Бекіту сұрақтары: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Махмұт Қашқари ғылымның қандай саласымен айналысқан?
Қашқари сөздігінің қазіргі екезде құндылығы неде?
ХІ ғасырда басқа елдерден шыққан ғалымдар бар ма?
V. Үй тапсырмасын беру.
1. Махмұд Қашқаридің «Қордайдың аққу-қазы қаңқылдайды» өлеңін жаттау
2.Оқулықтан 33-36 -беттерді оқу.
VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VII. Сабақтың аяқталуы.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Рабғұзи. Қиссалары (үзінділер)
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың орта ғасырлар әдебиеті туралы әдеби білімдерін кеңейту, Рабғузидің өмірі мен шығармашылығын меңгерту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, имандылыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: |