Сабақтың тақырыбы : Тахауи Ахтанов



Дата19.05.2017
өлшемі77,88 Kb.
#16493
түріСабақ
Сабақ жоспары

Күні: 11.02.16ж

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 8 "А"- сынып

Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесіндегі өнер иелерінің тағдыры

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылығына шолу, шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнын, күй өнерінің құдіретін ұғындыру;

2.Дамытушылық: оқушылардың шығарма кейіпкерлеріне жан-жақты талдау жасап, кейіпкерлерге сын тұрғысынан баға беріп, өз ой-пікірін еркін білдіруге дағдыландыру;

3.Тәрбиелік: балаларды байсалдылыққа, шыдамдылыққа, қазақ халқының күй өнерін дәріптеуге, өнерге деген қызығушылығын арттыру және оның құдіретін тануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың типі: бекіту сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: ақынның портреті, үнтаспа

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сынып оқушыларымен сәлемдесу. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

̶ Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

(Оқушылар орнынан тұрып ілтипат көрсетеді).

̶ Отырыңыздар!

ә) Сыныпты түгендеу (кезекшімен сұхбат арқылы сынып оқушыларын тексеру).

̶ Оқушылар, бүгін сыныпта кім кезекші?

̶ Бүгін сыныпта мен кезекшімін

̶ Рахмет, _______. Бүгін сыныпта кім жоқ?

̶ Бүгін сыныпта ...

̶ Үйге қандай тапсырма берілді?

̶ Үйге Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылық жолы және «Күй аңызы» әңгімесін оқып келу берілді.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Ой қозғау «Әріптер сөйлейді»

К- Тахауи Ахтанов қай жылы және қай жерде дүниеге келді? (Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетірқыз ауылында дүниеге келген)

Ү- Қай жылдар арасында “Қазақ фильм” киностудиясының сценарий бөлімінің бастығы қызметін атқарды? (1951-53 жж)

Й- Тахауи Ахтанов кім? (жазушы, аудармашы, драматург, редактор)
А- Қаламгердің драмаларын ата («Сәуле», «Боран», «Ант», «Әке мен бала», «Махаббат мұңы»)

Ң- 1966ж қандай сыйлық берілді? (Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді)

Ы- 1953-1954 жылдар аралығында қандай қызмет атқарды? (“Әдебиет және искусство” (қазіргі “Жұлдыз”) журналының редакторы)

З- Қай жылы Тахауи майданға аттанды? (1941 жылы)

Ы- Жазушының алғашқы әңгімесі? («Күй аңызы» әңгімесі)
ІІІ. Ой қозғау кезеңі:

«Нар идірген» күйі тыңдалады.



Жаңа сабақ «Мағынаны тану» әдісі бойынша басталады.
1) Әңгіменің композициялық құрылымын талдау. (оқушылар дәптерлеріне жазып отырады)

Оқиғаның басталуы (экспозициясы): Екі күйшінің жолға шығуы, күйшілер әңгімесі.

Оқиғаның дамуы: Жалғыз нардың кезігуі, аруананың зары, домбыраға тіл бітуі, жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі.

Оқиғаның шиеленісуі: Шал мен Естеместің бір-біріне қолқа салуы.

Оқиғаның шарықтау шегі: Жаңа күйдің пайда болуы.

Оқиғаның шешімі: Күйшінің жолын жас жігітке беруі немесе нардың июі.

«Кейіпкерлер әлемі»

2) Оқулықтан кейіпкерлер портретін табу

Бірінші қатар: Естемес портретін табу. (Жасы елуді алқындырған, тарамыс денелі, әдемі, дөңгелек сақалды, биік мұрынды, кішілеу өткір көзі биік қабағының астында терең әжім ұялаған қағылез кісі)

Екінші қатар: Оразымбет бейнесін табу. (Астында жалың өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған көк қамзол, талдырмаш белін қызыл күдері белбеумен қынай буған, басында төбесін көк мақпалмен тыстаған құндыз бөрік)

Үшінші қатар: Қарт пен Жаңыл бейнесін табу. (Жасы он алты-он жетілер шамасында болар. Қою қара қасты, дөңгелек жүзді, талдырмаш денелі, қара торының сұлуы)
3) Концептуалдық кесте (кейіпкерлерге баға беру)



Кейіпкерлер

Өмірге қызығушылығы

.Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерлерге баға берудегі өз ойыңыз

1.

Естемес

Жасы егде тартса да отбасын құруды ойлайды

Түсінігі мол, есті, Оразымбетке жолын береді




2.

Оразымбет

Өнерді сүйетін, тәрбиелі шәкірт

Үлкенді құрмет тұтады, ұғымтал




3.

Жаңыл

Жігерлі жан, өз бақытын табудаөжеттік таныта білді

Кішіпейіл, ибалы, өжет.




4.

Қарт

Жоқшылыққа төзе білген, қиындыққа мойымаған жан

Көпті көрген, қонақжай, есті кісі





4) Тест интервью.

1.Неліктен әңгіме «Күй аңызы» деп аталады? (Оқушылар өз ойларымен бөліседі)

2. Жаңылдың мінезі ұнады ма? Несімен ұнады? (Ақылды, ибалы, инабатты, өжет. Өз болашағын егде адаммен өткізгеннен жастау жігітпен өткізгенді дұрыс санаған ол өжеттілік танытты)

3. «Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің сырын аш. (Әкесі мен Естемес арасындағы әңгімені естіген Жаңыл таңдауы жас Оразымбетте екенін астарлап жеткізгісі келді)

4. Әңгімеде ұнамсыз кейіпкердің болмауы не себепті деп ойлайсың? (Себебі әңгімеде көп шиеленіскен оқиға жоқ, тек күйдің туындауы ғана берілген. Сондықтан ұнамсыз кейіпкер жоқ)
ІV. Сабақты бекіту:

5)«Сандық» Әңгімеден алған әсерің? Несімен әсер етті?
V. Қорытынды:

6) Тест тапсырмасы

І-нұсқа

1. Тахауи Ахтановтың алғашқы әңгімесі?

а) «Дала аңызы» ә) «Боран» б) «Күй аңызы» в) «Махаббат мұңы»

2. «Екі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар». Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

3. «Қасымда тұрсаң да, алыстағы арманым екенсің, күй қанатымен қуып көрейін» Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

4. «Сөзім –сөз. Өнерің жетсе тілегіңді бердім, қарағым». Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

5. Әңгімедегі Жаңылдың жасы?

а) 15-16ж ә) 14-15ж б) 16-17ж в) 17-18ж

6. «Бір жылдан бері мен аңдамаған мінезін осы бүгін көрсетті-ау». Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

7.«Апырым-ай, осы мал жарықтықтың күйге елтитіні болады деуші еді…» Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл
ІІ-нұсқа

1. Әңгімедегі кең жазықтың шетінде оқшау тұрған жалаңаш тау

а) Алтай ә)Бурабай б) Ипан в) Сарыарқа

2. «Бір жылдан бері мен аңдамаған мінезін осы бүгін көрсетті-ау». Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

3.«Апырым-ай, мынауың, шынында да, елде жоқ қолқа екен» Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

4. «Кім біледі, жер ортасынан асқанда тәңірінің сарғайтып барып бұйыртқаны осы болар». Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

5.«Аһ, сабазың шыңыраудан суырып шығарды-ау» . Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

6. Кімнің сөзі: «Қашан кемеліне келтіргенше көп алдына салмаған жөн»

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

7. Әңгімеде қандай жануар суреттеледі?

а) жылқы ә) түйе б) қой в) сиыр



Жауаптары

І-нұсқа ІІ-нұсқа

1-Б 1-Б


2-В 2-Б

3-Ә 3-А


4-А 4-Ә

5-Б 5-Б


6-Б 6-Ә

7-А 7-Ә


VІ. Үйге тапсырма: «Қазақ күй өнері» деген тақырыпқа ой толғау жазу.

VІІ. Бағалау: оқушылардың ынтасына, сабақ үстіндегі белсенділігіне қарай білімдері бағаланады.

VІІІ. Қоштасу:

̶ Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!




Мұғалім: Ташетова А.С « » ___________

Әдіскер: Искакова Л.К « » ___________
Каталог: uploads -> doc -> 0d96
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d96 -> Қызылорда облысы Қармақшы ауданы "Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі"
0d96 -> Сабақтың тақырыбы: Етістіктен өткенді қайталау. Сабақтың мақсаты: білімділік
0d96 -> Сабақтың міндеттері: Білімділігі өсімдіектерге тән барлық ұлпалар жайлы толық мағлұмат беру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет