Сабақтың тақырыбы : Сөз құдыреті Сабақтың мақсаты



бет20/45
Дата06.01.2022
өлшемі74,95 Kb.
#110095
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45
Байланысты:
8 сынып казак адебиет

Сабақтың түрі: іздену-зерттеу сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: деректер,әдеби материалдар,слайдтар,дидактикалық материалдар.
Сабақтың әдісі: баяндау, іздендіру, талдау, салыстыру, топтастыру,сұхбат.
Пән аралық байланыс:Тарих,өзін-өзі тану.
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылардың назарын аудару,сабақтың өтілу ретімен таныстыру,топқа бөлу.
ІІ.Үй тапсырмасы.

А.Йүгінекидің өмірі мен шығармашылығына шолу және дастанның негізгі тақырыбы мен идеясын , көркемдік ерекшелігін анықтау тапсырылған болатын.
Зерттеу жұмысын қорғау бағыттары:
Білім (тақырыпты зерттеу,аша білуі)
І топ:Дастанның композициялық құрылысы мен идеялық мазмұны
ІІ топ:Дастанның көркемдік ерекшелігі.
ІІІ топ:Дастандағы оқу-білім тақырыбы.
Жаңа сабақ.
Балалар,Ислам дәуірінің моральдық, дидактикалық мәселелерін зор білгірлікпен жырлаған сөз зергерінің бірі А.Йүгінекидің өмірі мен шығармашылығымен танысайық.
А.Йүгінеки  ХІІ ғасырдың орта кезінде өмір сүрген көрнекті ақын. Ақынның туған жері- Түркістан қаласының маңындағы Жүйнек деген елді мекен.
Шын есімі: Әдіб Ахмет,анасынан соқыр болып туылған. Ақынның бізге жеткен жалғыз туындысы – «Хибатул хақайық» 
(Ақиқат сыйы)
Ахмет Әдіб – атым, үлгі – сөзім,
Қалады мұнда сөзім, кетем өзім. 
Күз келер, жаз да кетер,өмір де өтер,
Сонымен жұмылар екі көзім.
Ей, досым,жаздым кітап түркішелеп,
Мейлің сөк, мейлің қала ерекшелеп .
Артымда ат қалсын деп жаздым мұны,
Ғажайып таңсық сөзбен ерекшелеп.
Ақынның тарихи маңызы зор , құнды мұрасы «Ақиқат сыйы» дастанының көркемдік ерекшелігі, идеясы туралы ой қозғап,пікір алмасайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет