Сабақтың тақырыбы : Таңдау операторы Сабақтың мақсаты



бет1/4
Дата20.04.2017
өлшемі0,59 Mb.
#14186
түріСабақ
  1   2   3   4
Күні:____

Сынып: 9а

Сабақтың тақырыбы: Таңдау операторы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға таңдау операторы туралы жалпы түсінік беру,таңдау операторының негізгі қызметші сөздерімен, оның жазылу формаларымен таныстару.

Дамытушылық : Оқушылардың ойлау қабілеттерін, белсенділіктерін арттыру, есепті жүйелі түрде шығаруға дағдыландыру.

Тәрбиелік: компьютер сыныбында қауіпсіздік ережесін сақтауға, тапсырманы дер кезінде орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Көрнекілігі: тақтадағы сызбанұсқа

Әдебиеттер: 1.9 сынып «информатика және есептеу техникасы негіздері»

Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова

2. 9 сынып «Есептер және жаттығулар жинағы»
Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Сәлеметсіңдер ме балалар? Отырыңдар. Сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?

  3. Жаңа тақырып өту.

Ал, енді бүгінгі біздің жаңа тақырыбымызға көшейік. Жаңа тақырып «Таңдау операторы». Барлығымыз дәптер, кітаптарымыздағы 83 бетті ашамыз. Бүгінгі тақырыпты, күнді жазамыз.

Таңдау операторы бірнеше оператордың ішінен таңдау жолымен көп тарамды тармақталуды ұйымдастырады. Тармақталу берілген логикалық мәнге ие болатын өрнек түріндегі шартты тексеруден басталады, өрнек мәндері таңдап аланған типтердің бірі болатын бүтін, символдық, логикалық типтердің бірінде жазылады. Бұл өрнек оператор орындалар кезінде белгілі бір мәнге ие болуы керек. Егер өрнектің есептелген мәні көрсетілген мәннің біріне сәйкес келсе, сол қатардағы оператор орындалады.



CASE таңдау операторы көп тармақты алгоритмдерді барынша қарапайым және көрнекі түрде жазуға мүмкіндік береді. Оның құрамында селектор ( selector- таңдау) деп талатын өрнек және параметрлер тізімі болуы тиіс, әрбір параметрге сәйкес таңдау тұрақтылары болуы тиіс.

Таңдау операторы төмендегідей түрде жазылады:

Case <селектор-өрнек> of



<1- тұрақты>: <1- оператор>

<2- тұрақты>: <2- оператор>

...........................................



:

Else

End.

Таңдау операторы былай орындалады. Алдымен, селектор- өрнек мәні есептеледі де, ол тұратылармен салыстырылады. Егер өрнектің мәні 1- тұратыға тең болса, онда 1- оператор орындалады, ал өрнектің мәні 2- тұрақтыға тең болса, онда 2 – оператор , 3- тұрақтыға тең болса, онда 3- оператор т.б тізімдегі тек бір ғана оператор орындалады да, таңдау командасы осымен орындалады.Егер селектор - өрнектің мәні ешбір тұрақты мәніне сәйкес келмесе, онда else сөзіненн кейін тұрған оператор орындалады. Кейде оператор құрамында else қатары болмайды, онда end сөзінен кейінгі тұрған жол орындалады.



Өрнектің және тұрақтылардың мәндері бір типке жатып, олар бүтін сандық, логикалық немесе символдық типтердің бірі болуы тиіс.

CASE операторын қолданғанде келесі ережелерді есте ұстаған жөн:

  1. CASE сөзінен кейінгі өрнек мәні дискретті типке ( лат. Discretus – үзікті, өсуі не кемуі бойынша бөліп алуға болатын) жатуы тиіс, бүтін санда тип үшін ол integer болады.

  2. Операторлар алдындағы тұрақтылар типі селектор- өрнек типімен бірдей болуы керек.

  3. Тұрақтылар міндері бір-бірінен айрықша болып, қайталанбауы тиіс, олардың мәні диапазонға сәйкес келгенде де, бір-бірімен қиылыспай өз аралықтарын ғана қамтуы тиіс.

Мысалдар:

CASE k+1 OF

4:z:= y* (a-b);

5: y:= SQR (x);

7: WRITE (a,b);

11: y:= SQRT( x)

END.

Мұнда к+1 өрнегінің мәні 4- ке тең болса, онда z есептелінетін 1- оператор 5- ке тең болса, у мәнін шығаратын 2- оператор т.б орындалады.



Өрнектің мәні сиволдық типте болуы да мүмкін, онда тұрақтылар да символдық типте болуы керек.

Кітаптағы 86-88 беттердегі мысалдарды қарсатыру.есептерді компьютерде орындату.



3.Жаңа тақырыпты бекіту.

Жаңа тақырыпты сұрақ- жауап арқылы бекіту.




  1. сұрақ. Таңдау операторы не үшін қажет? (Таңдау операторы бірнеше оператордың ішінен таңдау жолымен көп тарамды тармақталуды ұйымдастырады.)

2-сұрақ: Таңдау операторы қалай орындалады?( Алдымен, селектор- өрнек мәні есептеледі де, ол тұратылармен салыстырылады. Егер өрнектің мәні 1- тұратыға тең болса, онда 1- оператор орындалады, ал өрнектің мәні 2- тұрақтыға тең болса, онда 2 – оператор , 3- тұрақтыға тең болса, онда 3- оператор т.б тізімдегі тек бір ғана оператор орындалады да, таңдау командасы осымен орындалады.Егер селектор - өрнектің мәні ешбір тұрақты мәніне сәйкес келмесе, онда else сөзіненн кейін тұрған оператор орындалады. Кейде оператор құрамында else қатары болмайды, онда end сөзінен кейінгі тұрған жол орындалады. )

3- сұрақ:Таңдау операторы мен шартты оператордың айырмашылығы неде?

4-сұрақ: CASE операторының шартына қойылатын талаптар .( 1.CASE сөзінен кейінгі өрнек мәні дискретті типке ( лат. Discretus – үзікті, өсуі не кемуі бойынша бөліп алуға болатын) жатуы тиіс, бүтін санда тип үшін ол integer болады.

2.Операторлар алдындағы тұрақтылар типі селектор- өрнек типімен бірдей болуы керек.

3.Тұрақтылар міндері бір-бірінен айрықша болып, қайталанбауы тиіс, олардың мәні диапазонға сәйкес келгенде де, бір-бірімен қиылыспай өз аралықтарын ғана қамтуы тиіс. )

4. Практикалық жұмыс.

Есеп№1

Қолданушыдан айдың нөмірін сұрап, номерге байланысты жыл мезгілдерінің аттарын экранға шығаратын программа құр. Егер қолданушы дұрыс сан енгізбесе мәлімет қате енгізілді деген жауап шығару керек

Program e1;

Var


A: integer;

Begin


Writeln (‘жыл мезгілдерін экранға шығар’ );

Readln (A);

Case of

12,1,2:writeln (‘қыс’);

3,4,5: writeln (‘көктем’) ;

6,7,8: writeln (‘жаз’);

9,10,11: writeln (‘күз’);

Else writeln (‘мәлімет қате’);

End;

End.


Есеп№2

Қолданушыдан апта күндерінің нөмірін сұрап, жұмыс күні, сенбі және жексенбі демалыс күндері жауаптарының бірін шығаратын программа құр.

Program e1;

Var


A: integer;

Begin


Writeln (‘апта күнін енгіз’ );

Readln (A);

Case of

1..5: writeln (‘жұмыс күні’);

6..7: : writeln (‘демалыс’);

Else writeln (‘мәлімет қате’);

End;

End.


4.Сабақты қортындылау.

Бағалау

Үйге тапсырма беру: кітаптағы 83-88 беттерді оқу.

Сабақ аяқталды!Сау болыңдар!

Күні:_____

Сынып: 9а,б

Сабақтың тақырыбы: Қайталау операторы

Білімділік: Оқушыларға қайталау операторы жайында жалпы білім беру,негізгі анықтамалармен, түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру, тақырыпты жүйелі қабылдауға, есепті өз бетімен шығаруға үйрету.

Тәрбиелік: Компьютер сыныбанда қауіпсіздік ережесін сақтауға, мұғалімді тыңдауға, тапсырманы мұқият орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Көрнекілігі: тақтадағы сызбанұсқа

Әдебиеттер: 1.9 сынып «информатика және есептеу техникасы негіздері»

Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова



Жаңа тақырып өту. Бүгінгі біздің өтетін жаңа тақырыбымыздың аты «Қайталау операторы».Кітапта 90 бетте.Дәптерлерімізді ашып бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қоямыз.

Көп жағдайда аргументтердің әр түрлі мәні бойынша алгоритмдердің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процесстерді ұйымдастыру үшін циклдік құрылымды алгоритмдер- қайталау операторлары қолданылады.

Паскаль тілінде қайталау процесін жүзеге асыратын циклдік операторлардың үш түрі бар. Параметрлі цикл операторы- FOR, шарты алдын ала тексерілетін цикл – WHILE, және шарты соңынан тексерілетін цикл- REPEAT.

Егер шартын алдын ала тексеретін циклдегі операторды неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану шарты берілсе, онда WHILE, REPEAT операторлары пайдаланылады. Ал FOR операторы қайталану саны алдын ала белгілі блған кезде қолданылыды.



WHILE операторы. Алдын ала берілген шарт бойынша қайталануды жүзеге асыратын бұл оператор WHILE (әзірше) және DO (орындау) түйінді сөздері қолданылады. Жазылу пішімі:

WHILE <қайталану шарты> DO < цикл тұлғасы>;

Мұндағы қайталану шарты – диаграммада көрсетілген логикалық өрнек, цикл тұлғасы – қайталаны орындалып отырған қарапайым немесе құрама оператор.Цикл әрбір орындалар алдында қайталану шарты мәні есептелінеді, егер ол ақиқат- true болса, цикл тұлғасы орындалады да, шарт қайта тексеріледі.Қайталану шарты жалған – false болса, циклді орындау доғарылып, while операторынан кейінгі жолдар арқылы бастайды.

WHILE операторының жазылу пішімі мен орындалуын төмендегідей түрде беріледі:

WHILE <шарт> Do

Begin

<1- оператор;>

<2- оператор ;>

.........................



End;


Ескету: Егер шарт бірінші тексергеннен жалған болса, онда цикл орындалмайды.

REPEAT операторы. REPEAT қайталау операторы WHILE операторына ұқсас, айымашылығы – қайталану шарты цикл соңында тексерніледі, сондықтан ол кем дегенде бір рет орындалатын болады. Екінші өзгешелігі – цикл тұлғасы шарт
жалған болғанда қайталанып, ол ақиқат болған кезде циклді орындау доғарылады..

Бұл оператор . REPEAT ( қайталау) және UNTIL ( дейін, шейін ) түйіді сөздерін пайдаланады.



REPEATоператорының жазылу пішімі мен орындалуын төмендегідей түрде беріледі:

REPEAT


< оператор 1 >;

< оператор 2 >;

………………


< оператор n>;

UNTIL <шарт>;

Бұл жерде операторлар REPEAT ( қайталау) және UNTIL ( дейін, шейін ) сөздерінің арасында орналасқандықтан, мұнда BEGIN және END сөздері жазылмайды.

FOR операторы. Циклдегі операторларды қайталану саны алдын ала белгілі болған жағдайда – FOR операторы қолданылады. Бұл оператор параметрлі цикл операторы деп те аталады, өйткені қайталану саны функция аргумені сияқты циклдің параметрі атқаратын басқару айнымалысы арқылы беріледі. Параметр өзінің алғашқы мәнін соңғы мәніне дейін бірлік қадаммен өзгерту барысында циклге кіретін бір немесе бірнеше операторды қайталап орындауды атқарады.

Оператор – FOR сөзінен басталатын оның тақырыбынан және цикл тұлғасынан тұрады.



- FOR операторының жазылу пішімі мен орындалуын төмендегідей түрде беріледі:

FOR < айнымалы> := to DO < оператор>;

FOR < айнымалы> := DOWNTO DO < оператор>;

Мұндағы S1 және S2 – цикл параметрінің алғашқы және соңғы мәндерін анықтайтын өрнектер; for… do - цикл иақырыбын анықтайтын түйінді сөздер; < оператор> - цикл тұлғасы.

FOR- үшін, TO – дейін, DO- орындау мағына беретін түйінді сөздер. Параметрдің өзгерту қадамына байланысты операторда TO немесе DOWNTO (DOWN- төмен, TO- дейін, DOWNTO- кері қарай) түйінді сөздері пайдаланылады. Егер қадам +1 – ге тең болса, онда оаператорда TO , ал -1 – ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады. Параметрдің бастапқы және соңғы мәндері бүтін сан түрінде немесе өсуі, кемуі бойынша реттелетін болуы тиіс , әйтпесе оларды бүтін мән беретін арифметикалық өрнек түрінде жазуға да болады.

