ІІ топ.Дастанның көркемдік ерекшелігі.
А.Йүгінеки – әрбір сөзді ажарлап та,құбылтып та шебер пай-
далана білетін сөз зергері. Ақын өзі баяндап отырған құбылыс-
тың ерекше белгілерін ажарлап,көркіне көрік қосып суреттеу үшін теңеу әдісін қолданған.Мыс:Ыспаһсаларды – теңізге,ал
өзін жауын тамшысына теңейді.Ал мұндай тамшылар теңізге құйылып,қымбат маржанға айналады дейді.
Ақын екі бірдей ұғымды,құбылысты қатар қойып жұптап суреттейді,сөзді айшықтап қолданудың түрі - параллелизм әдісіy пайдаланады.
Өмір тәтті,бүгін қолың жеткенде,
Удай ащы , ертең тастап кеткенде.
Қайда балы – сонда арасы бір жүрер,
Балдан бұрын татып көрші зәрінен.
Достарыңызбен бөлісу: |