Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, кітаптар,электронды оқулық
Пәнаралық байланыс : тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
Қорқыт ата өлімне қашып құтыла алды ма?
Өмірде өлмейтін не нәрсе?
Ежелгі дәуір әдебиетін неше кезеңге бөлеміз?
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Оғыз қаған жыры туралы түсінік беру.
«Оғыз қаған» жырында сөз болатын оқиғалардың түпкі желісі заманымыздан бұрын да айтылып келген. Оғыз мемлекетінің дәуірлеген кезінде (ІХғ) жинақталып, кейінірек ХІV ғасырда хатқа түскен.
«Оғыз қаған» жырында бүкіл оғыз-қыпшақ тайпаларының тарихында болған оқиғаларды бір адамның басына жинақтап береді. Қыпшақ, қаңлы, қарлұқ, қалаш ру-тайпаларының шығу тегін жеке кісілердің оқиғасымен байланыстырады.
Жырда оғыздардың Көк тәңіріне табынып, өздерін Көк Бөріден тарататынын аңғаруға болады. Оғыздың Үрім қағанға (Византия) жорығын Көкжал бөрі бастап отырады. Оғыздың өзі көк өңді, әйелінің көзі көктен де көгіріек, шашы теңіз толқындай болып суреттелуі көк түсті қасиетті деп санаудан туған.
Оғыздың ақылшы-кеңесшісі Ұлық Түрк-Қорқыт ата, Тоңұқұқ, Бұқар сияқты жырау. Ол-ақ сақалды, ақ шашты, өнерлі, сәуегей кісі.
Жырда Оғыздың анасының аты-Айқаған, әкесі аталмайды. Түркілердің салтында қыздардың атына хан, төре, бек, сұлтан деп қосып айта берген (Ханзада бегім, Рабиға сұлтан бегім, Ай бегім, т.б.)
«Оғыз қаған» жырының құрылысы қазақ эпостарымен ұқсас келеді. Батырлық жырлардағыдай:
Достарыңызбен бөлісу: |