8 сынып. Қазақ әдебиеті.
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы.
«Бостандық таңы атты».
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Шәкәрім өмірбаянын, өлеңін меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, өлеңінің идеялық мазмұнын анықтау.
2. Әр оқушының өзіндік ой - қиялына ерік бере, өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру арқылы таным – түсініктерін, сөйлеу мәдениетін дамыту, мәнерлеп оқи отырып талдау;
3. Адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіру, отаншылдықты тәрбиелеу, ұлы адамнан өнеге алу.
Сабақтың типі: жаңа білім меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: жарыс сабағы.
Сабақтың көрнекіліктері, оқу техникалық құралдары: интерактивтік тақта (флипчарт).
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих сабақтары.
Сабақтың әдіс – тәсілдері; топтық жұмыс, жеке жұмыс, жарыс, интервью, талдау.
Пайдаланған технологиялар: модульдік технологиясы, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, жеке тұлғаға бағытталған технологиясы, ойын технологиясы.
Сабақ барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Мақсаттылық қою.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
Қазақ әдебиеті сабағында не істейміз, не білеміз, не үйренеміз?
2 топқа бөліну:
Мен топ жетекшілерін атап өтемін.
оқушылар өздері бір – бірін қалайды, құшақтап тұрады, содан соң топ жетекшісі қалғандарын өз тобына алады. – бағалау парағын үлестіру.
ІІІ Жаңа тақырып меңгеру кезеңі.
Не білемін?
|
Не білдім?
|
Қайда пайдаланамын?
|
|
|
|
Жаңа сөздермен жұмыс (58б) – флипчарт
Өмірбаяны бойынша жұмыс – топтық жұмыс – мақаланы екі абзацты – бір – біріне сұрақтар қояды.
1 топ – 52 беттегі мақаланың 1 бөлімін оқып, сұрақтар құрастырады.
2 топ – 53 беттегі мақаланың бөлімін оқып, сұрақтар құрастырады. (10 минут)
«Қай топ белсенді жұмыс жасайды»? – мақсат қою.
«Ұлы тұлғалар» атты телебағдарламадан үзінді (Поворознюк,
Захаров) – (7 минут)
Балалар, біздің студиямызға құрметті қонақ келіп отыр. Оның атын біліп отырсыңдар. Бұл Шәкәрім Құдайбердіұлы. Қарсы алайық. Құрметті Шәкәрім аға, біздің көрермендер Сізбен танысқысы келіп отыр, олар Сізге бірнеше сұрақ қояды.
Құрметті Шәкәрім аға, Сізге көп рақмет.
Венн диаграммасы бойынша жұмыс жасау.
Абай – Шәкәрім – ұқсастығы, айырмашылығы. (5 минут).
Қорғау.
Мұғалім: Шәкәрім қажы атанған кісі. Шәкәрімнің өмірінің соны өте қайғылы болды. Оның достары да, жаулары да көп болды. Көре алмайтын, оның өміріне, табыстарына, қызғанатын, өсек тарататын кісілер де болды. Бір кеш жаулар Шәкәрімді өлтіріп, оның денесін құр құдыққа тастап кеткен, бірнеше күннен соң сол құдықта оны тапқан, жерлеген. Көп жылдар бойы оның шығармашылығына түгіл, атына да тыйым салынды. Оған– халық жауы деген жала жабылып, тек қана 1988 жылы ақталды.
Топ жетекшілер жарысы: синонимдер.
Өлеңмен жұмыс жасау. (57, 58 бб.) (15 минут)
Өлеңді мұғалім оқиды.
Іштей оқиды.
1 - 2 жақсы оқитын оқушы оқиды.
Тілдің көркемдегіш құралдарын еске алу. (флипчарт)
Өлең талдау. Әр топ өз бетінше талдайды .
1 топ - өлеңнің тақырыбы, өлеңнің идеясы; лириканың түрі, өлеңнің жанры
2 топ - тілдің көркемдегіш құралдары: көріктеуіш, теңеу, аллитерация, ассонанс, кейіптеу, анафора, эпифора райлар
Қорғау.
ІҮ Рефлексия
Не білемін?
|
Не білдім?
|
Қайда пайдаланамын?
|
|
|
|
Ү. Үйге тапсырма- деңгейлік тапсырма.
1 деңгей - эссе жазу
2 деңгей – өлең жатқа оқу
3 деңгей – өлеңді мәнерлеп оқу
Лисаков қаласы әкімдігі ББ «№1 орта мектебі»ММ
Қалалық семинар
Қазақ әдебиетінен ашық сабақ.
Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Бостандық таңы атты» өлеңі.
8 сынып.
Мұғалім Сулейманова Р.А.
Лисаков қаласы, 2013 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |