Сабақтың тақырыбы : «Түлкі мен қоян»



бет24/35
Дата29.12.2021
өлшемі211,41 Kb.
#106215
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35
Байланысты:
ЕРТЕГ-ЛЕР Тех карталар

Көрнекі құралдар:қуыршақ театры, теледидар, қақпа, магнитті тақта, тақырыпқа сай үлгілер.

Керекті құрал-жабдықтар:ақ парақ, түрлі-түсті субояқ, жай қалам, желім, қызғылт түсті қағаз, сулық, допшалар, құм жәшігі.

Билингвистикалық компонент: күн – солнце – sun , апа – бабушка – grandmother

ата – дедушка – grandfather.



Инклюзивтік әлеумент: даму мүмкіншілік шектеулі балаларға жеке көмек көрсету.

Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше болғалы тұр. Қәне қонақтармен сәлемдесейік.

- Біз әдепті баламыз ,

Біз ерекше боламыз .

Қонақтарды көргенде

Сәлеметсіздер ме ? – деп ,

Сәлемдесіп аламыз .

Шаттық шеңбері:

Балабақшам, армысың !

Сені жақсы көремін .

Достарым менің бармысың !

Құшақтасып алайын .

-Балалар бүгінгі күніміз сәтті өту үшін берілген карточкадағы суретке байланысты жылы лебіздеріңді білдіріңдерші.(Магнитті тақтаға суретті іліп тілегін айтады)

«Күн» - Әрқашан күн сөнбесін .

«Су» - Суымыз тұнық болсын .

«Нан» - Нанымыз көп болсын .

-Күнді орысша не дейді ? Ағылшынша не дейді ? (солнце – sun )



Ұйымдастыру.

- Сендерге ертегі ұнайды ма ?

Ертегі тыңдағанды жақсы көрксіңдер ме?

Көздерін жұмып жақсы көретін ертегілерін елестетіп , кім қай ертегіні елестеткендерін, сұрастырады.(мен «бауырсақ» ертегісін көрдім...т.с.с.)

Ертегі қандай сөздермен басталады ?(ерте,ерте,ертеде...)

Қандай ертегілер болады ?(аңдар туралы, құстар туралы,қиял-ғажайып..)

Қандай елдің ертегілерін білесіңдер? (орыс, қазақ, неміс...)

-Ал, енді балалар мен сендерге ертегі айтып берейін.(ертегі айтылып жатқанда қуыршақ театры арқылы көрсетіледі )

-Ерте,ерте,ертеде бір ауылда Асанбай ата мен Жамиля апа өмір сүріпті.(Олардың Құралай деген қыздарын мыстан кемпір ұрлап кетіп балалардан көмек сұрайды,балалар уәде береді.).Осы кезде қорқынышты әуен шығып мыстан кемпір ұшып келеді.

- Сендер мұнда неге жиналып алғансыңдар?

-Мыстан ханым сізге қояр датым бар.Біз, Құралай қыз сізде деген хабар есті- дік.Қызымызды қайтарсаңыз қандай болсада шартыңызды орындаймыз.

-Мына балалардың қолынан не келеді дейсің.

-Бәрі келеді «Үлкеннен ақыл, кішіден ізет сұра » демейме атам қазақ.Балалар гүл егеді, үй соғады...т.б.(балалар түлі-түсті мақталы таяқшамен үйдің пішінін құрастырады ,тақпақ айтады.

Біздің үйде ән тарап ,

Думандатар өмірді .

Біздің үйде салтанат ,

Біздің үйде көңілді .)

-Сендер бір үйде тату тұралмайсыңдар . Ертегідегі аңдар секілді үйлерің сынып қалады.

- «Бірлік бар жерде тірлік бар» демекші достық шеңберін жасап , дос туралы өлең тақпақ, мақал-мәтелдер айтып беріңдерші. (Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды.)

-Мыстан ханым Құралайды жіберіңізщі.

-Жоқ , мен балаларды шаршатамын,

тапсырмаларды орындамай қалса Құралай өзімде қалады.

Мыстан балаларға ертегілерді шатастырып айтып қатесін табуларына ұсыныс жасайды.

Д/о.Дұрысын тап.(Баяғыда бір ешкінің жеті қозысы болыпты...т.с.с.)

-Мыстан ханым балалар теледидардағы тапсырманы да орындай алады. Ойынның аты «Мен бастаймын,сендер аяқтаңдар » (теледидардан топтағы бір баланың анасы тапсырма береді.Мысалы:ата мен апаның суретін көрсетіп «Баяғыда.......» ата мен апа болыпты - деп балалар аяқтайды).

-Мыстан ханым бір келісімге келейік. Жол жүріп шаршап келдіңіз, балалармен бірге бойыңызды сергітіп алыңыз. Балалар сізге арнап сыйлық жасамақшы, мүмкін сонда жүрегіңіз жұмсарар.

Сергіту сәті.

Ойын: Кім жылдам.

Балалар ойын арқылы суретті карточканы (күн, гүл, жүрек ) өз қалаулары боынша тандап алып сол бойынша орталықтарға бөлінеді.

1-орталық: «Жүрек», алдын ала бейнеленген жүректі қағазды жұлмалау тәсілімен жапсырады.

2-орталық: «Гүл», жай қаламмен үзік сызықтарды қосып гүлдің бейнесін салады, саусақпен гүлді бояйды.

3-орталық: «Күн» , құм терапиясы . Өздерінің қалауы бойынша құммен сурет салады.

Саусақ жаттығуын кішкентай допшалармен жасайды.

Балалардың жұмысы көрме ұйымдастыру арқылы бағаланады.

-Қандай керемет сыйлық. Маған ешкім мұндай сыйлық берген емес.Құралай қыздарыңды қайтарып берейін. (Сиқырлы қақпадан Құралай қызды шығарады)

Асанбай ата мен Жамила апай балаларға рахмет айтып қоштасып кетеді .

-Балалар сендерден жақсы қасиеттерді үйрендім.Мен енді мейірімді боламын. Рахмет сендерге ,сау болықдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет