Сабақтың тақырыбы : Таңдау операторы Сабақтың мақсаты


Ord(ch) – c символын оның byte типіндегі сәйкес кодына түрлендіреді. Pred (ch)



бет2/4
Дата20.04.2017
өлшемі0,59 Mb.
#14186
түріСабақ
1   2   3   4

Ord(ch) – c символын оның byte типіндегі сәйкес кодына түрлендіреді.

Pred (ch) – ch- тың алдыңғы кодына сәйкес символ береді.

Succ(ch) – ch- тан кейінгі кодына сәкес символ береді.

Upcase(ch) – кіші латын әріптеррін бас әріптерге айналдырады, басқа символдарға әсер етпейді.)
5. Сканерлеу кодын пайдалану үшін қандац функция қолданылады?

( READKEY фунциясы)


6.Символдық мәліметтерді енгізгенде қандай функция жолдың соңын білдіреді.( EOLN (end of line – жол соңы ))

5.Сабақты қортындылау.

Бағалау


Үйге: кітаптағы 105- 112 беттерді оқу.

Сабақ аяқталды!Сау болыңдар!



Күні: ____

Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы: Паскаль тіліндегі мәтіндік ақпараттарды өңдеу. Тіркестік өрнектер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : оқушыларға паскаль тіліндегі мәтіндік ақпараттарды өңдеу және тіркестік өрнектер тақырыбында жалпы білім беру, алдыңғы тақырыппен ұштастыру. Пайдаланылатын негізгі өрнектер, функциялар, процедуралар , операциялар жайында түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылары амалдарды, функциялар мен процедураларды, өрнектерді дұрыс қолдана білуге, олар арқылы есеп шығарғанда пайдалануға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Есепті дұрыс , тиянақты шығаруға, компьютер сыныбында қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Көрнекілігі: компьютер,оқулық

Әдебиеттер: 1.9 сынып «информатика және есептеу техникасы негіздері»

Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова

2. 9 сынып «Есептер және жаттығулар жинағы»

Сабақтың жоспары:

1Ұйымдастыру кезеңі 2 мин

2. Үй тапсырмасын сұрау 15 мин

3.Жаңа тақырып өту 15 мин

4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин

5.Сабақты қортындылау 3 мин
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіңдер ме балалар? Отырыңдар. Сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?

2. Үй тапсырмасын сұрау. Үй тапсырмасы «Символдық мәліметтермен жұмыс». (ауызша сұрау)

3. Жаңа тақырып өту.Кітапта 112 бетті ашамыз, бүгінгі күнді, жаңа тақырыпты жазып қоямыз. «Паскаль тіліндегі мәтіндік ақпаратты өңдеу» тақырыбы.

Мәтін әр түрлі символдардан тұратын жолдар жолдар тізбегінен тұрады. Жолдық тұрақты деп немесе символдар жолы деп символдарының саны 256- дан аспайтын апострофқа алынған символдар тізбегін айтамыз.

Паскаль тілінде символдар тізбегінен тұратын тіркестік айнымалылар кең қолданылады, олардың типін көрсету үшін алдымен айнымалы атауы , одан кейін тік жақша ішінде жолдың ең ұзыны көрсетілген string түйінді сөзі пайдаланылады.

Тіркестік айнымалының типі программаның типтерді сипаттау бөлімінде немесе тікелей айнымалыны сипаттау бөлімінде де орналаса береді.



Тіркестік өрнектер.

Тіркестік өрнек деп амал белгілері, тіркестік тұрақтылар , айнымалылар және функция атауларынан құралған, ұзындығы 256 символдан аспайтын тізбекті айтады.

Алгоритмдік тілде тіркестік өрнектерді литерлік өрнектер деп те атайды. Литерлік шамалардың мәндері алгоритмдік тілде тырнақшаның ішіне жазылса, Паскаль тілінде апострофқа жазылады.

Тіркестік өрнектер біріктіру және салыстыру амалдарын пайдаланады.

Біріктіру немесе конкатенация амалы, ол «+» белгісімен белгіленеді.Бұл амал бірнеше символдардан немесе сөз тіркесінен жаңа мәтін құру үшін пайдаланылады. Сөз тіркестерін біріктіру амалдарын ConCat функциясы арқылы орындауға болады.

Салыстыру амалдары: Олар : =, <>, >, <=, >=, белгілерімен белгіленеді.сөз тіркестерін салыстыру олардың символдарының кодтарын солдан оңға қарай біртіндеп бір бірімен салыстыру.Егер тіркестің алғашқы символдары бірдей болса, онда қай жолдың символы көп болатын болса, сол үлкен деп есептелінеді.егер өрнек біріктіру мен салыстыру амалы болса онда алдымен біріктіру амалы, содан соң салыстыру амалы орындалады. Сөз тіркестерін салыстыру амалдарының нәтижелері логикалық ( TRUE және FАLSE) болады.

Тіркестік айнымалыға тіркестік өрнек мәнін бергенде меншіктеу амалы қолданылады.

Мәтін ұзындығын анықтау операциясы. Бұл операция алгоритм тілінде Length сөзі арқылы орындалады. Мәтін ұзындығы оны құрайтын символдар санымен анықталады.

Бір де бір символ жоқ мәтін бос мәтін болып саналады.оның ұзындығы 0- ге тең

4.Жаңа тақырыпты бекіту.

1)Тіркестік айнымалының ұзындығы қалай анықталады?( string түйінді сөзі арқылы)

2) Тіркестік өрнек дегеніміз не ?( Тіркестік өрнек деп амал белгілері, тіркестік тұрақтылар , айнымалылар және функция атауларынан құралған, ұзындығы 256 символдан аспайтын тізбекті айтады. )

3)Тіркестік айнымалылар мен тұрақтыларға қандай амалдар қолданылады?( Салыстыру амалдары, біріктіру немесе конкатенация амалы)



5. Практикалық жұмыс

Есеп №1


* символмен толтырылған тіктөтрбұрышты үшбұрыштың кескінін салатын программа құру керек.

Program ushburush;

Const t=12;

Var st: string [T];

K:1..T;

Begin


St:= ‘ ‘ ;

For K:= 1 to T do

Begin

St := St +’*’;



Writeln(st);

End;


End.

Есеп№2


Енгізілген сөз тіркесі солдан оңға , оңнан солға оқығанда бірдей оқылатын сөздерге жататынын немесе жатпайтынын анықтайтын программа құр.

Мұнда 1- символ соңғы символмен , 2- символ соңының алдыңғы символымен салыстырып, сөздің ортасына дейін жету қажет.

Program aldi;

Var I: byte;

Coz: string[20];

Begin


Write ( ‘Бір сөз енгізіңдер’);

Readln ( Coz) ; {цикл енгізілген }

For I:= 1 to Trunc ( Length (Coz ) /2) do {сөз ортасына дейін орындалады}

Begin


If Coz [I] <> Coz[ Length (Coz) –I +1 {1 символды соңғы символмен салыстыру}

Then


Begin

Writeln (‘ Алды артынан бірдей оқылмайды‘);

Exit

End


End;

Writeln (‘Алдын артынан бірдей оқылады’);

End.

5.Сабақты қортындылау.

А) бағалау

Б) Үйге: кітаптағы 112-121 беттерді оқу. 121 беттегі 1- жаттығуды орындау

Сабақ аяқталды!Сау болыңдар!



Күні:

Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркестерін өңдеуге арналған стандартты функциялар мен процедуралар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : оқушыларға сөз тіркестерін өңдеуге арналған стандартты функциялар мен процедуралар тақырыбында жалпы білім беру, алдыңғы тақырыппен ұштастыру. Пайдаланылатын функциялар менпроцедуралар жайында түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылары функциялар мен процедураларды дұрыс қолдана білуге, олар арқылы есеп шығарғанда пайдалануға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Есепті дұрыс , тиянақты шығаруға, компьютер сыныбында қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Көрнекілігі: коипьютер, оқулық

Әдебиеттер: 1.9 сынып «информатика және есептеу техникасы негіздері»

Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова

2. 9 сынып «Есептер және жаттығулар жинағы»

Сабақтың жоспары:

1Ұйымдастыру кезеңі 2 мин

2. Үй тапсырмасын сұрау 10 мин

3.Жаңа тақырып өту 15 мин

4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин

5.Сабақты қортындылау 3 мин
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіңдер ме балалар? Отырыңдар. Сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?

2. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ- жауап арқылы.

1) Жолдық тұрақты дегеніміз не?

2) Тіркестік айнымалылардың ұзындығы қалай анықталады?

3) Тіркестік өрнек дегеніміз не?

4) Тіркестік айнымалылар мен тұрақтыларға қандай амалдар қолданылады?
3.Жаңа тақырып өту.

Кітапта 115 бетті ашамыз, бүгінгі күнді, жаңа тақырыпты жазып қоямыз. «Сөз тіркестерін өңдеуге арналған стандартты функциялар мен процедуралар» тақырыбы.



Паскаль тілінің стандартты функциялары:

CHR(I)- I санына сәйкес символды береді.

ORD(S)- S символының бүтін сан түріндегі кодын береді .

COPY (St, Poz, N)- St сөз тіркесінің Poz нөмірлік символынан бастап қатар тұрған N символ көшіріліп алынады. St- тіркестік айнымалы, Poz, N – бүтін сан. Егер сөз тіркесі ұзындығынан N болса, нәтиже бос символ болады.

CONCAT (S1,S2…,SN) – жақша ішіндегі тіркестік айнымалылар мәндерін орналасқан орны бойынша біріктіреді.

Pos (S1,S2) – S1 кіші сөз тіркесінің одан ұзынырақ S2 сөз тіркесіне кіретінін немесе кірмейтінін анықтайды. Бұл функция нәтижесі бүтін сан боладыда, S1 –дің S2-дегі алғашқы символы нөміне сәкес келеді. Егер S1 тіркесі S2 тіркесіне кірмейтін болса, нәтиже 0-ге тең болады.

LENGTH(S) – S тіркестік айнымалысының мәніндегі символдар санын береді..

UPCASE(CH)- латын алфавитінің кіші әріптерін сәйкес бас әріпке айналдырады.

Паскаль тілінің сөз тіркестерін өңдейтін процедуралар:

DELETE(S,Poz,N)- S сөз тіркесі символдарының Poz нөмірінен бастап, N символды өшіреді де , нәтижені қайта S мәні ретінде жазады, мұнда Poz<255.

INSERT (S1,S2,Poz) – S1 сөз тіркесін S2 тіркесінің Poz нөмірінен бастап кірістіріп орналастырады да, нәтижені S2 мәні ретінде жазады.

STR(I,S) –I санын символдар тіркесіне аусытырады да, нәтижені S мәні ретінде жазады, I атауынан кейін шығару пішімін (I:2) көрсетуге болады.

VAL(S, I, Cod)- S сөз тіркесі ретінде берілген сандық мәнді бүтін немесе нақты санға ауыстырады да , нәтижені I айнымалысының мәні ретінде жазады. Cod – бүтін типтегі айнымалы, егер түрлендіру кезінде қате болса , cod=0 – нәтиже дұрыс, ал cod<>0 – нәтиже қате .

4.Жаңа тақырыпты бекіту

1) паскаль тілінің қандай стандартты тіркестік функциялары бар ? Олардың міндеттері қандай?( CHR(I)- I санына сәйкес символды береді.

ORD(S)- S символының бүтін сан түріндегі кодын береді .

COPY (St, Poz, N)- St сөз тіркесінің Poz нөмірлік символынан бастап қатар тұрған N символ көшіріліп алынады. St- тіркестік айнымалы, Poz, N – бүтін сан. Егер сөз тіркесі ұзындығынан N болса, нәтиже бос символ болады.

CONCAT (S1,S2…,SN) – жақша ішіндегі тіркестік айнымалылар мәндерін орналасқан орны бойынша біріктіреді.

Pos (S1,S2) – S1 кіші сөз тіркесінің одан ұзынырақ S2 сөз тіркесіне кіретінін немесе кірмейтінін анықтайды. Бұл функция нәтижесі бүтін сан боладыда, S1 –дің S2-дегі алғашқы символы нөміне сәкес келеді. Егер S1 тіркесі S2 тіркесіне кірмейтін болса, нәтиже 0-ге тең болады.

LENGTH(S) – S тіркестік айнымалысының мәніндегі символдар санын береді..

UPCASE(CH)- латын алфавитінің кіші әріптерін сәйкес бас әріпке айналдырады.)

2) паскаль тілінің қандай стандартты тіркестік процедуралары бар? Оларды қалай қолданады және олар қандай міндет атқарады?( DELETE(S,Poz,N)- S сөз тіркесі символдарының Poz нөмірінен бастап, N символды өшіреді де , нәтижені қайта S мәні ретінде жазады, мұнда Poz<255.

INSERT (S1,S2,Poz) – S1 сөз тіркесін S2 тіркесінің Poz нөмірінен бастап кірістіріп орналастырады да, нәтижені S2 мәні ретінде жазады.

STR(I,S) –I санын символдар тіркесіне аусытырады да, нәтижені S мәні ретінде жазады, I атауынан кейін шығару пішімін (I:2) көрсетуге болады.

VAL(S, I, Cod)- S сөз тіркесі ретінде берілген сандық мәнді бүтін немесе нақты санға ауыстырады да , нәтижені I айнымалысының мәні ретінде жазады. Cod – бүтін типтегі айнымалы, егер түрлендіру кезінде қате болса , cod=0 – нәтиже дұрыс, ал cod<>0 – нәтиже қате . )

5. Практикалық жұмыс

Есеп№1

Тіркестік айнымалының мәні ретінде берілген символдар саны 20- дан артпайтын сөзді кері жазатын программа құру.

Program Kerisoz;

Var i: integer; soz:string [20];

Begin

Write (‘бір сөз енгіз’);



Readln (soz); Writeln(‘Кері сөз’);

For i:= length(soz) downto 1 do

Write ( copy( soz, I,1));

Writeln


End.

Есеп №2

Соңына нүкте қойылған орыс алфавитінің кіші әріптерінен құралған мәтін берілген. Мәтінді орыс алфавитінің бас әріптерімен жазатын программа құр.

Program E1;

Const N= 20;

Var V,V1: string[31];

T: string[n];

I,j:integer;

Begin


V:= ‘Й Ц У К Е А .... Б Ю’;

V1:= ‘й ц у к е а... б ю ’;

Writeln (‘мәтін енгізіп, сорңына нүкте қойыңдар’);

Readln(t);

I:= 1;

While (t[i]<>’.’) do



Begin

J:= pos(t[i], V1);

While ( V1[j]);

I:= j+1;


End.

5.Сабақты қортындылау.

А) бағалау

Б) Үйге: кітаптағы 112-120 беттерді оқу.

Сабақ аяқталды.Сау болыңдар!

Күні:____

Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы: Айнымалы типтер, мәліметтердің шектеулі типі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға айнымалы типтер , жиымдар тақырыбы бойынша білімдерін шыңдау, жаңа білім беру.

Дамытушылық: оқушылардың білімін кеңейту, танымдық белсенділіктерін арттыру,ойтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, жауапкершілікке, тәртіптілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Көрнекілігі: компьютер ,тест

Әдебиеттер: 1.9 сынып «информатика және есептеу техникасы негіздері»

Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова

2. 9 сынып «Есептер және жаттығулар жинағы»

Сабақтың жоспары:

1Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин)

2. Үй тапсырмасын сұрау (10-15 мин)

3.Жаңа тақырып өту (15-20 мин)

4.Жаңа тақырыпты бекіту ( 10-15 мин)

5.Сабақты қортындылау

А) баға қою (2-3 мин)

Б) Үйге тапсырма беру ( 2-3 мин)



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіңдер ме балалар? Отырыңдар. Сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?

2. Үй тапсырмасын сұрау.

Барлығымыз дәптер, кітаптарымызды жауып, партаның шетіне қоямыз. Бүгін біз сіздермен алдыңғы сабақта алған білімдеріңізді тексеру үшін 10 сұрақ, 2 нұсқадан тұратын тестр жазамыз.Тестке 10 минут уақыт беріледі.



3.Жаңа тақырып өту. Ал, енді жаңа тақырыпқа көшейік. Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз «айнымалы типтер, жиымдар».Кітапта 122 бетті ашамыз.

Мәліметтердің айнымалы типтері стандартты типтерден өзгеше болып келеді. Мәліметтің әр типтері үшін әр түрлі амал қолдануға болады. Мысалы нақты сандармен +,-,*,/ амалдарын орындағанымызбен, оларға DIV (бүтін бөлінді табу), MOD(қалдықты табу ) табу амалдарын қолдану мүмкін емес. Мәліметтердің стандартты типтерінен өзге жаңа айнымалы типтер құруға болады. Мәліметтердің бұл типтеріне саналатын және шектелегн типтер жатады.



Мәліметтердің саналатын типтері. Қабылдай алатын мәнднрдің реттелген тізімі арқылы берілетін тип- саналатын тип деп аталады. Оның жазылу пішімі:

TYPE <тип атауы>= (<1-мән,2-мән,...,n-мән>);

Var <идентификатор>: <тип атауы>
Мәліметтердің шектеулі типтері.

Егер айнымалы сипаттау бөлімінде көрсетілген мәндердің белгілі бір аралығын ғана қабылдайтын болса, онда оны шектеулі типтегі айнымалы немесе аралық типтегі айнымалы деп атайды. Мұндай типтегі айнымалының алғашқы және соңғы мәндері нүктелермен бөлініп тұрақты түрінде көрсетіледі де , ол екеуі бір стандартты типте болып, міндетті түрде алғашқы мән соңғы мәннен кіші болуы керек.

Оның жазылу пішімі.

TYPE <тип аты>= <алғашқы тұрақты....соңғы тұрақты>;

Var <идентификатор,...>: <тип аты>;

Шектелген типте төмендегідей заңдылықтар орындалуы тиіс:



  1. Шектеулі екі тұрақтының типі бірдей болуы қажет.

  2. негізгі айнымалы нақты REAL типінен басқа төмендегідей қарапайым типтердің бірі бола алады: бүтін тип, саналатын тип , символдық тип.

  3. Алғашқы тұрақтының мәні соңғысының мәнінен артық болмауы керек.

  4. шектеулі типтің айнымалылыары программаның типтер немесе айнымалылар бөлігінде міндетті түрде сипатталуы керек

  1. Жаңа тақырыпты бекіту

1) Айнымалы типтерге қандай типтер жатады?

2) Саналатын тип дегеніміз не?

3)Саналатын типтер қалай сипатталады?

4) Шектелген типтер дегеніміз не ?

5) Шектелегн типтің мәндеріне қойылатын талаптар.

6) Қандай кеғстелер сызықтық, тіктөртбұрышты деп аталады?

7) кестелер мен олардың элементтері қалай белгіленеді?

5.Сабақты қортындылау.

А) бағалау

Б) Үйге: кітаптағы 122-127 беттерді оқу.

Сабақ аяқталды! Сау болыңдар!



Күні:

Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы: Жиымдар (Массивтер). Паскаль тіліндегі жиымдар

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың Паскаль бағдарламалау тілі бойынша және оның ішінде жиымдар бойынша білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық: Оқушылардың программа құруға деген қабілеттерін,жиымдар туралы ұғымдарын, ізденушіліктерін, қызығушылықтарын дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс программа құра алуға, жиымдардың және Паскаль тіліндегі жиымдардың не екенін білуге, үлкенді сыйлауға, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Көрнекілігі: коипьютер, оқулық

Әдебиеттер: 1.9 сынып «информатика және есептеу техникасы негіздері»

Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова

2. 9 сынып «Есептер және жаттығулар жинағы»

Сабақтың жоспары:

1Ұйымдастыру кезеңі 2 мин

2. Үй тапсырмасын сұрау 10 мин

3.Жаңа тақырып өту 15 мин

4.Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин

5.Сабақты қортындылау 3 мин

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіңдер ме балалар? Отырыңдар. Сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?

2. Үй тапсырмасын сұрау. Тест тапсырмасы арқылы.



Тест

I – нұсқа

1.Символдық мәліметтерді өңдеуде символдық типті анықтайтын түйінді сөз.



  1. String

  2. Char

  3. Real

  4. Integer

2. Символдық айнымалының компьютер жадынан алатын орны.

  1. 1 байт

  2. 2 байт

  3. 3 байт

  4. 4 байт

3. Бүтін типтегі өрнекті символға түрлендіретін стандартты функция.

  1. Ord

  2. Pred

  3. Chr

  4. Succ

4. символдық деректерді пернетақтадан енгізетін оператор.

  1. Writeln

  2. Input

  3. Read

  4. Output

5. Сканерлеу кодын жүзеге асыратын функция.

  1. EOLN

  2. Readkey

  3. CRT

  4. NOT

6. EOLN (end of line ) –

  1. Жол басы

  2. Программа соңы

  3. Жолдың соңы

  4. Программа басы

7. Жолдың ұзындығын анықтайтын функция

  1. String

  2. Integer

  3. Single

  4. Real

8.Тіркестік өрнек дегеніміз не?

  1. Символдар саны 256 символдан асатын апостраф ішіне алынған символдар тізбегі;

  2. Мәліметтердің құрылымдық типі;

  3. Функцияларды, процедураларды, тұрақтыларды, айнымалыларды енгізуге арналған тіркестер;

  4. Амал белгілері, тіркестік тұрақтылар, айнымалылар, функция атауларынан құрылған , ұзындығы 256 символдан артпайтын тізбек;

9. Біріктіру амалын орындайтын функция.

  1. Insert

  2. ConCat

  3. Pos

  4. Upcase

10. Паскаль тілінің стандартты функциялары.

  1. CHR,ORD

  2. COPY,ConCat

  3. Length,Pos, Upcase

  4. Барлық жауап дұрыс



Тест

II – нұсқа

1. символдық мәліметтерді шығару операторы .



  1. Write

  2. Read

  3. Input

  4. Output

2. Кіші латын әріптерін бас әріпке айналдыратын функция.

  1. Ord

  2. Pred

  3. Succ

  4. Upcase

3. Жолдық тұрақты жегеніміз не?

а)Символдар саны 256 символдан аcпайтын апостраф ішіне алынған символдар тізбегі;

b)Мәліметтердің құрылымдық типі;

c)Функцияларды, процедураларды, тұрақтыларды, айнымалыларды енгізуге арналған тіркестер;

d)Амал белгілері, тіркестік тұрақтылар, айнымалылар, функция атауларынан құрылған , ұзындығы 256 символдан артпайтын тізбек;

4. Тіркестік айнымалының мәніндегі символдар санын қай функция арқылы анықтаймыз?



  1. Upcase

  2. Pos

  3. conCat

  4. Length

5. S= ‘ ДЭЕМ IBM’ берілген, delete (S,1,4) болғанда нәтиже қандай?

  1. ‘ДЭМ’

  2. ‘IBM’

  3. ‘ЭЕМ’

  4. ‘ЭM IBM’

6. «Информатика» сөзінің ұзындығы нешеге тең?

  1. 13

  2. 11

  3. 14

  4. 12

7. ‘MS-DOS’<’ MS-dos’ амалы орындалғанда нәтижесі ...

  1. False

  2. True

  3. String

  4. Single

8. Паскаль тілінің сөз тіркесмтерін өңдейтін процедуралар.

  1. CHR, ORD, COPY, CONCAT

  2. DELETE, INSERT, STR, VAL

  3. LENGTH, INSERT, ORD, COPY

  4. UIPCASE, STR, CHR, CONCAT

9. Символдық айнымалының компьютер жадынан алатын орны.

a)1 байт


b)2 байт

c)3 байт

d)4 байт

10.Тіркестік өрнек дегеніміз не?

a)Символдар саны 256 символдан асатын апостраф ішіне алынған символдар тізбегі;

b)Мәліметтердің құрылымдық типі;

c)0Функцияларды, процедураларды, тұрақтыларды, айнымалыларды енгізуге арналған тіркестер;

d)Амал белгілері, тіркестік тұрақтылар, айнымалылар, функция атауларынан құрылған , ұзындығы 256 символдан артпайтын тізбек;




Жауаптары:
I – нұсқа II – нұсқа
1.b 1.a

2.a 2.d


3.c 3.a

4.c 4.d


5.b 5.b

6.c 6.b


7.a 7.b

8.d 8.b


9.b 9. a

10.d 10.d


3.Жаңа тақырып түсіндіру.
Енді бүгінгі біздің өтетін жаңа тақырыбымыз Жиымдар (Массивтер) және Паскаль тіліндегі жиымдар деп аталады. Дәптерлеріңе бүгінгі күн мен жаңа тақырыпты жазып қойыңдар. Сонымен бүгінгі жаңа тақырыбымызға көшсек.

Мәліметтерді ұйымдастырудың кестелік тәсілі. Бұған дейін біз алгоритм құрастыру жйында айтқан едік, бірақ оған қатысатын объектілер туралы айтылған жоқ болатын. Негізінде, алгоритмді қарастыруда оған керекті деректер қалай ұйымдастырылғаны туралы: реттелген, нөмірленген т.б. білуіміз керек. Тек оператор мен командаларды ғана емес, оларға қажет деректерді де дұрыс орналастыра білу керек.

Мәліметтерді ұйымдастыру тәсілдерінің кең тараған түрі – кестелік тәсіл. Кестелік мәліметтермен күнде жұмыс істейміз десек, артық болмас. Шахмат турнирінің естесі, сынып журналы, көбейту кестесі, көрермендер залындағы орындар схемасы – барлығы да мәліметтерді кестелік түрде ұйымдастыру тәсілінің мысалы.

Мысалы, 9 «а» - сынып оқушылары әдебиеттен шығарма жазды делік, солардың ішіндегі Байжанов Д. қандай баға алғанын білгіміз келсе, «Әдебиет» пәні бетін ашып, Байжанов Д. деп жазылған жолды тауып, алған бағасын қараймыз. Жол мен бағана қиылысындағы іздеген бағаны тауып аламыз.

Сабақтан соң театырға барындар делік. Билетке сәйкес залдағы орынды қалай табасың? Алдымен тура жүріп, өз қатарымызды, сонан соң қатар бойымен жылжып керекті орынды табамыз.

Осы мысалдардың ұқсас екені айтпаса да түсінікті. Сынып журналындағы баға мен театр залындағы әр түрлі болғанымен, олардың орналасуы өте ұқсас: ұзындықтары бірдей бірнеше қатарлардан (жолдардан) тұрады. Мәліметтерді осылай орналастыру тәсілі кестелік деп аталады. Кесте бір – ақ жол болуы да мүмкін. Мұндай кесте сызықтық деп аталады. Бірнеше жолдан тұратын кесте тіктөртбұрышты кесте деп аталады.

Сызықты және тік төртбұрышты кесте элементтерімен жұмыс істеу үшін оларды бір ережеге сәйкес (жүйелік тәрттіппен) белгілеп қолданылады. Кесте жолдарын жоғарыдан төмен қарай, ал бағаналарды солдан оңға қарай белгілеу қабылданған. А сызықтық кестенің і – орынында тұрған элементі А[і] болып жазылады, ал итіктөртбұрышты Х кестесінің і-ші жолы мен j – ші бағанасының қиылысында орналасқан элемент Х [і j] болып белгіленеді. Мысалы төмендегі А кесіндісінде:

7 2 3 34

4 5 0 – 3

1 3 8 1.2

А [1,1]=7, А [2,3]=0, А [1,3]=3, А [2,4]=3.2.

Программалау тілдерінде кестелік мәліметерге жиымдар (массивтер) сәйкес келеді.

әр түрлі программалау тілінде жиымдарды жазу ережесі әр түрлі бола береді. Мысалы, бір сыныптағы N оқушысының бойлары алгоритмдік тілде бірөлшемді жиыммен былай беріледі: нат R(N). N –– осы жиым элементтерінің мүмкін болатын ең үлкен макксимальді нөмірі. Бұл жиым Паскаль тілінде R(N) болып жазылады. Жиым эелементтері нөмірленген (индекстелген) айнымалылар болып табылады. Айнымалы аты жиым атымен бірдей болады. сынып оқушыларының бойларфы жиым түрінде берілсін делік. Сонда R(N) жиымы эелементтрін әрқайсысы үшін ашып жазуға болады: R(N)=[156, 162, ...., R[i], ..., 164], мұндағы индекстер (тік жақша ішінде) жиым элементтері нөмірін анықтайды; R[i] – жиымының і –ші элементі.

Жоғарғы мысалда бірөлшемді (сызықтық) жиым берілген, екіөлшемді жиымның мысалы ретінде көбейту кестесін нат Т[1:9, 1:9] қарастыруға болады. оның әр бір элементі Т[i,j] индекстерінің көбейтіндісіне тең болады. екіөлшемді жиым индекстері: і – жол нөмірі, j – бағана нөмірі. Алгоритімдік тілде ол былай болып жазылады: кесте бүт G[I:N].

Төмендегі кесте алты бағанадан тұрады. әрбір бағана – бірөлшемді жиым. Оларды реттеп алгоритмдік тілде жазып шығайық.

5.1 кесте.



Фамилиясы

F[I:N]

Туған жылы G[I:N]

Бойы

R[I:N]

Салмағы

W[I:N]

Спорт

S[I:N]

1

Байженов

1991

156

52,2

0

2

Бақытұлы

1990

162

61,5

1

...

...

...

...

...

...



Серіков

1991

164

59,4

0

Бірінші жиым – тізімдегі оқушылар нөмірі. Бұл натурал сандар қатары, нат. N[1:N]

Екіншісі – оқушының аты – жөні – литерлік (символдық, жолдық) шамалар жиымы лит F [1:N]

Үшінші, төртінші жиымдар – туған жылы мен бойларының ұзындығы – бүтін сандар жиымы бүт G [1:N] және бүт R [1:N]

Бесінші – оқушылар салмағы – нақты сандар жиымы нақ W [1:N]

Соңғы, алтыншы жиым – олар айналысатын спорт түрі. Бұл логикалық шамалар жиымы, лог S [1:N]

Кесте жолдарында берілген мәліметтер – жазба болып табылады.
Паскаль тіліндегі жиымдар

Жиым – бұл бір атаумен белгіленіп біріктірілген біртекті элементтер жиыны. Жиындардың негізгі параметріне оның типі (сандық, символдық, логикалық), өлшемі (бірөлшемді, екіөлшемді т.с.с) және көлемі (жиымдардың әрбір өлшемдегі элементтерінің саны) жатады.

Паскаль тілінде қарапайым айнымалылармен қатар жиым түрінде біріктірілген айнымалылар да жиі кездеседі. Мысалы, нақты сандардан құрылған төмендегі тізбекті

1.6, 14.9, -5.0, 8.5, 0.46, 2.25, -9.85, 6.27, 5.7, -3.2

бірөлшемді жиым деп, оған А деп атау беруге болады. жиымның әр элементі жиымның атымен белгіленеді де, тік жақша ішіне оның индексі қойылады. Математикада жиым вектор түріндекөрсетіледі де, А1, А2, ...,Аn немесе жалпы түрде Аi, i=1, 2, …, n болып өрнектеледі. Индекстер нақты типтен басқа кез келген скаляр (реттелген) тұрақты немесе өрнек күйінде бола береді. Жиым элементтерінің саны оның индексінің мәнімен және олардың өзгеру аралығымен анықталады.

Жиымды сипаттау үшін array of тиімді сөз қолданылады.

Оның жазылу пішімі:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет