1.Рабғузидің (ХІVғ) өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат.
2.Қиссаларын әңгімелеу:
1)«Қарлығаштың адамға достығы»
2)«Лұқман Хакім»
3. Оқулықтан 36-40-беттерді оқу.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Сәйф Сараи туралы әдеби білім беру.
Сәйф Сараи Алтын Орданың Сарай қаласында туып, Египетті қыпшақ нәсілді Бейбарыс сұлтан билеп тұрған кезде білім іздеп, сонда барады. Өзі: «Қамысты» деген жұрт менің туған елім еді»,-дейді. Қамысты аталатын мекендер қазақ жерінде өте көп, сондықтан дәл қайда туғаны әзір анықталған жоқ.
Сәйф Сараи «Түркіше Гүлстан» (арабша аталуы: «Гүлстан би-т-түрки) атты кітап жазған. Бұл- парсы ақыны Сағдидің «Гүлстан кітабынан» (1258ж) түркі тіліндегі аударма нұсқасы.
Кітап сегіз тарау, кіріспе, қорытындыдан тұрады. Алғашқы жеті тарауы бөлек-бөлек қысқа әңгімелерден құралған. Сегізінші тарауы нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді жинақтаған. Ежелгі әдебиет дәстүріне сай, қара сөзбен жазылып (проза), арасына өлеңдер кірістіріліп отырған. Тараулары: «Патшалардың өмірі туралы», «Азға қанағат етудің артықшылығы», «Махаббат пен жастық», «Кәрілік пен әлсіздік», «Тәрбиенің ықпалы», «Қарым-қатынас ережелері» т.б. деп аталады.