ІV. Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс
«Қарлығаштың адамға достығы», «Лұқман Хакім» қиссаларын мәнерлеп оқу, талдау.
Қарлығаштың адамға достығы
Нұхтың кемесінің түбін тышқан тесіп қояды. Тесіктен кемеге су кіреді. Сонда Нұх: "Кімде-кім тесікті бекітсе, тілегін орындаймын", — дейді. Бір жылан шығып, тесікті бітейді, Ол Нұхқа келіп: "Дүниеде ненің еті тәтті болса, соны бер!" — дейді. Ненің еті тәтті екенін татып білу үшін Нұх масаны жібереді. Күтеді, Ол кешігеді, Масаны тауып алуға карлығашты жұмсайды. Қарлығаш масаны тауып алып: "Ненің еті тәтті екен?" » деп сұрайды,
— Бәрін татып көрдім, адамның етінен тәттісін көрмедім, — дейді.
Қарлығаш: "Оның дәмі тіліңде бар болар, мен көрейін, аузыңды ашшы", « дейді. Маса аузын ашады.
Қарлығаш тұмсығымен масаның тілін жұлып алады. Екеуі Нұхқа келеді. Маса қатты-қатты үн шығарғанымен, быжылдап ештеңе түсіндіре алмайды. Нұх:
Бұл не айтып тұр, неге сөйлемейді? дейді. Қарлығаш:
- Маған айтқан. Құрбақаның еті тәтті деп тұр, -дейді. Жылан содан кейін құрбақаның етін жейтін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |