлерін білесіңдер?
Ізгі сөз
Мектепбімізге барғанда
Жолыққан бар жандарға
Ертемен, ақ пейілмен,
Не де ймін мен?
Қайырлы...( таң!) – деймін мен.
Күндіз де елді елеймін.
Не деймін мен?
Қайырлы ... (күн!) тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін.
Не деймін мен?
Кеш ... (жарық!) – деп кіремін.
Тапсырма Сабақта жағымды көңіл күй қалыптастыратын, оқушылардың бір біріне жақсы тілектер айту керек.
Қорытындылау
Балара, арайлап атқан әр таңға шаттанып, өзімізге арнап айтылған жақсы сөздерді естіп, қуанып, айналамыздағыларға да жақсылық тілеп жүрейік. Сонда өзгенің де, өзіңнің де көңіл күйің көтеріңкі болады! Әрбір күнің арайлы болады.
Дәптермен жұмыс
Нүктемен берілген сөздерді бастырып жазыңдар.
Күн мезгілін оларға сәйкес түстермен бояңдар.
Жүректен жүрекке
Оқушылар оқулықтағы «Бала тілегі» өлеңін хормен орындайды.
Бал балалық балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел , достарым, әндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін деп атамекен қара орман.
Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік - ұлан байтақ елімде,
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.
Сабак4
Сынып
Күні
Сабақтың тақырыбы: «Бәрін білгім келеді»
Сабақтың мақсаты:
Оқушы, оқу, білім, туралы түсінік беру
Білімге, оқуға, еңбек етуге құштарлықтарын және ұстазбен өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту
Жақсы оқушы болуға тәрбиелеулеу
Сабақтың көрнекілігі: дәптер, оқулық,суреттер
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру:
Сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу
Үй тапсырмасын сұрау
ІІ Шаттық шеңбер
Оқушылар шеңбер құрып, оқулықтағы өлеңді хормен айтады.
Күзгі қуаныш!
Алақай –ау,
Алақай!
Алақай –ау,
Алақай
Бұдан былай мен енді,
Емеспін жай балақай!
Осыданда көлемді
Оқи алам өлеңді.
Бардым бүгін мектепке,
Оқушымын мен енді!
ІІІ Жаңа сабақ
Әңгімелесу
Балалар, «оқушы» деп кімді айтамыз?
Оқушы не үшін мектепке барады?
Мектептегі ең жақын адамды қалай атаймыз?
Жаңа ақпарат
- Оқушы мектепте оқу оқып, білім алып, еңбек етуді үйренеді. Сондай ақ сыныптастарымен достасады, бір біріне көмек береді, ұстаздарын, тәрбиешілрін, үлкендерді сыйлайды, кішілерге қамқор болады.
Дәйек сөз
«Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар»
Оқушы мектептен оқу арқылы білім, тәлім алады. Оқушы үйренуге,ізденуге, көп білуге, өзін, елін, әлемді тануға құштар болған сайын білімді бола түседі. Сондытан да «Білімді мыңда жығар» - деген сөз бекер айтылмаған
Ойын
«Мен жақсы оқушымын»
Балалардың «оқушы» туралы түсініктерін бекіту мақсатында жүргізіледі. Ол үшін әр оқушы «Мен жақсы оқушымын» деген алқаны мойындарына тағып не себептен жақсы оқушы екенін айтып шығады. Мысалы: Мен жақсы оқушымын өйткені сабақтан кешікпеймін т.с.с
Дәптермен жұмыс
Дәптерге оқу құралдарының суретін салыңдар.
Жаңа сабақты қорытындылау
Балалар біз бүгін оқуға, еңбектенуге сонымен қатар дос болуға үйрендік. Дәйексөзде айтылғандай білімнің арқасында біз көптеген маңызды ақпараттарды білетінімізді түсіндік
Үй тапсырмасы
Күзгі қуаныш жаттау
Жүректен жүрекке
Балалар шеңберге жиналып, «Біз өмірдің гүліміз»
Зеңгір көктен,
Нұрын төккен,
Ортақ біздің күніміз.
Жайдары өскен
Біз - өмірдің гүліміз.
Бал достыққа,
Жолдастықа
Шақырады әніміз,
Тыныштықта,
Нұр құштық та,
Бақыттымыз бәріміз!
Сабак 5
Сынып
Күні
Сабақтың тақырыбы: «Бәрін білгім келеді»
Сабақтың мақсаты:
Оқушы, оқу, білім, туралы түсінік беру
Білімге, оқуға, еңбек етуге құштарлықтарын және ұстазбен өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту
Жақсы оқушы болуға тәрбиелеулеу
Сабақтың көрнекілігі: дәптер, оқулық, «Мен жақсы оқушымын» деген жазуы бар алқа, «қоңырау» пішіндегі ашықхат
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру:
Сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу
Үй тапсырмасын сұрау
ІІ Шаттық шеңбер
Оқушылар шеңбер құрып, бір бірімен сәлемдеседі.
Мектеп – кеме
Білім – теңіз
Барар жерге
Тез жетеміз
ІІІ Жаңа сабақ
Сабақтың міндеті
Балалардың «білім», «еңбек» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту және «сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.
Сергіту сәті
Мектебің мынау – классың (қолдарын екі жаққа жаяды)
Осында он жыл турасың.( он саусағын көрсетеді)
Тарыдай болып кіресің, ( орындарына отырады)
Таудай болып шығасың (қолдарын жоғары көтеріп, орындарынан тұрады)
Ойын
Басты мақсаты бірін- бірі тану, сыйлау арқылы ұжымшылдыққа тәрбиелеу
«Дауыста, даусыңнан танимын»
Ойынның шарты бойынша тақтаға бір оқушы шығып, оның көзін таңады. Қалған оқушылар оны қоршай дөңгелене тұрады.көзі таңыған оқушыны айналдырып, кез келген оқушының қасына апарады, сол оқушы даусын өзгертіп,жақсы, жылы сөздер айтады. Көзі таңылған оқушы сол адамды табуы керек,жаңылса ән, өлең айтады.
Дәптермен жұмыс
Оқушыларға Алпамыс пен Махаббаттың мектепке баратын жолын бояу керек.
Жаңа сабақты қорытындылау
Балалар біз бүгін оқуға, сыйластық деген не екенін білдік. Мектепте көптеген қызықтарды білуге , үйренуге болатынын айттық. Сонымен біз оқу, еңбектенуі, дотастықты үйрендік.
Үй тапсырмасы
Дос болайық бәріміз жаттау
Жүректен жүрекке
Балалар шеңберге жиналып, «Жас дәуірдің түлегіміз»
Бау - бақша, белдер,-
Орман, тау, көлдер –
Көрікті шексіз даламыз.
Дәулеті тасқан,
Сәулеті асқан -
Көңілді ауыл, қаламыз.
Жадырап күндей,
Жайнаған гүлдей –
Бақытты біздер баламыз!
Өзіміз туған,
Көбелек қуған
Өлкеде өсіп, толамыз
Жалықпай оқып,
Көңілге тоқып –
Білімді адам боламыз.
Сабақ 6
Сынып
Өткізілетін күні
Сабақтың тақырыбы: «Достық қымбат өмірде»
Сабақтың мақсаты:
Балаларды достарымен жағымды қарым - қатынас жасауға үйрету
Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым - қатынастарын дамыту
Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: дәптер, оқулық, сюжетті суреттер
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру:
Сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу
ІІ Шаттық шеңбер
Балалар шеңберге тұрып, бір - бірімен күлімдеп сәлемдеседі, оқулықтағы «Дос болайық бәріміз» өлеңін хормен айтады.
Дос болайық бәріміз!
Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.
Ту ғып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер!
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру
«Достық», «Өзара сыйластық» ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу.
ІІІ Жаңа сабақ
Тапсырма
Оқушыларға оқулықта берілген «Менің достарым» тақырбына әңгіме құрастыру тапсырылады.
Дәйексөз
«Жүз теңгең болғанша – жүз досың болсын»
Достықтың қадірін білген, оның мәніне терең үңіле білген халқымыз осы мақал сөзді әрдайым өнеге етіп айтып отырған. Достық қашанда бәрінен де қымбат. Мақалдың мағынасынан егер қалтаңда жүз теңгең болса, оны керегіңе жұмсайсың, ол тез таусылып қалады. Ал соншама досың болса, ол сені әрдайым қуанышқа бөлейді, әр уақытта қасыңнан табылады, сенімен әрдайым бірге болады.
Жағдаяттарды талдау
Оқушыларға оқулықтағы суреттер арқылы берілген жағдаяттарды талдау ұсынылады. Балалар суретке қарап «Суреттегі кейіпкерлер бір - бірімен қайткенде достаса алады?» деген жағдаяттардың шешімін табу керек. Суретте өздеріне таныс, мультсериалдардан көріп жүрген кейіпкерлер берілген. Олар үнемі бір - бірімен түсінісе алмай, бір - бірімен келісімге келмей, шым - шытырық оқиғаға тап болып, қашан көрсең де бірін - бірі қуып, бір - бірімен алысып жүретін кейіпкерлер. Ендеше, балалар осы кейіпкерлерді достастырудың амалдарын тапқандары дұрыс.
Дәптермен жұмыс
Өз досыңа арнап сурет салу керек.
Қорытындылау
Балалар, біз бүгінгі сабақта достық жайлы әңгімелестік. Өзіміздің достарымызды есімізге алдық. Достар арасындағы өзара көмек, өзара сыйластық туралы білдік. Достарымызды сыйлауды бір бірімізден кешірім, рұқсат сұрауды, қолда бар заттармен бөлісуді, сыныптастарды ренжітпеуді, өзара көмектесуді барлығымыз білсек және соны көрсете алсақ, онда біз сыйлы ұйымшыл, тату боламыз.
Жүректен жүрекке
Балалар шеңберге жиналып, «Біз өмірдің гүліміз»
Зеңгір көктен,
Нұрын төккен,
Ортақ біздің күніміз.
Жайдары өскен
Біз - өмірдің гүліміз.
Бал достыққа,
Жолдастықа
Шақырады әніміз,
Тыныштықта,
Нұр құштық та,
Бақыттымыз бәріміз!
Сабақ 7
Сынып
Күні
Сабақтың тақырыбы: «Достық қымбат өмірде»
Сабақтың мақсаты:
Балаларды достарымен жағымды қарым - қатынас жасауға үйрету
Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым - қатынастарын дамыту
Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеулеу
Сабақтың көрнекілігі: дәптер, оқулық, сюжетті суреттер
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру:
Сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу
ІІ Шаттық шеңбер
Оқушылар шеңбер құрып, бір – бірін көргендеріне қуанышты екендерін білдіру үшін, бір- біріне жақсы тілек, жылы сөз айтады:
- Бекасыл, сен мейірімдісің!
-Ақнұр, сен сондай сүйкімдісің!
- Қуаныш, сен маған ұнайсың!
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру
«Достық», «Өзара сыйластық» ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу.
ІІІ Жаңа сабақ
Мәтінмен жұмыс
Оқушыларға достық, өзара сыйластық құндылықтарының мағынасын кеңірек түсіндіру мақсатында «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегісін әңгімелеп беру
Мәтін бойынша сұрақтар
Балалар, қарлығаш неге ренжіді?
Не себепті көкек пен қарғаны достар деп айтуға болмайды?
Дәуіт пен Қарлығаш қалай достасты?
Тыныштық сәті.
Балалардың өзінің ішкі көңіл күйіне, сабақ барысында алған әсерлерін сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті ұйымдастырылады.
Ойын «Мен қандай баламын»
Тақтаға күн тәріздес сары дөңгелек ілінеді. Алдын ала оқушыларға сары жолақтар (шуақ) таратылады. Әр оқушы сол шуақты алып тақтаға ілер алдында достарының жақсы жақтарын айтып іліп шығады.
Нәтижесін қорытындылау:
Балалар, бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толып жарқыраған шуағы мейіріммен төгілген күн құрастырдық. Күн шуақтары бізге жылылық сыйлап тұр. Біз де сол күн сияқты достарымызға және өзімізге тек қана жақсылық сыйлайық.
Дәптермен жұмыс
Дәптерде берілген «Досыңмен кездескенде сөзді неден бастайсың?» тапсырмасын орындау.
Қорытындылау
Балалар, достарымызбен болған әрбір күн бізге қуаныш, жақсылық сыйлайды. Достар қашанда бір біріне жақсы тілек білдіріп, жылы сөздерін арнайды. Біз де достарымызбен бірге қуанып, айналамыздағыларға тек жақсылық тілеп жүрейік. Сонда өзіңнің де достарыңның да көңіл күйі көтеріңкі болады.
Жүректен жүрекке
Балалар шеңберге жиналып, «Біз өмірдің гүліміз»
Зеңгір көктен,
Нұрын төккен,
Ортақ біздің күніміз.
Жайдары өскен
Біз - өмірдің гүліміз.
Бал достыққа,
Жолдастықа
Шақырады әніміз,
Тыныштықта,
Нұр құштық та,
Бақыттымыз бәріміз!
Сабақ 7
Сынып
Күні
Сабақтың тақырыбы: «Достық қымбат өмірде»
Сабақтың мақсаты:
Балаларды достарымен жағымды қарым - қатынас жасауға үйрету
Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым - қатынастарын дамыту
Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеулеу
Сабақтың көрнекілігі: дәптер, оқулық, суреттер,
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру:
Сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу
ІІ Шаттық шеңбер
Оқушылармен сәлемдесіп, шеңбер құрып, бір – бірін көргендеріне қуанышты екендерін білдіру үшін, бір- біріне жақсы тілек, жылы сөз айтады:
- Бекасыл, сен мейірімдісің!
-Ақнұр, сен сондай сүйкімдісің!
- Қуаныш, сен маған ұнайсың!
Балалар бүгін сендердің көздеріңнен мейірімділіктің, жақсылықтың, қамқорлықтың, сүйіспеншіліктің белгісі көрінеді олай болса осы қалыптарыңмен орындарыңа жайғасыңдар.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру
«Достық», «Өзара сыйластық» ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу.
ІІІ Жаңа сабақ
Мәтінмен жұмыс
Оқушыларға достық, өзара сыйластық құндылықтарының мағынасын кеңірек түсіндіру мақсатында «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегісін әңгімелеп беру
Мәтін бойынша сұрақтар
Балалар, қарлығаш неге ренжіді?
Не себепті көкек пен қарғаны достар деп айтуға болмайды?
Дәуіт пен Қарлығаш қалай достасты?
Тыныштық сәті.
Балалардың өзінің ішкі көңіл күйіне, сабақ барысында алған әсерлерін сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті ұйымдастырылады.
Ертеде бір бағбан болыпты. Оның ауласында үлкен бағы болыпты. Бақтың ішінде көп жеміс ағаштары бар екен. Алайда оған күннің шуағы, жылуы жетпегендіктен ол жеміс ағаштары жеміс бермейді екен. Біз сол бақтағы жеміс ағаштарына көмектесу үшін сапарға шығайық. Ол үшін бәріміз көзімізді жұмып, армандайық. Бізге қанат бітіп аспанда қалықтап ұшып келеміз. Аспан әлемінде біз жалғаз емеспіз.жарқырап күн шығып біздің достығымызға күлімдеп , қызығы қарап бір шуағын сыйлайды. Кенет бізге алыстан бір бұлыңғыр , күңгірт, көңілсіз бейне бақ көрінді. Бақтың іші сондай керемет, жап жарық болып кетті. Бақты жарық еткен біз алып келген күннің шуағы екен. Бақ пен күннің шуағы екеуі достасып ағаштар жеміс бере бастады. Олай болса осы қалыппен сыныбымызға оралайық.
Ойын «Достық мектебі
Ойын шарты: Арқанның үстінен достарының атын атап «Достық мектебіне» барады.
Көпірден біз өтеміз
Достық мектебіне жетеміз.
Көпірден өткін ақырын
Айт досыңның аты кім?
Көпірден түгел өттік біз,
Достық мектебіне жеттік біз.
Балалар тақтаның жанына келіп, жануар, ағаш, құстар т.с.с суреттерден алады.
Дәптермен жұмыс
Дәптерде берілген «Досыңмен кездескенде сөзді неден бастайсың?» тапсырмасын орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |