Сөздікпен жұмыс: Тауғаштар-қытайға қараған түркі тайпалары
Тоңықұқ-алғашқы заң шығарушы деген мағынада
Кітаппен жұмыс: Орхон ескерткішін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.
Тәңір текті, Тәңірден жаралған,
Түрк Білге қаған.
Бұл шақта отырдым,
Сөзімді түгел есітіңдер:
Бүкіл жеткіншегім, ұланым,
Біріккен әулетім, халкым.
Оңымда шад, апа бектер,
Солымда тархан, бұйрық бектер.
Тоғыз оғыз бектері, халқы,
Бұл сөзімді мүқият тыңда,
Терең ұқ!
Өтүкен қойнауының нағыз иесі жоқ еді, бірақ ел тұтатын жер осы Өтүкен қойнауы еді.
(Дәл) осы жерде отырып,
тауғаш халқымен табыстым.
Алтынды, күмісті, дақылды, жібекті соншама шексіз беріп жатқан тауғаш халқының сөзі тәтті, бұйымы асыл еді.
(Олар) тәтті сөз, асыл қазынасын беріп, жырақтағы халықты (өзіне) сонша жақындатар еді.
Ақылды кісілерді, батыл кісілерді тауғаштар қозғай алған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |