Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер»
|
Мектебі: «А.Байжанов атындағы орта мектеп» кмм
|
Уақыты,күні:
3.02.-4.02.2020
|
Мұғалімнің аты-жөні: Тезекбаева Карлыгаш
|
Сынып: 6«а,ә,б»
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Тірі табиғаттағы үдерістер
|
Оқу мақсаты(оқу бағдарламасына сүйеніп)
|
6.4.2.8 - ағзадан бөлініп шығатын өнімдерді атау;
§39. АҒЗАЛАРДЫҢ ТІРШІЛІГІНДЕГІ БӨЛІП
ШЫҒАРАТЫН ӨНІМДЕРІ.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар: Ағзалардың тіршілік әрекетінде бөліп шығару өнімдерін біледі.
|
Оқушылардың басым бөлігі: Тірі ағзалардың тіршілік әрекетінде бөліп шығару өнімдерінің сызбалар арқылы сипаттайды және ажырыта алады.
|
Кейбір оқушылар: Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындайды.
|
Бағалау критерийлері:
|
Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді.
• Ағзадан бөлінетін өнім түрлерін анықтайды.
• Өсімдіктер мен жануарлардан бөлініп шығатын өнім түрлерін
топтастырады.
• Адам ағзасы қоршаған ортадан не алады және не бөліп шығаратынын біледі.
|
Тілдік мақсаттар:
|
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тақырыптар: Өз ойларын ауызша және жазбаша жеткізе білуге, мәтіннің мазмұнын әңгімелеуге үйрету.
Оқылым: Мәтінді оқи отырып ағзадан бөлінетін өнім түрлерін зерделейді.
|
Тыңдалым: сурет, сызбалармен жұмыс жүргізіп, шағын топтарда бір-бірінің пікірлерін тыңдайды.
|
Жазылым бойынша ұсыныстар: Ағзалардың соның ішінде өсімдіктер мен жануарлардың бөліп шығару өнімдерін салыстырмалы түрде жазбаша сипаттайды.
|
Негізгі терминдер мен ұғымдар: Заттың бөлініп шығуы,Бөлініп шығатын заттар, Зат алмасу.
Выделение, Продукты выделения, Обмен веществ.
Excretion, Excretion products, Metabolism.
|
Құндылыққа бағытталуы:
|
«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеяға сай құндылығы:
-Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет көрсету;
-Азаматтық жауапкершілікке баулу;
- «Өмір бойы білім алу».
|
Пәнаралық байланыс:
|
биология, химия.
|
Алдыңғы білім:
|
§38. АДАМНЫҢ ТЫНЫС АЛУЫ
|
Сабақ барысы
|
Жоспарланған сабақ кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған жаттығулардың түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу. Бір-біріңе бұрылып, күлімдеп, сабақта жағымды көңіл – күй тілеңдер? Енді маған қараңдар. Мен де сендерге тату жұмыс істеп, жаңа білім алуды тілеймін.
Сыныпты 1-топ: 2-топ: 3-топ: 4-топ: топқа бөлу.
Тапсырма №1: Үй тапсырмасы мен жаңа сабақ мазмұнын ашу үшін «Бинго» ойыны ойнатылады.
Тыныс алу дегеніміз не? (Тыныс алу деп қоршаған орта мен ағза арасындағы газ алмасу үдерісін атайды)
Адамның тыныс алу мүшелеріне қандай мүшелер жатады? (мұрын қуысы, кеңсірік,кеңірдек,бронхылар,өкпе)
Тыныс алу мүшелерінің қызметі қандай? (сыртқы орта мен ағза арасындағы газ алмасуын реттеу)
Бір минутта адам ауа жұтқандағы ауа құрамы қандай? (5–9 литр ауаны жұтады. Тыныс алу кезінде адам 79% азот, 21% оттек, 0,03%көмірқышқыл газы мен су буларын қабылдайды)
Адам өкпесінен шыққан ауа құрамы қандай? (Оттек – 16%
Көмірқышқыл газы – 4%,Азот –79%,Су булары көбейеді.)
Не себепті тыныс алу мүшесіне күтім керек? (Өте жақсы тыныс алуымыз үшін қажет)
Заттарды бөліп шығару үдері қандай тірі ағзаларға тән деп ойлайсыңдар? (Адамның, жануардың, өсімдіктің,
саңырауқұлақтың және микроағзалардың денесінде үнемі зат алмасу үдерісі жүреді деп ойлаймын.)
Заттарды бөліп шығару дегенді қалай түсінесіңдер? (Келіп түскен қоректік және минералды заттар қорытылады, оның қорытылмаған бөлігі сыртқа шығарылуы)
Бөліп шығару дегеніміз не? (зат алмасу үдерісі барысындағы зәр, улы заттар, тұз және қорытылмаған қоректің сыртқа шығарылуы.)
ҚБ: «Ду қол шапалақ» әдісі.
|
Слайд,
Жаратылыстану 6-сынып. Б.Ш.Әбдіманапов, С.Е.Нүркенова, А.Ү.Әбілғазиева, Г.У.Әуезова Алматы «Атамұра» 2018
|
Сабақтың ортасы
|
Тапсырма №2: «Постер» әдісі. Әр топқа тақырыпшалар мен тапсырмалар беру.
1-топ: «Зат алмасу кезеңдерін сызып жазыңдар»
2-топ: «Өсімдіктердің тірішілігіндегі бөлініп шығатын заттарды тізіп атау»
3-топ: «Жануарлардың тіршілігіндегі бөлінділерді атаңдар»
4-топ: «Адам ағзасындағы зат алмасудың сызбасын сызыңдар»
Дескриптор: білім алушы
Зат алмасу кезеңдері сызып талдайды;
Өсімдіктердің тіршілігіндегі бөлініп шығатын заттарын атайды;
Жануарлардың тіршілігіндегі бөлінділерді жазады;
Адам ағзасындағы зат алмасудың сызбасын сызады;
ҚБ: «Көңіл күй смайликтері» әдісі.
Тапсырма №3 Сергіту сәті «Микроскоп бөліктерімен танысу»
Тапсырма №4 «Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары» (жеке жұмыс тапсырмалары)
А)Өсімдіктер мен жануарлардың бөліп шығаруы несімен ажыратылады? Салыстырмалы кесте құраңдар?
Тірі организм
|
Бөліп шығару мүшелері
|
Бөліп шығару мүшелері
|
Өсімдік
|
|
|
Жануар
|
|
|
Адам
|
|
|
Б)Саралап оқыту.
1-деңгей. Қоршаған ортадан адам ағзасы нені алады.Сипаттама бер?_____________________________
2-деңгей. Қоршаған ортаға адам ағзасы нені шығарады? Сипаттама бер?___________________________________
3-деңгей. Өсімдіктер бөліп шығаратын өнімдерге не жатады?_________________________________________
В)Биологиялық диктант.
Өнімнің бөлініп шығуы- зат алмасу үдерісі барысындағы өнімнің және жиналып қалған - - - -, - - -, - - - ,- - - немесе қорекпен бірге түскен артық заттардың- - - - - - - - - -. Өсімдіктер өмір сүруі барысында қажетсіз және артық өнімдерді ------------ --------- ------ сыртқа шығарады. Адам ағзасы қоршаған ортадан----------- алады, қоршаған ортаға ------------- шығарады.
Дескриптор: білім алушы
А)Салыстырмалы кестені жазады;
Б)Сұрақтарға жауап береді;
В)Биологиялық диктантты жазады;
ҚБ: «Өте жақсы, жақсы,талпын»мөр басу әдісі.
|
Слайд, А3 формат қағаз, маркерлер.
Оқулық суреттері, «Бөліп шығару жүйесі»кестесі , «Организмдердің бөліп шығару өнімдері»
Микроскоп
Үлестірме қағаздар
|
Сабақтың соңы
|
Кері байланыс «БББ» стратегиясы
Білемін
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
|
|
|
Үйге тапсырма: §39. АҒЗАЛАРДЫҢ ТІРШІЛІГІНДЕГІ БӨЛІП ШЫҒАРАТЫН ӨНІМДЕРІ оқу.
|
Стикерлер
|
Дифференциация – қандай тәсілмен көбірек қолдауды қалайсыз? Басқалармен салыстырғанда қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
|
Бағалау-оқушының оқу материалын меңгеруін қалай тексересіз?
|
Денсаулықты және техникалық қауіпсіздікті сақтау
|
Қосымша көмек көрсету үшін оқушыларға тапсырмалар беріледі, критерийлерге сүйене отырып, оқудан күтілетін нәтижелерді белгілеу.
Қабілеті жоғары оқушылар салыстыру, талдау, қорытынды жасау, сондай-ақ шығармашылық ойлауды талап ететін қиындығы жоғары тапсырмаларды шешу кезінде берілген мəселенің бірегей шешімдерін табу.
|
Үй тапсырмасын сұрау мен жаңа тақырыпты ашу кезінде «Бинго» ойыны ойнатылады. Оқушыларды бағалауда ҚБ: «Ду қол шапалақ» әдісін қолданамын. Жаңа тақырыпты түсінулері үшін «Постер» әдісінде әр топқа шағын тақырыпша беріп, әр топ бір-бірлерін ҚБ: «Көңіл күй смайликтері» әдісі арқылы бағалайды. Сергіту сәтінде ортаға оқушылар шығып микроскоп құрылысымен танысады. Жаңа тақырыпты жинақтау және бағалау мақсатында оқушыларға қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын үлестіріп , бүгінгі алған білімдерінің нәтижесін ҚБ: «Өте жақсы, жақсы, талпын» мөр басу әдісі арқылы бағалаймын.
|
Биология кабинетінде қауіпсіздік ережесін ұстануға баулу, сынып тазалығын қадағалау.
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
Оқушылар ағзалардың бөліп шығару өнімдері туралы білді.
Сабақ қалыпты деңгейде өтті.
Оқу мақсаты орындалды,оқушылар жаңа сөздердің мағынасын түсінеді,сурет ішінен таба алды,сипаттай білді.
Тапсырмалар сәйкес болды. Уақытты тиімді пайдаланамын.
Жоспарыма өзгеріс енгізген жоқпын. Сабақ соңында кері байланыс оқушылардан аламын.
Кері байланыс «БББ» стратегиясы
Білемін
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
|
|
|
|
Қорытынды бағалау
1. Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1: «Бинго» ойыны
2: «Постер» әдісі
2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты )?
1: Артық уақыт берілсе
2: «Кубизм» әдісін пайдалану
3. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, /қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|