|
|
бет | 13/45 | Дата | 06.01.2022 | өлшемі | 74,95 Kb. | | #110095 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: 8 сынып казак адебиет3. Сөздік жұмысын жүргізу.
Айқаған –Оғыздың анасының аты.
Көзі жарыды – қуанды деген мағынада
Қат – ормандағы тажал аң
Алтын қазықтай – Темірқазық жұлдызы
Тұрысу – соғысу
Мұзтау – Алтай жағындағы тау болуы керек.
Шөк болу – тізесін бүгу. Бұл сөз бұрын адамға да айтылған, қазір малға ғана айтылады. Мысалы: түйе шөкті.
Етіл – Еділ өзені. Бұл өзенді түркілер Етіл, Атыл деп атаған.
Атилла – Еділдің шығыс жағынан шыққан батыр.
Ұлық –ұлы
Жай – садақтың жағы
Күншығар жер – күншығыс.
Күнбатар – батыс.
Қайталау сұрақтары: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Оғыз қаған жырының идеясы қандай?
Жырдың кейіпкерлері кімдер?
Жырдың қысқаша мазмұны?
Проблемалы сұрақ. Оғыз қаған жырының көркемдік ерекшелігі мен тәрбиелік мәніне қандай баға бересіңдер?
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Оғыз қаған жырын оқып келу, мазмұндау.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Ислам дәуіріндегі әдебиет
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|