Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: талдау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: Ежелгі дәуір әдебиеті
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Махмұд Қашқаридің «Қордайдың аққу-қазы қаңқылдайды» өлеңін жаттау
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Рабғузидің өмірі мен шығармашылығы.
Қазақ жерінде ХІІІ –ХІV ғасырларда Алтын Орда мемелекеті құрылды. Түркілердің ол кезде де өзіндік әдебиет-мәдениеті болды. Сол дәуірде түркі тілінде жазылған оннан астам кітаптар бар. Олар: «Қисса Жүсіп», «Махаббатнама», «Жұмжұма сұлтан», «Хұсрау-Шырын», «Түркіше Гүлстан» және Рабғузидің «Қисас-ул-әнбиа» кітабы (Әулие-әнбиелер туралы қиссалар).
Рабғузидің 1370 жылы жазылған қиссалар кітабы- ежелгі шығыс мифтері мен аңыздары, өлең-әңгімелерінің жинағы. Кітаптағы әңгімелер бүгінге дейін қазақ ертегілері түрінде айтылып келеді.
Кітапта табиғат, жаратылыстың пайда болуы, әулие-әнбиелер, пайғамбарлар туралы, діни қайраткерлер жайлы баяндалған. Адам Ата мен Хауа Ананың топырақтан жаралуынан бастап, Нұх, Ыдырыс, Ибраһим, Смағұл, Жақып, Жүсіп, Дәуіт, Сүлеймен, Мұхаммед пайғамбарлардың өмірінен алынған ғибратты әңгімелер мол. Бұлар – шығыста бұрын-соңды көп айтылып-тараған сюжеттер. Оны Рабғузи түркі тілінде жазып шыққан. Сонымен бірге өз жанынан шығарған өлеңдері де бар.
Достарыңызбен бөлісу: |