ІІ.Білім І топ:Композициялық құрылысы.Идеялық мазмұны. «Ақиқат сыйы» дастанының қазақ тіліндегі прозалық және поэтикалық аудармасын жасағандар Ә.Құрышжанов пен Б.Сағындықов болды.Ол –дидактикалық сарындағы шығарма. Дастан сюжетке құрылған емес.шығарманың әрбір тарауында белгілі бір мәселе жөнінде әңгіме болады, автор оқушысына тиісінше ақыл-кеңес беріп отырады. Бұл дастан өзінің көтерген тақырыбы мен идеялық мазмұны жағынан ақын өмір сүрген қоғамдағы моральдық ұғымдар мен мінез-құлық нормаларының жиынтығы болып келеді.
Шығарма авторы оқушысына мынадай ғибраттар айтады:
---адам адал өмір сүруі тиіс;
---сараң болмауы ,жомарт жанды болуы керек ;
---білікті,жан-жақты білімді болуы керек ;
---білімді кісіні қадірлеуі қажет.
Дастан 254 бәйіттен тұрады.Мұның бәрі 14 тарауға бөліп берілген.Дастан Алланы,Пайғамбарды және төрт сахабаны мадақтаудан басталады.