Цикл тұлғасы жай немесе құрама оператор да болуы мүмкін. FOR операторының жұмыс цикл параметрінің алғашқы мәнінен соңғы мәніне дейінгі аралықта бірлік қадаммен қайталап өтпей тоқталмайды.

Цикл тақырыбы:


  • басқару айнымалысының өзгеру диапазонын және цикл ішінндегі операторлардың қайталану саны ;

  • цикл параметрінің өзгеру бағытын анықтайды.

Мысал:

For k:= 1 to 100 do Read ( m[k]);{Жиын элементтерін оқу}

For k:= 10 downto 1 do write ( M[k]) {Жиын элементтерін жазу}

FOR операторы алғаш орындалардан бұрын S1 және S2 өрнектері есептеледі де, цикл параметріне S1 меншіктеледі, яғни,<Цикл параметрі>:= S1 операторы жүзеге асырылады.

Осыдан кейін цикл ішінде келесі әрекеттер орындалады:


  1. ‘ цикл параметрі’ ‘ > S2 шарты тексеріледі (S1< S2 болғанда) немесе ‘ цикл параметрі’ ‘ > S2 шарты тексеріледі (S1>S2 үшін).

  2. Егер шар жалған болса, онда FOR цикл ішіндегі операторлар орындалады. Ал, егер шарт орындалса, яғни ол ақиқат болса, онда цикл тұлғасы орындалмайды, FOR операторынан кейін тұрған жол атқарыла бастайды.

  3. Басқару айнымалысының мәні 1- ге өседі немесе 1- ге кемиді де, әрі қарай FOR операторы қайталанып орындала береді.

  4. цикл орындалу барысында оның параметрінің мәнін өзгертуге болмайды.

  5. Егер цикл көшу операторы көиегімен тоқтатылмаса, онда цикл аяқталған соң, басқару параметрінің мәні анықталмаған болып саналады.

Әрбір операторға бір мысалдан қарастырып, коппьютерде көру.




  1. Жаңа тақырыпты бекіту.

1)Қайталау процесін жүзеге асыратын циклдік операторлардың түрлері (Параметрлі цикл операторы- FOR, шарты алдын ала тексерілетін цикл – WHILE, және шарты соңынан тексерілетін цикл- REPEAT.
2)Шарты алдын – ала берілген циклді қай уақытта пайдаланамыз? ( Цикл әрбір орындалар алдында қайталану шарты мәні есептелінеді, егер ол ақиқат- true болса, цикл тұлғасы орындалады да, шарт қайта тексеріледі.Қайталану шарты жалған – false болса, циклді орындау доғарылып, while операторынан кейінгі жолдар арқылы бастайды. )
3)Шарты соңынан берілген цикл операторы дегеніміз не? ( қайталану шарты цикл соңында тексерніледі, сондықтан ол кем дегенде бір рет орындалатын болады.)
4)Параметрлі цикл операторын қай уақытта қолданамыз? ( Циклдегі операторларды қайталану саны алдын ала белгілі болған жағдайда – FOR операторы қолданылады.)
5)Шарты алдын ала берілген цикл операторының қызметші сөздері.

( WHILE (әзірше) және DO (орындау))


6)Шарты соңынан берілген цикл операторының қызметші сөздері? (REPEAT ( қайталау) және UNTIL ( дейін, шейін)
7)Параметрлі цикл операторының қызметші сөздері?( FOR- үшін, TO – дейін, DO- орындау)
5. Практикалық жұмыс

Есеп№1

Екі санның ең үлкен ортақ бөлгішін табу программасын құр.

Program EYOB;

Var n,m,e,x,y:integer;

Begin

Write (‘m,n сандарын енгіз’);



Readln (m,n);

X:=m; y:= n;

While x<> y Do

If x>y then x;=x – y else y:= y-x;

E:=x;

Writeln (‘Екі санның ең үлкен ортақ бөлгіш=’,e);



End.

Есеп№2

X= 2,2.2,2.4,2.6,….4.0 болған жағдайда y= sqr(x) теңдеуінің мәндерін табу программасын құр.

Program keste;

Var x,y: real;

Begin

Writeln( ‘_ _ _ _ _’);



Writeln (‘x y’);

Writeln (‘_ _ _ _ _ ’);

X:= 2.0;

Repeat


Y:= x*x;

Writeln (‘’, x:4:1, ‘’, y:8:3);

X:= x+0.2;

Until x=4;

Writeln (‘_ _ _ _ _ ’);

End.


Есеп№3

Ақпарат алмасудың американдық стандартты код символдарын экранға шығаратын программа құр.

Program ASCII;

Var kod: integer;

Begin

Writeln(‘американдық стандартты код символдары’);



For kod:= 255 DOWNTO 10 DO

Writeln ( ‘символ коды’, kod, ‘символ= ’, CHR(kod)));

End.

6.Сабақты қортындылау.

Бағалау


Үйге тапсырма беру : кітаптағы 90-102 беттерді оқу.

Сабақ аяқталды!Сау болыңдар!



Күні:_____

Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы: Символдық мәліметтерді енгізу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға символдық мәліметтер жайлы жалпы білім беру.

Дамытушылық: оқушылардың өз еркімен жұмыс істеу қабілеттерін, зейінін, ойын дамыту.

Тәрбиелік: Тапсырманы дер кезінде орындауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Көрнекілігі: тест

Әдебиеттер: 1.9 сынып «информатика және есептеу техникасы негіздері»

Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова

2. 9 сынып «Есептер және жаттығулар жинағы»

Сабақтың жоспары:

1Ұйымдастыру кезеңі 2 мин

2. Үй тапсырмасын сұрау 10 мин

3.Жаңа тақырып өту 15 мин

4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин

5.Сабақты қортындылау 3 мин

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіңдер ме балалар? Отырыңдар. Сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?



2. Үй тапсырмасын сұрау. Барлығымыз дәптер, кітаптарымызды жауып, партаның шетіне қоямыз. Бүгін біз сіздермен алдыңғы сабақта алған білімдеріңізді тексеру үшін 10 сұрақ, 2 нұсқадан тұратын тестр жазамыз.Тесеке 10 минут уақыт беріледі.

Тест

I нұсқа

1. Паскаль тілінде программа қай сөзден басталады?



  1. End

  2. Program

  3. Type

  4. Const

2. Айнымалыларды сипаттау бөлімі:

  1. Var

  2. Const

  3. Type

  4. Integer

3. Integer қандай тип?

  1. Логикалық

  2. Нақты

  3. Бүтін

  4. Символдық

4. Real қандай тип?

а) Логикалық

b) Нақты

c) Бүтін

d) Символдық

5. Мәліметтерді енгізу операторы.



  1. Read

  2. Write

  3. Input

  4. Output

6. Паскаль тілінде нәтижені экпанға шығару үшін қай операторды қолданамыз?

  1. Read

  2. Write

  3. Input

  4. Output

7.Көшу операторы –

  1. If

  2. For

  3. While

  4. Goto

8. Паскаль тілінде программаның басы қай сөзден басталады?

  1. End

  2. Program

  3. Begin

  4. Var

9. Шартты оператор

  1. For

  2. If

  3. Case

  4. Repeat

10. Таңдау операторы

  1. For

  2. If

  3. Case

  4. Repeat

Тест

II – нұсқа

1. Оператор дегеніміз не?



  1. Прграмма орындауда жүктелетін шағын программа;

  2. Алгоритмді жүзеге асыру барысында іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі;

  3. Мәліметтерді пайдаланып, әртүрлі амалдарды орындау бөлімі;

  4. Программа обьектілерімен жұмыс істеу, ықпал ету аймағы;

2. Тұрақтыларды сипаттау бөлімі.

  1. Var

  2. Const

  3. Type

  4. Label

3. Бүтін бөлікті табу

  1. Div

  2. Mod

  3. /

  4. :

4. Параметрсіз шығару операторы

  1. Write

  2. Read

  3. Writeln

  4. Readln

5. Программаның соңы қандай сөзбен жабылады?

  1. Program

  2. End

  3. Begin

  4. Writeln

6. Шарты алдын ала берілген цикл операторы

  1. For

  2. Case

  3. While

  4. Repeat

7. Шарты соңынан берілген цикл операторы

  1. For

  2. Case

  3. While

  4. Repeat

8. Параметрлі цикл операторы

  1. For

  2. Case

  3. While

  4. Repeat

9. Then қызметші сөзі қандай мағына білдіреді?

  1. Егер

  2. Үшін

  3. Онда

10. Паскаль тілінде программаның басы қай сөзден басталады?

a) End


b) Program

c) Begin


  1. Var


Тест жауаптары

    1. b

    2. a

    3. c

    4. b

    5. a

    6. b

    7. d

8. с

    1. b

    2. c




  1. b

  2. b

  3. a

  4. c

  5. b

  6. c

  7. d

  8. a

  9. a

  10. b


3. Жаңа тақырып өту. Ал, енді жаңа тақырыпқа көшейік. Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз «Символдық мәліметтермен жұмыс».кітапта 105 бетті ашамыз.символдық мәліметті өңдеу символдық типті анықтайтын CHAR ( ағылшынның CHARACTER - символ деген сөзінен қысқөартылып алынған) сөзі арқылы жүзеге асырылады. CHAR типіндегі айнымалының мәні компьютерде пайдаланатын кез келген жеке символ болып, олш мәлімет өрнектеудің кодтық кестесінің белгілі бір мәніне сәйкес келуі тиіс. Әрбір символ 0 мен 255 арасындағы кез келген бір бүтін санмен бейнеленеді, оның негізі болып ASCII коды саналады. Оның 0- 127 кодтарына сәйкес символдары әмбебап таңбалары болып саналады,оларға латын әріптері, тыныс белгілер, цифрлар, арифметикалық операция таңбалары мен басқару символдары кіреді.

Символдық немесе литерлік айнымалыға компьютер жадынан бір байт орын беріледі. Символдық мәліметтер үшін логикалық нәтиже беретін =, <>, >, <=, >=, қатынас таңбалары бар өрнектер пайдаланылады.

Символдық типтегі мәліметтер үшін төиендегідей стандартты функциялар анықталады:

Chr(x) – byte типіндегі х өрнегін символға түрлендіреді.

Ord(ch) – c символын оның byte типіндегі сәйкес кодына түрлендіреді.

Pred (ch) – ch- тың алдыңғы кодына сәйкес символ береді.

Succ(ch) – ch- тан кейінгі кодына сәкес символ береді.

Upcase(ch) – кіші латын әріптеррін бас әріптерге айналдырады, басқа символдарға әсер етпейді.

Символдық мәліметерді енгізу.

1.Символдық деректерді пернетақтадан енгізу READ (READLN) операторы арқылы жүргізіледі, оарды енгізудің төмендегідей ерекшеліктері бар.

1. Бос орын таңбасы Паскаль тілінде символ орнына жүретіндіктен , символдық айнымалылардың мәндері бос орынсыз жазылады.

2. Бір айнымалыға бір ғана символ меншіктеледі.

3. Тағы бір ерекшелігі – тек ENTER пернесі болса да , -оны READ операторы бос орын символы ретінде қабылдайды.

Сканерлеу кодын пайдалану Турбо Паскаль программасының CRT модулінің READKEY фунциясы арқылы орындалады. Символ енгізген кезде бұл функция курсорды келесі орынға жылжытпай, ол орынға кез келген символ бейнесін шығара алады.4. символдық және сандық мәліметтерді енггізген кезде , көбінесе- EOLN (end of line – жол соңы ) стандартты функциясын пайдалану қолайлы. Бұл функция мәні « жолдың соңы болды» немесе « мәндер беріліп болды » дегенді білдіретін Enter пернесі басылғанда ғана ақиқат болады да , қалған жағдайлардың барлығында да жалған болады. Бұл функция көбінесе циклдік операторларда пайдаланылады.

Мысалдарды қарастырып , оларды оқушыларға компьютерге енгіздіріп , нәтижесін көру.



4.Жаңа тақырыпты бекіту.

  1. Символдық мәліметтерді енгізу үшін қандай опеаторды қолданамыз?(Read операторы)




  1. Мәліметтердің символдық типін анықтайтын сөз.( CHAR ( ағылшынның CHARACTER - символ деген сөзінен қысқөартылып алынған))



  1. Символдық мәліметтер үшін қолданылатын қатынас таңбалары.( =, <>, >, <=, >=, қатынас таңбалары)

4. Символдық типтегі мәліметтер үшін анықталған стандартты функциялар.( Chr(x) – byte типіндегі х өрнегін символға түрлендіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет