Сабақтың тақырыбы: «Шоқан – қазақ халқының тұңғыш ғалымы».
Сабақ эпиграфы: «Шоқанның ұлылығы соншама, біз оны енді ғана
толық түсіне бастағандаймыз».
Ғ. Мүсірепов
Сабақтың мақсаты: а) білімділік Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі, өмір сүрген ортасы, ғылымға қосқан үлесі жайлы оқушылардың шығармашылық жұмысы арқылы кең түрде мағлұмат беру;
ә) дамытушылық Шоқан еңбектерінің құндылығы, ғылымға қосқан үлесі
жайлы талдау;
б) тәрбиелік Оқушылардың бойында еліміздің біртуар ұлы ғалымы Шоқанның өміріне деген қызығушылық сезіміне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ізденіс - сабақ
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ізденушілік, зерттеушілік іс-әрекеттері, баяндау,
сұрақ-жауап,
Көрнекі құралдар: Ш.Уәлихановтың шығармалар жинағы, слайдтар, баспасөз материалдары, тарихи шығармалардан үзінді, буклеттер, схемалар, карта, суреттер, үлестірме қағаздар.
Пәнаралық байланыс: тарих, география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
а) Оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сұрау;
ә) Оқушыларды тізім бойынша түгендеу;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
- Балалар, өткен сабақта Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығымен танысқан болатынбыз. Бүгінгі сабағымыздың – күнделікті сабақтардан өзгешелігі бар. Бүгін біз «Шоқан - қазақ халқының тұңғыш ғалымы тақырыбында өтеміз. Бұл сабақтың өзіндік ерекшелігі оқушыларға алдын ала тапсырма беріліп, ізденіс жұмыстарын сабаққа пайдаланып, оқушы пікірі тыңдалады. Оқушылар үш топ болып жұмыс атқарады. 1 топ Тарихшылар Шоқанның өміріне тоқталады 2 топ. Әдебиетшілер Шоқанның шығармашылығына тоқталады. Ал 3 топ Саяхатшылар Шоқан жасаған саяхаты туралы сіздерге түсіндіреді.
Сабағымызды бастамас бұрын оқушылар сіздердің дайындаған материалдарыңызға қосымша көмек болсын деп, Шоқан туралы видео дайындап әкелдім. 10мин.
ІІІ. Сабақ жоспары
Шоқанның өмірбаяны, ата-тегіне тоқталу.
Білім алған ордасы
Ш. Уалихановтың қоғамдық қызметі
Шоқан - әдебиетші (халық ауыз әдебиетін, ертегілерді, мақал – мәтелдерді, эпостық жырлар мен ғашықтық жырларды зерттеуі)
Шоқан – саяхатшы
Шоқан - суретші
Оқушылар арнайы дайындаған слайдтарын көрсетеді. 9 мин.
Барлық топтар сабаққа жақсы дайындалып келіпті.
Балалар біз Шоқан туралы көп айтып жатырмыз, енді өздерің айтып өткен «Жоңғария очерктері», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Жарық жұлдыз» тағы да басқа еңбектерінің ішінен оқығандарың бар ма? Оқыған болсаңдар осы еңбектері туралы айтып өтіңдер.
Әр топ өз оқыған еңбегі 9мин.
ІV. «Артығын тап!» (ауызша орындалатын тапсырма)
Шоқан Уәлиханов ...
|
Ғалым
|
Құрылысшы
|
Саяхатшы
|
Шоқан Уәлиханов саяхат жасаған жерлер...
|
Қашқарияға
|
Ыстықкөлге
|
Текеліге
|
Шоқан Уәлиханов шығармалары
|
«Абай жолы»
|
«Манас»
|
“Алты шаһарға сапар”
|
Шоқан Уәлихановтың ескерткіші орнатылған жер
|
Алтынемел
|
Астана
|
Алматы
|
Ой толғау. «Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел» шағын эссе жазу. 5 мин.
V. Үлестірме карточкаларымен жұмыс. Хронологиялық кестені толтыру
3 мин.
Уақыты
|
Іс-әрекет
|
1858-1859 жылдары
|
Шоқан атақты Қашқария сапарына барып қайтты.
|
1835 жылдың қараша айында
|
Қазіргі Қостанай облысы, Құсмұрын бекінісінде дүниеге келді
|
1857 жылы
27 ақпанында
|
Семенов Тянь-Шанскийдің ұсынуымен Шоқан Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне сайланады
|
1971 жылы
|
Көкшетау қаласында Ш.Уәлихановтың мүсіндік ескерткіші орнатылды
|
1853 жылы
|
Шоқан Уәлиханов Омбы кадет корпусын бітіреді. Омбы қаласында өзінің әскери қызметін бастайды.
|
1859-1861 жылдары
|
Петербургте болған Шоқан Уалиханов әртүрлі әскери ғылыми мекемелерде қызмет істейді.
|
1855 жылы
|
Шоқан Уалиханов Омбыдан Семей, Аягөз, Қапал арқылы Іле Алатауынан өтіп, Жоңғар қақпасына дейін келеді, қайтарда Алакөл, Тарбағатай жерлерін аралайды.
|
1865 жылы 10 сәуірде
|
Шоқан Уалиханов ұзаққа созылған аурудан қайтыс болады.
|
1856 жылы
|
Шоқан Уалиханов полковник М. М. Хоментовский басқарған әскери – ғылыми экспедицияға қатысады.
|
1847 жылы
|
Шоқан Сібірдегі ең таңдаулы оқу орындарының бірі саналатын Омбы кадет корпусына оқуға түсті.
|
Берілген материалдар бойынша төмендегі кестені толтырыңдар (топқа кесте таратылады)
3 мин.
Аты –жөні,
ғылыми қызметі
|
Өмір жылдары, туған жері
|
Орыс ғалымдарымен
байланысы
|
Алған білімі
|
Қызметі
|
Зерттеу саласы
|
Еңбектері
|
|
|
|
|
|
|
|
Тест тапсырмасы. 3 мин.
Салыстыру. 2 мин.
Шоқан
|
Абай
|
Қазақ халқының демократ – ағартушысы, ұлы ойшылы, тарихшы, этнограф, географы, саяхатшысы. Өмірден ерте 29 жасында кетті. Артында баласы қалмаса да халық Шоқанды ұмытпайды, себебі артында қалдырған мол мұрасы бар.
|
Ұлы ойшыл, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Өмірден 59 жасында кетті. Артына мол мұра қалдырды. Шоқанмен салыстырғанда балалары қалды.
|
Сабақты қорытындылау.
INSERT әдісін пайдаланып, Шоқан Уалиханов туралы кестені толтырыңдар.
V
|
+
|
-
|
?
|
Бұрыннан білемін
|
Жаңа ақпарат
|
Менің ойлағаныма қайшы, кереғар
|
Маған түсініксіз.
Білгім келеді.
|
|
|
|
|
Оқушыларды бағалау.
Үйге: Өздерің қалаған шығармасын оқып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |