Сабақтың тақырыбы : «Түлкі мен қоян»



бет5/35
Дата29.12.2021
өлшемі211,41 Kb.
#106215
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
ЕРТЕГ-ЛЕР Тех карталар
аныктама
Рефлекциялық-түзетушілік

 

-         Қандай ертегімен таныстыңдар?

 

 





























 

 

Күтілетін нәтиже:



Орындайды:  сөзге дыбыстық талдау жасауға , буынды жалғастырып сөз құрауға, сұрақтарға жауап беріп, ертегі мазмұнын айтуға берілген тапсырмаларды;

Түсінеді: ертегі мазмұнын;

Қолданады: түлкінің құйрығын тауып, үзік сызықтарды қоса білу дағдыларын.

Мұздақ ертегісі 

Білім беру саласы: «Қатынас»


Бөлім: «Жоба»
Тақырыбы: «Мұздақ» ертегісі
Әдіс - тәсілдері: тәжірибе түрде, ертегі айту.
Көрнекілігі: стакандағы су, мұз текшелері.
Мақсаты:
• Балаларды (судың бір күйі) мұздың сапасымен ж/е қасиеттерімен таныстыру.
• Алған ұғымдар негізінде қауіпсіздік ережелерін қалыптастыру.
• Балалардың танымдық қызығушылықтарын арттыру.

Қостілділік компонент: Мұз - лед, мұздақ - сосулька.


Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Психологиялық жаттығу: «мөлдір су»
Үлкен - кіші бәріміз
Дос болайық сумен біз – деп алақандарын түйістіртіп, бір - біріне жылу бергізіп, күлімсірету.

Ұйымдастыру іздестіруші


Ғажайып сәт: (судың сылдыры, әуен ойналып) топқа «Су ана» келеді.
Су ана: Сәлеметсіздер ме балалар! Балалар сендерді мен туралы көп нәрсе біледі деп естіп сендерге өзіммен бірге тапсырма ала келдім.
Тәрбиеші: Олай болса төрге шығыңыз, жақсы келдіңіз, бүгін біз балалармен сіздің отбасыңыз туралы айтқалы отырмыз. Балаларға сұрақтар қою.
1) Қандай жыл мезгілдерін білеміз?
2) Қазір жылдың қай мезгілі?
3) Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Балалар енді біз өткен оқу іс - әрекетін есімізге түсіріп Су анаға мұз және мұздақ туралы не білетінімізді айтып берейік.
1) Мұздақты ауызға болмайды! Неге? Өйткені ол суық, тамағымыз ауырып қалуы мүмкін.
2) Мұздақты лақтыруға болмайды! Неге? Өйткені ол қатты, лақтырғанда сынып, адамға тисе денені ауыртады.
3) Көктем мезгілінде өзендегі мұз үстімен жүруге болмайды! Неге? Өйткені ауа - райы жылынып, қалын мұз жұқарып, сынып суға батып кетуге болады.
Балалар бұл мұздың зиян жақтары, ал бүгінгі жобада мұздың пайдалы жақтарымен танысып «Мұздақ» ертегісімен танысамыз. Балаларға «Мұздақ» ертегісін екі рет айтып беру.

Сергіту сәті: «Австриялық жаңбыр» (әуен арқылы)


Жаңа оқу іс - әрекетін нығайту.
Енді балалар Су ананың әкелген тапсырмаларын орындайық:
1 - тапсырма:
Алдарындағы мұз текшелерін анықтату (суық, қатты, мөлдір)
Енді осы «Мұздақ» Су ананың қызы екенін дәлелдеп көрейік. Мұз текшелерін стакандағы жылы суға салғызу. (мұз жылы жерде еріп, суға айналады).
2 - тапсырма: «Су, су емес»

Рефлексифті түзетушілік


3 – тапсырма: «Мұздақ суретін салғызу. Түсіндіріп, әдіс тәсілін көрсету. Балаларға құрбыларының ұнаған жұмыстарын таңдату, тақтаға ілу. Балалардың оқу іс - әрекетіндегі белсенділіктерін мадақтап қол соғу. Суреттерін Су анаға силау.
Су ана: Балалар сендерге көп рахмет! Сендер менің отбасым туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер. Менде сендерге құр қол келген жоқпын менің де сендерге сыйлығым бар. Су ана рахметін айтып сыйлығын беріп қоштасады.

Бауырсақ ертегісі

Білім беру саласы: Шығармашылық, Қатынас


Кіші сала: Мүсіндеу, Тіл дамыту, Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Бауырсақ»
Мақсаты: Ертегі, тақпақтар арқылы балалардың тілдерін дамыту. Балаларды ертегілерден қарапайым сюжетті бейнелеуге тарту. Үстел үстіне қойып домалақтау тәсілін үйрету. Пішінді бұзбай, таза, ұқыпты орындауға тәрбиелеу
Көрнекі құралдар: тақтайша, ермексаз, сүрткіш, үлгі мүсін, бауырсақ ертегісінің кейіпкерлері
Билингвалдық компонент: Бауырсақ – Колобок
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Психо жаттығу
Армысың, алтын күн,
Армысың, көк аспан,
Армысың, жер - ана,
Армысың, балалар.
Сәлеметсіңдер ме, апайлар.
- Балалар, бүгінгі біздің оқу іс - әрекетіміз ерекше болмақ.
Себебі бізге қонаққа көп апайлар келді.
- Балалар, сендер байқадыңдар ма мына жерде бір үй тұр. Қалай ойлайсыңдар кім бар екенін, қане қарайық. Үйден әже мен ата шығады, олар көңілсіз.

Тәрбиеші: Не болды?


Ата: Кемпір маған Бауырсақ пісіріп, терезенің алдына қойды. Ол қашып кетті.
Тәрбиеші: Жыламаңыз, Біз оны іздеуге көмек береміз.
Жолда келе жатырып қоянды кездеседі.
Қоян көңілсіз.
Тәрбиеші: Не болды?
Қоян: Мен Орманда Бауырсақты кездесіп, ойнайын десем. Ол менен қашып кетті.
Тәрбиеші: Ренжіме, біз саған тақпақ айтып береміз «Сұр қоян». Қоян көңілденіп қалады.
Жолды жалғастырайық.
Балалар қасқырға жолығады. Ол көңілсіз.
Тәрбиеші: Не болды?
Қасқыр: Бауырсақты кездесіп, шар үрлеп ойнайын десем, ол менен қашып кетті.
Тәрбиеші: Ренжіме, біз саған үйретеміз.
Ойын «Шар»

Аюды кездеседі. Аю да көңілсіз.


Тәрбиеші: Не болды?
Аю: мен Бауырсаққа бал берейін десем, ол менен қашып кетті.
Тәрбиеші: Ренжіме, біз саған тақпақ айтып берейік.
«Аю отыр партада»
Түлкі жүгіріп келіп Бауырсақты ұстап алып, қашып кетеді.
- Енді, не істейміз.
Онда біз ата мен әжеге бауырсақты жасап берейік.
Тәрбиеші жасау тәсілдерін көрсету.
- Бауырсақтың пішіні қандай?--- Домалақ
- Түсі қандай?----------- Сары
Үстел үстіне қойып домалақтау тәсілін көрсету. Пішінді бұзбай, таза, ұқыпты орындау.

Саусақты жаттығу


Бала, бала, балапан
Қане, соқшы алақан
Саусақтарың әйбат
Былай - былай ойнат
Балалар жұмысқа кіріседі. Қиындық көрсеткен балаларға көмек беру.

Қорытындылау


Біз орманда Бауырсақты қуып көп жүрдік, қараңдар ата мен әженің үйі мынау тұр ғой. Қане Бауырсақтарыңды апарып беріңдер.
Балалар Бауырсақтарын ата мен әжеге апарып береді.

«Шалқан» ертегісі

Мақсаты: Балаларға ертегіні рөлдерге бөліп ойнатудың мағынасын түсіндіру. Балалардың дүние танымын кеңейту, сөздік қорларын молайту, сөйлемдегі сөздерді, сөздердегі дыбыстарды анық айту дағдыларын қалыптастыру. Балаларды еңбек сүйгіштікке, адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.


Керекті құралдар: үй, қорған, шалқан, су құйғыш т. б

Автор:
Атай шалқан егіпті. Шалқан үйдей тіптен үйден де дәу болып өсіпті. Атай шалқанды жерден жұлып алмақ болып, шалқалай тартады. Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды тартып жұла алмайды. Атай әжесін шақырады.


Атасы:
- Кемпірім, кемпірім келші маған шалқанды жұлуға көмектесші, - дейді.
Автор: Кемпірі көмекке келеді. Әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды. Екеуі ары тартады, бері тартады шалқанды жұла алмайды да әжей немересін шақырады.
Әжей:
- Қызым, қызым бері келші, бізге шалқанды тартысып жіберші.
Автор: - дейді. Немересі көмекке келеді. Немересі әжесінің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды. Үшеуі ары тартады, бері тартады шалқанды жұла алмайды да немересі күшігін шақырады.
Немересі:
- Күшігім, күшігім бері келші бізге шалқанды жұлуға көмектесші.
Автор: - дейді. Күшік көмекке келеді. Күшік немересінің көйлегінің етегінен ұстайды, немересі әжесінің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды. Төртеуі ары тартады, бері тартады шалқанды жұла алмайды да күшік мысығын шақырады.
Күшік:
- Мысығым, мысығым бері келші бізге шалқанды жұлуға көмектесші.
Автор: - дейді. Мысық көмекке келеді. Мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немересінің көйлегінің етегінен ұстайды, немересі әжесінің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды. Бесеуі ары тартады, бері тартады шалқанды жұла алмайды да мысық тышқанды шақырады.
Мысық:
- Тышқан, тышқан бері келші бізге шалқанды жұлуға көмектесші.
Автор: - дейді. Тышқан көмекке келеді. Тышқан мысықтың құйрығынан ұстайды, мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немересінің көйлегінің етегінен ұстайды, немересі әжесінің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды. Барлығы бірігіп шалқанды ары тартады, бері тартады да шалқанды жұлып алады.
Сөйтіп барлығы үй ішімен шалқанды жұлып алып мәре – сәре болады

Ертегілер еліне саяхат

Мақсаты: Ертегіні балаларға оқып беріп, ертегі кейіпкерлерімен таныстыру. Жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді ажырата білуге үйрету. Рөлдерге бөліп ойнай білуге дағдыландыру. Сөздік қорын молайтып, тілін, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды ұйымшылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Талдар, шырша, саңырауқұлақ, гүлдер, сиыр, бұзау, үй ауласы, ертегі кейіпкерлері.

І. Ұйымдастыру кезеңі:


Құрметті қонақтар, балалар!
Біздің «Ертегілер еліне» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Ерте, ерте ертеде,
Ешкі жүні бөртеде.
Қырғауылы қызыл екен,
Құйрық жүні ұзын екен - деп біз нені бастаймыз?
Автор: Бар екен де, жоқ екен баяғыда бөдене мен түлкі дос болған екен. Бір күні түлкі бөденеге айтады:
Түлкі:
- Досым, сен мені бір өлердей күлдіртші.
Автор: - дейді.
Бөдене:
- Жарайды, соңыма ер,
Автор: - дейді. Сөйтеді де, бөдене бытпыдық, бытпындық деп, ұшып кете береді, түлкі оның соңынан еріп отырады. Әлдене уақытта бөдене бір ауылдың сыртына келіп қонып, түлкіге:
Бөдене:
- Досым сен осы жерде қарап отыр, мен сені қазір күлдіремін.
Автор: - дейді. Осылай деп бөдене ұшып барып, сиыр сауып отырған бір әйелдің басына барып қонады. Мұны үйдің жанында ағаш жонып жатқан оның күйеуі көріп:
Күйеуі:
- Қатын басыңа бөдене қонды, қозғалма, оны мен ұрып алайын.
Автор: - дейді. Дейді де қолағашты алып, бөденеге жіберіп қалады. Бөдене ұшып кетеді. Әйел сұлап қалады. Түлкі ішек – сілесі қатып күледі. Түлкі әлдене уақытта күлкісін әрең тыйып:

Түлкі:
- Досым, ризамын, өлердей күлдірдің. Енді сен мені бір өлердей қорқытшы.


Автор: - дейді.
Бөдене:
- Жарайды. Мен бытпылдың, бытпылдың деп ұшып отырамын, сен көзіңді тарс жұмып, менің соңымнан еріп отыр. Мен көзіңді аш дегенде ғана аш
Автор: - дейді. Осылай бөдене бытпылдап ұшып отырады, түлкі көзін жұмып, оның соңынан жортып отырады. Бір кезде бөдене түлкіге:
Бөдене:
- Көзіңді аш
Автор: - дейді. Түлкі көзін ашып жіберсе төңірегі тола ит жүгіртіп, құс салған аңшы екен. Түлкі жүрегі тас төбесіне шығады.
- өлді деген осы екен, - деп ол бар пәрменімен қаша жөнеледі. Ит, құс соңына түсіп қуады.
Түлкі бір уақытта қашып құтылып, бір бұтақтың түбіне келіп демалып отырады.
Әлдене уақытта бөдене келеді, оған түлкі ашуланып:
Түлкі:
- Қорқыт дегенде осылай қорқыт деп пе, ем. Сен мені қорқытпақшы емес, өлтірмекші болған екенсің. Мен сені жеймін.
Автор: - деп, бөденеге дүрсе ұмтылады. Бөдене пыр етіп, ұшып кетеді. Түлкі оның құйрығын жұлып алып қалады.
Қане енді ортаға кейіпкерлерімізді шақырайық.
Бөдене рөлін ойнаған – 
Түлкі рөлін ойнаған – 
Күйеуінің рөлін ойнаған – 
Әйелінің рөлін ойнаған - 
Аңшылар рөлін ойнағандар – 
Балалар сендер өте тамаша кейіпкер рөлінде ойнадыңдар. Сендерге көп рахмет айтамыз. Осылай барлық жерде өздеріңді белсенді, тапқыр, әртіс ретінде көрсете білдіңдер.
Ертеңгілігіміз аяқталды келген қонақтарға көп рахмет

Мақта қыз бен мысық

Білім саласы: «Қатынас»


Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің түрлері: «Тіл дамыту»
Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық»
Мақсаты: Балаларды көркем шығармамен таныстыру, ынта қойып тыңдауға дағдыландыру. Оқиға желісі бойынша дауыс ырғағын түрлендіре отырып, әңгімелеп айтып беруге үйрету. Жұмбақ, жаңылтпаш мақал – мәтелдерді жаттату арқылы баланың тілін дамыту.
Методикалық әдіс – тәсілдер: Мәнерлеп әңгімелеу, жұмбақ шештіру сұрақ – жауап жаңылтпаш мақал – мәтелдер айту әдістері қолданылады.
Сабақтың барысы: «Шаттық шеңбері»
Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Сәлеметсіздер ме апайлар!
Сәлеметсіздер ме балалар!
Балалар жылы лебізбен көңіл күймен апайларға амандасады.
Бір жылда неше мезгіл бар? – Төрт мезгіл. Күз, қыс, көктем, жаз.
Жылдың қазір қай мезгілі? – Қыс мезгілі
Қыс мезгілі неше айға бөлінеді? – Үш айға. Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Қазір қандай ай? – Желтоқсан айы
Қыс мерзімінің ерекшеліктері қандай? – Күн суық, жел, боран, аяз, адамдар жылы киімдерін киеді
Қыс мезгілі туралы жұмбақ, тақпақтар білеміз бе?
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады. (Қар)

Қыс келді, қыс келді,


Ақтарып ақ қарды.
Аралап қайтайық,
Ақ күміс бақтарды.

Кәне өткен сабақты есімізге түсірейікші. Кәне мынау қандай ертегі?


Түлкі келе жатып, қайда түсіп кетеді?
Түлкіге кім кездеседі?
Ешкі түлкіге не дейді? – Ей, түлкіжан сен не істеп тұрсын.
Түлкі: Жаным жай тауып тұр, қырда шөлдеп едім, апанда тұп – тұнық су бар рахаттанып тұрмын.
Балалар: - «Түлкі мен ешкі» ертегісі
Ал бүгінгі оқу іс – әрекетімізде Ыбырай Алтынсарин аталарың жазған «Мақта қыз бен мысық» ертегісін оқып беремін.
Балалардың зейінін тақтада ілулі тұрған бейнелі суретке аударады.
Ерте, ерте, ертеде «Мақта қыз бен мысық» болыпты. Бір күні Мақта қыз үй сыпырып жүріп, миіз тауып алады. Мақта қыз мысықты шақырады, келмейді бір кезде мысық келеді. Апа мені неге шақырдың?
Келмегесін мейізді жеп қойдым. Мысық мақта қыздың қатығын төгіп тастайды. Ал мақта қыз болса мысықтың құйрығын жұлып алады. Мысық сиырға келеді. Сиыр, сиыр маған қатық берші? – деді.
- Жоқ, менің қарным ашып тұр дейді. Мысық ағашқа келеді. Ағаш, ағаш маған жапырақ берші.
Ағаш: мен шөлдеп тұрмын, маған су әкеліп бер дейді. Мысық қыздарға барады. Қыздар, қыздар су берші дейді.
Қыздар: бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз. Дүкенші жұмыртқа бер дейді. Тауық жұмыртқа әкеліп берші дейді. Сен маған дән әкеліп бер дейді. Енді мысық не қыламын деп келе жатса ін қазып жатқан тышқанға кездеседі. Жаныңның барында айт – дейді. Тышқан қорыққаннан: үйімде бір уыс қана тарым бар – дейді. Тышқан тарыны тауыққа береді. Тауық жұмыртқа береді. Жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші сағыз береді, сағызды қыздарға береді, қыздар су береді, суды ағашқа береді, ағаш жапырақ береді, жапырақты сиырға береді, сиыр қатық береді, қатықты мақта қызға береді, мақта қыз мысыққа құйрығын береді. Мақта қыз бен мысық мұрат – мақсаттарына жетіп дос болыпты.
Осы ертегіге байланысты жұмбақтар, жаңылтпаш, мақал – мәтел білеміз бе?

Жұмбақтар


Ұрлап ішіп үйде сүтті қоймайды,
Өз құйрығын өзі қуып ойнайды.
Ол не? (мысық)

Ай далада ақ отау,


Аузы мұрны жоқ отау.
Ол не? (жұмыртқа)

Қыста киімін тастайды,


Көктемде киіне бастайды.
Ол не? (ағаш)

Шайнап – шайнап күнімен,


Тауыса алмадым бұны мен.
Ол не? (сағыз)

Жаңылтпаш


Пеш үстінде бес мысық,
Пеш түбінде бес мысық.
Бес күзетші бес пысық.

Мақал – мәтел


Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.

Еңбектің наны тәтті,


Жалқаудың жаны тәтті.
Балалар мен сендерге қандай ертегі оқып бердім? – «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.
Бұл ертегіні кім жазды? – Ыбырай Алтынсарин атамыз.
Кәне балалар ойын ойнайық. Ойын: «Кейіпкерлер не дейді»
Ойын шарты: Тақтада ертегі кейіпкерлері ілінген суреттер бар артында бірнеше сұрақтар берілген. Сұрақтарға толық жауап беру керек.
Мысық қатықты неге төкті?
Мақта қыз мысықтың құйрығын неге жұлып алды?
Ағаш не сұрады?
Сиыр не сұрады?
Қыздар мысықтан не сұрады?
Дүкенші мысықтан не сұрады?
Тауық мысықтан не сұрады?
Мысық тышқаннан не сұрады?
Көрдіңдер ме, балалар өз кесірлігінен құйрығынан айрылған мысық, қаншама еңбек етіп жүріп, құйрығын қайтарып алады.
Қорытындылай отырып осы ертегіні сахналап жіберейік.

Күтілетін нәтиже.


Білу: Балалар оқиға желісі бойынша дауыс ырғағын түрлендіре отырып әңгімелей білу.
Игеру: Балалар ертегі кейіпкерлері арқылы қуыршақ театрын сахналауды игеру.
Меңгеру: Жұмбақ, жаңылтпаш, мақал – мәтелдерді айта білуді меңгеру.Кері қайту


Түймедаққыз бен эльф достарының сиқырлы әлемі

Ортаңғы топқа ұйымдастырылған ашық оқу іс - әрекеті


Тақырыбы: “Түймедаққыз бен эльф достарының сиқырлы әлемі ” Білім беру салалары: «Таным», «Шығармашылық» Бөлімдері: “Қоршаған ортамен таныстыру”, “Музыка” Мақсаты: Балаларға ертегі арқылы музыкалық композициямен байланыстырып эстетикалық тәрбие беріп, шығармашылық қабілеттерін арттыру, музыкалық ырғақты қиялын дамыту, елестету арқылы артикуляциялық гимнастиканы және қол моторикасының қимыл әрекеттерін дамыту.

В. Шаинскийдің “Улыбка” әніне балалар залға кіреді, шеңбер бойымен кішкене жүріп тұрады. Шаттық шеңбері: Арайлап атқан таңымыз, Қайырлы болсын күніміз. Шуақты күннің сәулесі Жайнасын бүгін жарқырап! Музыка жетекшісі:- Балалар, біз қос тілде амандаса білеміз бе? - Иә, сәлеметсіз бе! здравствуйте! «Здравствуйте» муз Картушиндікі. (Балалар әндетіп амандасып шығады.) 


Музыка жетекшісі:-- Балалар, сендер ғажайып сәттерге сенесіңдер ме? (балалардың жауабы) - Бүгін мен сендерді таңғажайып гүлдер әлеміне шақырғым келіп отыр, мына сиқырлы гулдер бізді тез - ақ жеткізеді.

( Балалар гүлдерге отырады.) - Гүлдер, гүлдер Әдемі гүлдер Сендер бізді Таңғажайып гүлдер әлеміне жеткізіңдер! (балалар көздерін жұмады, музыка ойналады, көздерін ашады алақандарын созып керіледі. )


І Музыкалық - ырғақты қимылдар қиялын дамыту, елестету. (Г. Гладковтың «Добрая фея» музыка әуеніне балалар музыкалық ырғақты қимылдар жасайды.) 1 - қимыл – гүл ұйықтап жатыр. 2 - қимыл – гүл оянады. 3 - қимыл – гүл ашылады. 4 - қимыл – гүл өседі. 5 - қимыл – жайқалып билейді.

Музыка тоқтағанда, балалар шарфтың ішіндегі жылтырларды жеңіл нәзік қимылдармен жан - жағына шашады. - Міне балалар бәріміз ғажайыптар әлеміне келдік, ал мынау ең әдемі гүл. (залдың ортасында үлкен гүл орналасқан, жапырақтары лентамен байланған.) 


- Балалар, гүл ішінде біреу бар сияқты, кім екен? Лентаны шешкен кезде ішінен көңілсіз түймедаққыз шығады.
ІІ Балалардың қиялын дамыту. 
- Балалар түймедаққыздың көңілін музыка арқылы ажыратып көрейік. (көңілсіз әуен естіледі) Балалардың жауабы: - Көңілсіз, мұңлы. (бет әлпетінен байқайды) 
- Түймедаққыз достарының үйін бүйе ұрлап кеткендігін айтып, көмек сұрайды. 
- Бірақ қайдан іздейміз, қайда барамыз? Шыршада қонып отырған көкектен көмек сұрайды. (Көкек шыршаның төменгі жағында қонып отыр) 
ІІІ Дауыстарын келтіру - Томаршақтың артында іздеген гүлдеріңді тапсырма арқылы табасыңдар. (тақтада үш түрлі биіктіктегі томаршақтың суреті орналасқан) - Мына тапсырманы орындау үшін есімізге түсірейікші, балалар неше регистр бар? 
- Үш регистр бар: төмен, орташа, жоғары. - Дұрыс балалар, ендеше регистрді музыка арқылы ажыратайық. «Көкек» дауыс жаттығуы көкекті әндетіп жоғарыға шығуға көмектеседі Үнтаспадан шыққан музыка дыбысын ажыратып томаршақ биіктігімен салыстырады. Томаршықтардың астарын, ашып қарайды 
ІV Музыканың дыбыс жоғарылығын ажырата білу қабілетін дамыту. Томаршақ артындағы гүл үстінде бүйе отырады. 
- Міне, балалар біздің Түймедаққызды ренжіткен кейіпкерді таптық. (бүйе гүлдің үстінде ренжулі, ашулы отыр) - Бәріміз ашулы бүйені бет қимылымен салып, ал қол моторикасы арқылы өрнегін көрсетеміз. 
V Бет қимылымен және қол моторикасының қимыл әрекеттердің қабілетін дамыту. - Мынау не балалар? - Тіл - Тілімізді бүйе деп елестетейікші. Артикуляциялық гимнастика жасау «Тіліміз – бүйеміз» - Балалар бүйе маған келесі гүлдеріңді тапқыларың келсе, гүлбақтан іздеңдер дейді, жолымыз көңілді болу үшін достар туралы ән орындайық, достарымыз көп болса, қиындықтарды, дұшпандарды жеңіп шығамыз. Ән: «Достарым» 
VІ Ритмикалық ырғақты карточкалар арқылы баланың деңгейін дамыту. (мольбертте аттың, кірпінің, тиіннің, аюдың, жолбарыстың карточка суреттері бір - бірден ашылады.) - Өте жақсы, ендеше сендер мұқият тыңдаңдар, мен бір аңның музыкасын үнтаспаға қосамын, ал сендер қай аңның әуені екенін айырып беріңдер, сол аңдар гүлдерімізді тығып отыр.

( Балалар аңдардың атын атап және буынға бөліп шапалақтайды. 


Балалар малдасын құрып, қолдарын тізелеріне қойып, саусақтарын бір - біріне қосып, көздерін жұмып музыка тыңдайды. - Балалар қалған гүлдеріміз өзеннің ар жағында екен, өзеніміз жай өзен емес сиқырлы, өзін мақтағанды, музыкасын тыңдап елестеткенді жақсы көреді. 

VІІ Тыңдау – музыкалық шығарманың мінезін анықтау. Музыка: К. Сен - Санса «Аквариум» - Міне балалар музыканы тыңдау арқылы қалған гүлімізді таптық, Түймедаққызға және оның достарына көмектестік. (Сиқырлы әуен естіледі, сол кезде кішкене Эльф – көбелектер келеді ) - міне оларда келіп қалды, қане балалар эльфтерді гүлдеріне орналастырайық. Музыка жетекшісі кішкене көбелектерді балаларға үлестіреді. Балалар алаңдағы гүлдерге көбелектерін орналастырып қояды. Түймедаққыз алғысын білдіріп, музыка аспаптарының карточкаларын балаларға сыйға тартады.


Музыка жетекшісі: Ертегі әлеміне кеш батты Қараңғы түн жерімді жапты Ертегі тынысы маужыратып Көбелектер кетті ұйқыға батып Оларға да ғажайып түс енсін - Балалар сендерге оқу іс - әрекетіміз ұнады ма? Немен ұнады? (Балалар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады.) - Балалар маған да сендермен өте қызықты болды. Келесі жолы сендерді жаңа ертегі әлемі күтеді. Сау болыңдар! Балалар көңілді музыка мен залдан шығып кетеді.Кері қайту

Үш аю

Білімділік саласы: Қатынас


Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Үш аю»
Мақсаты: Балаларға ертегінің мазмұнын түсіндіре отырып, ертегіге деген қызығушылығын арттыру, ертегіні тыңдай отырып сөздік қорын молайту. Балаларды адамгершілікке, адалдыққа, бірін - бірі сыйлауға үйрету. өзіне берілген рөлді дұрыс дауыс ырғағымен ойнауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, үйрету, сұрақ - жауап.
Көрнекілік құралдар: Үйшік, орман, талдар, орындық, маскалар, төсек орны, ботқа, ыдыстар, себет, үнтаспа.
Рөлде ойнайтындар:
Ата - Райымбек
Әже – Алтынзер
Маша қыз – Баянсұлу
Үш аю
Папасы – Абдуллах
Мамасы – Қарақат
Қызы Мишутка – Нұрдана

Жүргізуші: Сәлем балғын балалар!


Барлығың бермен қараңдар!
Аюлар жайлы ертегі
Сендерге сыр шертеді
Ертегіні ең қызық
Сахнаға енгіздік
Баяндайын көріңдер,
Өз бағасын беріңдер.

Ертекші: Баяғы бір заманда Маша деген қыз болыпты. Бір күні Маша орманнан бүрлер теріп қайтайын деп әжесінен сұранады.


Әжесі: Жақсы бара ғой, бірақ маған тақпақ айтып берші сосын жіберемін

Маша: Әже деген көп шығар


Менің әжемдей жоқ шығар,
Мейірімді ол кісі
Қандай ғажап күлкісі.
Ертегі қандай көп еді
Күнде айтып береді.
Қуанатын балаша
Әжем менің тамаша.

Әжем менің әлі де


Ұқсамайды кәріге
Шай қайнатып береді
Біздің үйдің бәріне.

Ата үлкен кәріміз


Қуат берер дәріміз
Әулиедей аялап
Ардақтаймыз бәріміз
Әжесі: Жақсы бара ғой. Қызым алысқа ұзама, тез қайтып кел.
Қызы Баянсұлу: Жарайды.
Баянсұлу орманда бүр теріп өлең айтып жүріп, адасып кетеді.
Қайтар жолды таба алмай, жылайды. Қарны ашады, шөлдейді, шаршайды, ұйқысы келеді.
А - у - у - у ата, А - у - у - у ата
А - у - у – у әже, А - у - у - у әже қайдасыңдар, маған көмектесіңдер!

Ертекші: Жолды іздеп таба алмай, орманда тұрған бір үйге кезігеді. Үйшік - үйшік үйшікте кім тұрады?- деп айқайлайды, еш дыбыс естілмеді. Үйге кірсе ешкім жоқ. Бұл үйде аюлар мекендейтін. Аюдың әкесі, шешесі, баласын еркелетіп Мишутка деп атайтын.


Баянсұлу: Ашық тұрған есікке кірген Баянсұлу дастарқанда тұрған үш табақ ботқаны көреді. Үлкен табақ – әкесінікі, ортаншы табақ шешесінікі, ал кішкентай табақ – Мишутканыкі еді. Баянсұлу үлкен табақтағы одан кейін ортаншы табақтағы бөкпенді жеп еді дәмі ұнамады. Ал кішкентай табақтағыны жеп көріп еді ұнап қалды. Бөкпенді Баянсұлу түгел жеп қояды. Шаршаған Баянсұлу отырғысы келіп ең үлкен орындыққа отырып еді, құлап қалды, ортаншысы ұнамады. Ең кішкентай орындық өзіне тұп – тура екен. Баянсұлу тербеліп еді, орындық сынып қалды. Баянсұлу арғы бөлмеге кіріп еді онда төсектер бар екен. Баянсұлу үлкен төсекке жатып еді, тым биік болды. Ортаншы төсек кең болды. Ал кішкентай төсек Баянсұлуға дәп дәл келді. Сол төсекке жатқан Баянсұлу ұйықтап қалады. Бір мезгілде аюлар үйлеріне оралады. Шаршап келген аюлар асын ішпек болады.
Аюлар: Біздің үйге біреу кірген сияқты, адамның исі шығады.
Осылайша аюлар байқап қалады. Өз тамағын көрген аюдың әкесі
Абдуллах: «Менің тамағыма кім тиіскен?» деді гүр етіп.
Қарақат: «Менің бөкпенімді де татып көріпті»,- деп айғай салды.
Нұрдана: «Менің бөкпенімді түгелдей жеп қойыпты», деп шәңк - шәңк етті.
Ұйықтайтын бөлмеге кірсе:
Абдуллах: «Менің төсегіме кім жатпақ болды?» деді гүр етіп.
Қарақат: «Менің төсегімді де умаждап тастапты»,- деп айғай салды.
Нұрдана: «Менің төсегімде жатқан Баянсұлуды көріп міне жатыр ұстаңдар», деп шәңк - шәңк етті.
Аюлардың даусынан шошып оянған Баянсұлу қорқып кетті.
Баянсұлу: Мені жемеңдерші мен сендерге тақпақ айтып беремін.
Аюлар: Жарайды.

Баянсұлу: Аю отыр партада


Екі қолы қалтада
Апай сабақ сұраса
Дым білмейді масқара
Мен сендерге жұмбақ жасырайын шешесіңдер ме?
Аюлар: Иә шешеміз.
Баянсұлу: Тәті көрсе бас салар
Айнымайды баладан
Үп - үлкен боп жасқанар
Кіп-кішкентай арадан (аю)
Менімен ойнайсыңдар ма?
Аюлар: Иә ойнаймыз.
Баянсұлу: Аю, аю тұршы
Беті қолын жушы
Айнаға қарашы
Шашыңды тарашы
Әй - әй көйлек киші
Қане мені қушы - деп Баянсұлу қаша жөнеледі.
Аюлар қорбаңдап Баянсұлуға жете алмай қалады. Осылайша Баянсұлу аюлардан құтылып, аман есен атасы мен әжесіне келеді.
Қортынды: Сендерге ертегі ұнады ма? Кімнің үйі екен? Баянсұлу кімнің тамағын жеп қойды? Баянсұлу аюлардан қалай құтылды?
Ертегі не жайында?
Балалар: Ертегі біздерге ұнады. Ертегі үш аю туралы.
Осылайша ертегіміз аяқталды.
Тыңдағандарыңызға рахмет!
Сау болыңыздар!Кері қайту
Түлкі мен тырна

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»


Оқу іс әрекеті: Көркем Әдебиет
Тақырыбы: «Түлкі мен тырна»
Мақсаты: Балаларға үстел үстіндегі театр және көлеңкелі театр туралы түсінік беру, ертегілер кейіпкерлерін таныту, оларды дұрыс ажырата білуге үйрету. Көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру. Ойын, тілін, білімділігін, сөздік қорларын молайту. Ертегіні қызығушылықпен тыңдауға дағдыландыру, балаларды татулыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көлеңкелі театр, үстел үсті театрының атрибуттары, жүректер.
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, салыстыру, мадақтау.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс – әрекеті
Жылулық шеңбері: - Балалар сендердің бір – біріңе қарап күлгендерің қандай әдемі, жүздеріңнен тек жылулық сезіліп тұр. Мен де сендерге өз жылуымды беріп «Қайырлы таң» деймін. Сендер де бір – біріңе қайырлы таң тілеп, күнмен сәлемдесіп, қонақтарға да жақсы тілек білдіріңдер.

Осы мезгілде залға түлкі кіреді.


Түлкі: - Мәссаған, мен қайда келдім. Өзімше үйіме бара жатыр едім.
Тәрбиеші: - Балалар қараңдаршы бұл кім?
Дұрыс айтасыңдар.
- Түлкі сәлеметсіз бе? Сен балабақшаға келдің. Сен қайдан келесің және қолыңда не бар?
- Түлкі: - Мен орманнан келемін. Бір ақымақты алдап, қулығыммен сандығын алып алдым.
- Тәрбиеші: - Бұл сандықтың ішінде не бар екен?
- Түлкі: - Өзімде білмеймін, өзі сондай әдемі сандық.
- Тәрбиеші: - Қане, ішін ашып көрейікші.
- Түлкі: - Жо-ға ішіндегіні алып қояйын дейсіңдер ғой?
- Тәрбиеші: - Жоқ түлкі алмаймыз.
- Түлкі: - Жарайды, бірге ашайық, ішіндегі менікі.
- Тәрбиеші: - Жарайды.
- Сандықты ашып, ішінде ертегі
кейіпкерлері екен.
- Балалар қараңдаршы бұл не?

Дұрыс айтасыңдар балалар бұлардың бәрі ертегі кейіпкерлері. Бұл ертегілерді білемізбе?


- Мына кейіпкер қай ертегінікі?
- Ал мынау ше?
Дұрыс айтасыңдар ал енді мына кейіпкерлерге қараңдар бұл не?
Дұрыс, бұл құстың аты Тырна.
- Балалар «Тырна мен түлкі» деген ертегі бар, сендерге қазір осы ертегіні айтып беремін. Ал сен түлкі балалармен бірге отырып ертегі қара. Балалар бұл ертегіні көлеңкелі театр арқылы айтып беремін.
- Ертегіні көлеңке театр арқылы балаларға көрсетеді
- Балалар қандай ертегімен таныстық?
- Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
- Түлкі мен тырна не істепті?
- Балалар түлкі досын алдаған екен, сөйтіп істеуге бола ма?
Ал енді түлкі сен достарыңды алдап, қулық жасайсың ба?
Түлкі: - Жоқ, мен енді қулық жасамаймын, ешкімді алдамаймын.
Тәрбиеші: - Жарайды қане балалар мына жүректерді алып түлкіге арнап жүректен жүрекке, жақсы тілек айтайық.

Түлкі: - Рахмет, балалар. Енді мен жақсы, әдепті боламын. Сендер маған әдемі, таза жүректер сыйладыңдар, ал енді мен сендерге аздаған тәтті сыйлық беремін, қабыл алыңдар.


Тәрбиеші: - Түлкі саған рахмет.
Түлкі; - Ал енді мен кетейін, сау болыңдар.
- Сау бол түлкі. Осымен сабағымыз аяқталды сау болыңыздар!


Күшік, мысық және тышқанның достығы» ертегісі

Саусақ театры.


Тақырыбы: Күшік, мысық, және тышқанның достығы.
Мақсаты: Балаларды мұқият тыңдай білуге үйрету, ертегі мазмұнын түсіндіру. Үй жануарларының қалай дыбыстайтынын, оның атын ажырата айта білуге үйрету. Кейіпкерлердің әр түрлі іс - әрекет
үстінде көріну өзгешелігіне қызыға назар аударуға дағдыландыру.
Баланың ойлау, қабылдау, таным, көру, есту қабілеттерін дамыту.
Балаларды татулыққа, бірлікке, достыққа, адамгершілікке имандылық тәрбиесін қалыптастыру.

Көрнекі құралдар: Ертегі кейіпкерлерінің тоқылған бейнесі. Доп.


Ертегі мазмұнын саусақ театры арқылы әңгімелеу.
Күшік: «Ав - ав» мен күшікпін,
Күшікпін күшікпін
Түні бойы жатпаймын,
Тыныштықты сақтаймын. «Ав - ав»

Ой - ой аяғым, аяғым, аяғым - ай,


Мысық: «Мияу - мияу» бұл кім, кімсің? А күшік екенсің ғой, не болды? соншама айқайлап.
Күшік: «Ав - ав» мысық мен аулада ойнап жүргенімде аяғыма ағаш кіріп кетті, мені құтқаршы аяғым ауырып тұр. «Ав - ав» жалынамын.
Мысық: Жоқ мен сенен қорқамын, сен мені күнде қуасың. Аяғыңдағы ағашты алып сені құтқарсам мені қуа жөнелесің, одан да солай отыра бер. Мен еркін ойнаймын ля - ля - ля мияу – мияу.
Күшік: Мысық кешірші енді мен саған тиіспеймін, мені құтқаршы, «Ав - ав».
Мысық: жарайды онда мен сені құтқарайын.

Күшік: Рахмет! Енді екеуміз дос болайық, бірге доп ойнайық, мен саған тиіспеймін.


Мысық: «Мияу - мияу» кел екеуміз ойнайықшы менде доп бар.
Добым менің, добым менің.
Өзің неткен көңілді едің,
Зымырайсың, зуылдайсың.
Бірақ бізден құтылмайсың.

Мысық: «Мияу - мияу» мен шаршап кеттім қайтайықшы.


«Күшік» «Ав - ав» онда біздің үйге добыңды ала жүр бірге ойнайық.
Мысық: «Ля - ля - ля - ля» (әндетіп екеуі күшіктің үйіне барады.)

Мысық: Ой, үйің қандай әдемі, жайлы керемет екен.


(сол кезде тесіктен тышқан шыға келеді)
Мына тышқан қайдан шықты?, тоқта мен сені ұстап аламын да жеп қоямын. А, бәлем ұсталдың ба?
Күшік: Мысық, жіберші тышқанды, ол да қонақ мен де саған тиіспеймін ғой, дос болыңдар.
Мысық: Жарайды күшік, мен енді тышқанға тиіспеймін.
Тышқан: «Шиқ - шиқ» рахмет күшік, мен қатты қорқып кеттім. Ендігі жерде бәріміз дос болайық. (Тышқан мен мысық қол алысады. Барлығы қосылып ән айтады.)

Ән: «Әрқашан дос, біргеміз»


Қорытындылау
Асқабақ дәні (ертегі)

«Қатынас» білім беру саласы


Оқу іс - әрекеті: Көркем әдебиет (өзін - өзі тану пәнімен ықпалдасуы)
Тақырыбы: Асқабақ (ертегі оқу)
Мақсаты: Балалардың әлем халықтарының ертегілерінің мазмұнын түсінуге қызығушылығын арттыру. Ертегідегі дұрыс іс - әрекетпен қиянат жасамау құндылықтарын түсініп ажырата білуге үйрету. Ой - өрісін кеңейтіп, тілін дамыту, сөздік қорын молайту.
Көрнекілігі: суреттер
Әдіс - тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру, сергіту, сұрақ - жауап
Меңгерілетін сөз: абхаз халқы, қызғаншақ.

Мотивациялық қозғаушы.


Шаттық шеңбері
Ұмытпайық таңертең
Әлемге күлкі сыйлауды
Кел балалар күлейік
Күлкімен түлейік!
Ұйымдастырушылық ізденушілік.

Ұйымдастыру кезеңі. Жыл мезгілі, айы, апта күнін пысықтау. Оқу іс - әрекетінің тақырыбымен таныстыру. Балалар бүгін сіздерге «Асқабақ дәні» абхаз халық ертегісін оқып беремін.


Бір әйел үйінің табалдырығында балаларының киімін жамап отырады. Күтпеген жерден қарлығаштың ұясына кішкентай балапан құлап қалады. Әйел балапанды көтеріп алақанына алып қараса, аяғын сындырып алыпты. Балапанға жаны ашыған әйел оның аяғын байлап, балапанды ақырындап ұясына қайта салып қояды.
Бұған риза болған қарлығаш келесі көктемде жылы жақтан ұшып келген кезінде әйелдің алдына асқабақтың дәнін тастап кетеді. Ол дәнді алып бақшасына отырғызады, ал асқабақ әбден піскенде, ас әзірлемек болып асқабақты жарады.
О, ғажап! Асқабақтың ортасынан лақ етіп, алтын теңгелер шашылып кетеді. Мұны қызғаншақ көршісі көріп қалады. Келесі көктемде қызғаншақ көршісі қарлығаштың ұясынан балапанды суырып алып, аяғын сындырып, қауырсынымен байлап, ұясына қайта салып қояды.
Көктемде қарлығаш ұшып келгенде, оған да асқабақтың бір дәнін тастап кетеді. Қызғаншақ әйел асқабақ өсіріп, оның күзде пышақпен жарады. Одан қызыл жылан шығып, қызғаншақ әйелдің сазайын тарттырыпты.

Бой сергіту сәті:


Аппақ болып таң атты
Түтін тіке шығады
Қарлығаштың қанаты
Самғап биік ұшады.
Балалар ертегіден нені түсіндіңдер? Екі асқабақтан да алтын теңге шықты ма? Неге олай болды деп ойлайсыңдар?
Рефлексивті кезең
Ойын: «Сипап тап» Сұрақтар арқылы оқу іс - әрекетін пысықтау. Жақсы қатысқан балаларды мадақтап оқу іс - әрекетін қорытындылау.

Күтілетін нәтиже:


Нені білуі керек: Бұл ертегі арқылы мейірімді, қайырымды, дос, жанашыр болуға, адам түгілі аң, құсқа да қиянат жасамау екенін түсіндіру. Құс болса да жасаған жақсылығына ризашылығын білдіріп және қиянатына да ө з сыйын жасағанын ертегі мазмұны арқылы түсіндіру.
Нені игереді: Балалардың бойынан қиянат жасамау, дұрыс әрекет құндылығы туралы түсінік беру.Кері қайту
Арыстан мен тышқан (ертегі)

Тіл дамыту


Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен тышқан (ертегісі)
Сабақтың мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
1. Ертегінің негізгі ойын ашып,
тышқан мен арыстан туралы мағлұматтарын кеңейту.
2. Балалардың ауызша сөздік қорларын дамыту.
3. Балаларды ұғымталдыққа, бірлесіп жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: Ақтөбе облысының картасы, сюжеттік суреттер, дидактикалық материалдар

Сабақтың барысы: І Алғашқы ұйымдастыру.


а) балалардың сабаққа дайындығын тексеру.
Психологиялық дайындық
Күй тартамыз күмбірлі
Ән айтамыз көңілді
Би - билейміз ырғақты
Біз бастаймыз сабақты
- Балалар, бүгін біз сабақта Шалқар қаласынан облыс орталығы Ақтөбе қаласына саяхатқа шығамыз.
- Ақтөбеге барып көргендерің бар ма?
- Ақтөбеге немен барамыз?
- Пойызды кім жүргізеді?
- Көмекшісін кім дейміз?
- Ал біздің билетімізді тексеріп, орнымызды көрсететін кім?
- Балалар, Шалқар қаласынан Ақтөбеге жеткенше пойыз нелерге тоқтайды?
- Дұрыс айтасыңдар, Шалқар қаласынан Ақтөбеге жеткенше пойыз бірнеше аялдамаларға яғни бекеттерге тоқтайды. әр бекеттен өту үшін сол бекеттің тапсырмаларын орындауымыз керек. Олай болса

Пойызға міну үшін не керек?


Билет алу үшін жұмбақ жасырамын.
Нан атасы киелі
Барлығы ауыз тиеді
Ол не? ( бауырсақ)

- Дұрыс айтасыңдар, билетімізді алдық, бірінші аялдама Қаудауыл бекеті. Тапсырма: үй тапсырмасы: Қайдан келдің бауырсақ? өлеңінің мазмұнын айту.


- балалар бауырсақ бізге қалай келеді екен?
- дұрыс, бауырсақ бізге жайдан - жай келмейді екен, ол көптеген адамдардың еңбектенуі арқылы келеді екен.

Актуалдау


- жарайды балалар, үйге берілген тапсырманы да жақсы меңгерген екенсіңдер.
- балалар, бауырсақ ертегісі туралы қандай ертегіні білесіңдер?
- ол ертегіде қандай кейіпкерлер кездеседі?
- олар нелер?
- тағы қандай ертегіні білесіңдер?
- балалар еске түсірейікші, жыл басы не болып еді?
Я балалар, тышқан жылы көптеген бала бақшалар, мектептер салынды. Облыс орталығында үлкен «Нұр ғасыр» мешіті салынды. Балалар тышқан жылы өз ырыс несібесімен келген екен. Ал бүгін біз осы жыл басы тышқан мен аңдардың бірі арыстан туралы ертегі өтеміз.
Келесі бекет Біршоғыр бекеті. Тапсырма: жаңа сабақ. Арыстан мен тышқан ертегісі. Ертегіні сюжеттік слайдтар арқылы түсіндіремін.
- балалар ертегі ұнады ма?
- ертегіден не түсінгендеріңді білу мақсатында келесі бекеттің тапсырмаларын орындаймыз. Келесі бекет Мұғалжар бекеті. Тапсырма: кубизм стратегиясы арқылы сұрақ - жауап жүргіземін.
Сұрақтар:
- біз жайлап жолдың жар ортасына да жеттік. Келесі аялдама Ембі бекеті. Тапсырма: сергіту сәті
Бала, бала балақан
Кәне қайсы алақан
Саусақтарың әйбат
Былай - былай ойнат.
Келесі бекет Қандыағаш бекеті. Тапсырма: Кім жылдам? (топтық жұмыс) балаларды екі топқа бөліп, екі топтың біріне арыстанның, екіншісіне тышқанның суретті қиындыларын беріп құрастыртамын.
Келесі бекет Алға бекеті. Тапсырма: «Ұшқыр ой» сұрақтарға жауап беру арқылы бір сөйлем құрастыру.
Мынау не?( арыстан )
Ол қандай аң? (жыртқыш)
Ол қайда мекендейді? (орманда)
Бір сөйлем құра. Арыстан жыртқыш аң. Арыстан орманда мекендейді.
- балалар бірнеше аялдамалардың тапсырмаларын орындау арқылы да Ақтөбеге келдік. 

Тапсырма: өлең


Арыстан
Мен мықты арыстан
Аңдардың патшасы
Жауымның алысқан
Күл болған қаңқасы
өлеңді балаларға 3 - 4 рет айтқызамын да, жаттаған балалардан сұраймын.

Бекіту
- Балалар сендерге ертегі ұнады ма?


- Ертегі не туралы?
- Тышқан қандай аң?
- Сендерге тышқанның әрекеті ұнады ма?
- Ал сендер тышқанның орнында болсаңдар не істер едіңдер?
- Сонда балалар, айтқан сөзде, берген уәдеде тұру керек екенін ұқтық.

Бағалау
Міне Ақтөбеге келіп жеттік, билеттеріңді таратып берейін. Билеттердің орнына қуанышты хабарлама таратамын.



Жыл басына таласқан хайуанаттар

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Жыл басына таласқан хайуанаттар Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің мақсаты:


Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық жұмыс. Көрнекілігі: жабайы жануарлар бейнеленген суреттер. Интерактивті тақта, ертегі кейіпкерлері
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалармен амандасу, түгендеу, зейіндерін жаңа өтілетін ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне аудару

II. Психологиялық дайындық.


Әрбір адам - туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ - үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісім - тіршілік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзім - шындық, бірлік, адалдық.- Балалар, біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміз қалай өтсін деп ойлайсыңдар?
- Көңілді өтсін, Сәттілік тілейміз!

Қызықтыру сәті: Әуенмен Ер Төстік келеді. Мұңайып, көңілі жабырқап тұрады.


Ер Төстік: Сәлеметсіңдер ме балалар? Балалар амандасады.
Тәрбиеші: Бұл балалар Ер Төстік ертегісіндегі Ер Төстік батыр емес пе, ол мұнда не мақсатпен келді екен сұрайық?
Ер Төстік: Балалар мен сендерден көмек сұрағалы келдім, менің 8 ағам бар, ал мен 9 - шы, яғни ең кенжесімін. Осы ағаларымды Тау шатқалында мекен ететін Тасбол деген жауыз сиқыршы сиқырлап қойыпты, енді не істерімді білмей тұрмын, қайтсем ағаларымды құтқарамын балалар?
Осы кезде экраннан таудың суреті көрінеді де, дыбыс шығады.
Тасбол:- Мен сиқыршы Тасболмын. Ер Төстік мен сенің ағаларыңды тасқа айналдырып жібердім. Енді сен жалғыз қалдың. Мен сені көріп тұрмын. Сен балалардан көмек сұрап жүр екенсің ғой? Тапсырмаңды одан сайын қиындатайын. Ха - ха - ха
Тәрбиеші: Балалар енді не істедік, Ер Төстіктің ағаларын Тасболдың сиқырынан құтқарамыз ба?
Ендеше балалар Тасбол Ер Төстікке қандай тапсырма беріп жіберді екен сұрайық.

1 - тапсырма: «Жаңа сабақ» Жыл басына таласқан хайуанаттар ертегісін тамашалау (ролик арқылы)


Сұрақ - жауап арқылы ертегі талданады. Не түсінгендері сұралады.
2 - тапсырма: «кім тапқыр» ойыны. Венн диаграммасы арқылы үй жануарлары мен дала жануарларын ажырату.
3 - тапсырма: Қуыршақ театры. Ертегіні сахналау
4 - тапсырма: өлең жаттау
Тышқан, сиыр, барыс, қоян
Ұлу, жылан, жылқы, қой
Мешін, тауық, ит, доңыз
Санап жаттап біліп қой
Жыл санауды қайталау

Жаңа жыл яғни ұлу жылының жетістіктеріне тоқталу.


Еліміздің әлем жұртшылығы алдындағы абыройының асқақ екенін, тағы бір дәлелдеген сәт, күні кеше Франция жерінде өткен Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 152 - ші сессиясы барысында қазақ халқының мәртебесін көкке жеткізген EXPO халықаралық көрмесі 2017 жылы Еуразия жүрегі Астана қаласында өтетіндігі мәлім болғаны баршамызға аян. Халықаралық көрме өткізуге ниет білдірген 6 мемлекет ішінен іріктеліп алынған. Сол көрмеге жақсы оқып, білімімізбен өз үлесімізді қосайық дегім келеді.

Тасбол: Балалар сендер менің сұрағыма мүдірмей дұрыс жауап бердіңдер Ер Төстікке де көмектесіп өз білімдеріңді көрсеттіңдер, енді Ер Төстік ағаларыңды босаттым, қарсы ал.


Ер Төстік: балалар сендерге көп - көп рахмет, сендер болмасаңдар не істер едім, міне бауырларымды Тасболдың сиқырынан босап шықты, сендерге көп - көп рахмет.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін бағалау:
2013 жылан жылында биіктен көрініңдер деп қуанышты хабарлама таратамын
Торғай мен тышқан ертегісі

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»


Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Торғай мен тышқан
Мақсаты: Балаларға «Торғай мен тышқан» ертегісін айтып беру, рөлдерге бөліп ойнатып, тілдерін дамыту. Еңбекке, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Қостілдік компоненттер: Торғай – воробей, тышқан – мышь.

Іс – әрекет кезеңдері


Мұғалімнің іс – әрекеті----------Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық қызығушылық кезеңдері «Ертеңгілік шеңбері»
Балалар бір – біріне гүл беру арқылы жылы сөздер айтады. Балалар бір - біріне жылы лебіз айтады.

Ұйымдастыру және ізденушілік кезеңдері Бір – бірімізге жылы тілектерімізді білдірдік. Мен сендерге сәттілік тілеймін.


«Шаттық шеңбері»
Жарық болсын күніміз
Жарқын болсын үніміз
Елін сүйіп ер жетер
Біз болашақ гүліміз

«Ғажайып сәт»


Топқа қуыршақ келіп, балаларға «Торғай мен тышқан» ертегісін айтып береді.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
алдымнан жел еседі,
кіп-кішкентай ағаштар,
су құйғанда өседі.

1-тапсырма:


Балаларды рөлдерге бөліп, ертегіні сахналау.
2-тапсырма:
Дидактикалық ойын
«Ретімен орналастыр»
Торғай мен тышқан артық қалған бидай үшін кімге ақыл сұрауға барады? Ретімен орналастыр.

- Жарайсыңдар, балалар! Тапсырмаларды бірігіп жақсы орындадыңдар. Мені сендер сияқты басқа да балалар күтіп отыр, соларға асығыспын. Рахмет сендерге, Сау болыңдар, балалар!

«Шаттық шеңбері» Жарық болсын күніміз
Жарқын болсын үніміз
Елін сүйіп ер жетер
Біз болашақ гүліміз
(балалар қимылмен көрсетеді)

Балалар тыныш отырып, қызыға тыңдайды.

Сергіту сәтін қимылмен өлең шумағы бойынша қайталап жасайды

Балалар ертегіні қуана сахналайды.

Балалар қызыға және дұрыс орындауға тырысады.

Қуыршақпен қоштасады.


Бекіту, бақылау
Сұрақ - жауап:
- Балалар, бүгін бізге көркем әдебиет ұйым. оқу іс - әрекетіне кім келді?
- Қандай ертегі тыңдадыңдар?
- Қуыршақтың қандай тапсырмаларын орындадық?
- Осы ертегі арқылы нені түсіндік? Бір - бірімізбен қандай болу керекпіз және нені сүю керекпіз?
Қоштасу:
Қол ұстасып тұрайық. Көріскенше күн жақсы Сау - сәлемет болайық.

Балалар барлық сұрақтарға жауап береді.


Балалар өз білгендерін айтады.

Қоштасу:
Қол ұстасып тұрайық. Көріскенше күн жақсы Сау - сәлемет болайық.


Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Торғай, тышқанды.
Қалыптастыру керек: тапсырмаларды дұрыс орындауды, рөлдерге еніп ойнауды, достық қарым - қатынасты, еңбексүйгіштікті. Меңгеруі керек: «Торғай мен тышқан» ертегісін.Кері қайту

"Қасқыр мен жеті лақ" ертегісі

Білім беру саласы: «Қатынас»
Оқу – іс әрекеті: Көркем әдебиет.
Сабақтың тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі

Мақсаты: Оқу - іс әрекетінде «Қасқыр мен жеті лақ ертегісінің үзіндісіне тоқтала отырып бүлдіршіндердің қызығушылығын ояту. Сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, есте сақтау, дүние танымын кеңейту.
Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, әңгімелесу, ойын, сергіту, мадақтау, қорытындылау.
Көрнекіліктер: Картинкалар, суреттер, панарама көрнекілік.
Ойыншық жеті лақ, ешкі, қасқыр.
Сабақтың барысы: Балалардың сабаққа дайындығын тексеру.
Шаттық шеңбері: Амандасу. Амансың ба алтын күн,
Амансың ба достарым.
Амансың ба, қонақтар,
Біз сіздерді сағындық.

Іздену - ұйымдастырушылық.
- Балалар жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі.
- Күз туралы не білеміз?

Кіріспе. Енді балалар бүгінгі жаңа сабағымыз « Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі.
- Балалар қасқыр туралы не білесіңдер?
- Қандай жануар?
- Жабайы жануар, Қауіпті аңдар қатарына жатады.
- Қасқыр туралы мына өлеңді еске түсірейік.
Мен көкжал қасқырмын,
Малшыны састырдым.
Аш болсам ұлырмын,
Ауылды торимын.

- Ешкі, лақ қандай жануар?
- Үй жануарларына жатады.
- Етімен, сүтімен бізге пайдалы.

- Лақ туралы қандай өлең. тақпақ білесіңдер.
Балалар - Лағым - ау лағым,
Ерке тотай шұнағым.
Ағаштарды кемірсең,
Құлағыңды жұламын

Ертеде бір ешкінің жеті лағы болыпты. Біреуі қара, қалғандары ақ лақ екен. Орманға баруға жиналған ешкі лақтарын шақырып алып, ақылын айтады:
- Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен келгенде
-«Шырақтарым - лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді», - деп әндетемін. Осы кезде терезе сыртында тұрған қасқыр оның сөзін естіп қалады. Ешкі кетісімен қасқыр есікті қағып, өзінің жуан дауысымен оның әнін айтады. Бірақ лақтар оның бөтен дауыс екенін біліп, есікті ашпайды. Қасқыр саудагерге барып бор сатып алды. Бордың бір кесегін жегенде даусы аздап жіңішкерді. Осы дауыспен ән айтып еді, лақтар тағы алданбады. Қасқыр ұстаға барып, өзіне тамақ жасатып алды – даусы ешкінікі сияқты жіңішке болып шықты. Бірақ жаңа дауыстың да көмегі болмады – лақтар аяғын көріп қойып, ашпай қойды. Қасқыр жылдам наубайшыға барып, аяғына себетін ұн сатып алды. Қасқыр есік алдына қайтіп келді, ақ аяғын лақтарға көрсете созып тұрып әнге басты:-

Шырақтарым – лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді. Қорықпаңдар, есік ашыңдар! Лақтар сеніп есік ашты! Қасқыр үйге кіріп келгенде лақтар жан - жаққа қашып, тығылып қалды. Қасқыр олардың бәрін де тауып, жеп қойды. Тек біреуін ғана байқамай қалды ол сағаттың артына тығылған еді. Қарны тойған қасқыр ағаш көлеңкесіне жата кетіп ұйқыға кірісті. Ұзамай ешкі үйіне оралды. Есікті итерсе, есік ашық тұр. Ешкі үйге кіріп, лақтарын шақырады. Аман қалған лақ қарсы шығып, болған жайды айтып береді. Ешкі мен лағы үйдің артына шығып қараса, қасқыр көгалда шалқасынан түсіп қорылдап жатыр екен. Ешкі мүйізімен қасқырдың қарнын жарып жібергенде алты лақ шыға келеді. Бәріде аман - есен. Ешкі мен лақтардың қуанышында шек болмады. Қасқыр оянбай тұрғанда ешкі оның қарынын таспен толтырып, қайта тігіп қояды. Шөлдеген қасқыр су ішпек болып құдыққа барады. Сол кезде ішіндегі ауыр тастар оны төмен тартып, қасқыр құдыққа құлады да, батып кетті.

Қорытынды: - Балалар барлығымыз ертегіні жақсы түсіндік пе?
- Қызықты болды ма?
- Енді сергіту жасап жіберейік;
Көлбең, көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем.
Қасқыр қалай жүреді,
Қасқыр былай жүреді.
- Ал енді, балалар, бәріміз қонақтармен қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық.

Ертегі әлемінде

Білім беру саласы: «ТАНЫМ».
Бөлімдер: «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру»
Пән аралық байланыстар: «ҚАТЫНАС», «ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА», «ДЕНСАУЛЫҚ».
Тақырыбы: «Ертегі әлемінде».
Тәрбиешіге мақсат: Тәрбиеленушілердің қоршаған орта туралы түсініктерің әр - түрлі танымдық іс - әрекеттермен біртұтас педагогикалық білім үрдісінде интеграциялау арқылы қалыптастыру.
Балаларға қойылған мақсат: Бұрын оқылған материалдар компетенцияларын дамыту және қиын мәселелерді шешу.
Міндеттер:
Дамыту: сөйлеу, ойлау, логикалық ойлау әрекеттерін дамытып, болған жағдайларды және оның салдарын байланыстыра отырып, оны анализдеу үшін жағдайлар жасау.
Оқыту: Сөз қорларын пайдалана біліп, халық шығармашылығы жанры – ертегіге үйрету.
Тәрбиелік: Достыққа, жауапкершілікке, бір - біріне деген махаббатпен сүйіспеншілікке үйрету.
Оқу саласын ұйымдастыру формасы: саяхат
Қажетті құрал - жабдықтар мен көрнекіліктер: «Үйшік» саусақ театры, «Үш аю» үстел театры, «Жамауды тап», «Аулада гүл отырғыз» дидактикалық ойындарына материалдар, фетрлі фланелеграф «Жыл мезгілдері», теледидар.
Сөздік жұмыс: жамау
Билингвалдық компонент: «қайырлы таң – доброе утро - good morning».
Алдын - ала жұмыс:
Балалармен жұмыс: «Үйшік», «Алдар Көсе», «Үш аю» ертегілерін оқу.
Ата - аналармен жұмыс: балалармен ертегі туралы әңгімелесу.
Іс – әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті Ескерту
Мотивациялық - қозғаушылық Шаттық шеңбер «Үлкенге де «Сіз»...
Үлкенге де «Сіз»,
Кішіге де «Сіз».
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпен біз.
Жоғары қарап, тау көрдім.
Төмен қарап, жер көрдім.
Оңға, солға иіліп,
Егеменді ел көрдім.
- Балалар, бүгін біздің балабақшаға жағымсыз хабар келді, қатты жел көтерілгендіктен, ертегі әлемінің барлық кейіпкерлері араласып кетіпті, олар енді өздері қай ертегінің кейіпкерлері екенін білмейді, ал балалар біз оларға көмектесейік.
- Балалар, сендер көмектесуге дайынсыңдар ма?
- Балалар, біз ертегі әлеміне бару үшін, мен сиқыршыға айналу керекпін. Ол үшін сендер көздеріңді жауып: «Көздерімізді жұмамыз, Ертегі әлеміне барамыз» (музыка қосылады).
- Міне мен сиқыршыға айналдым. Менің қолымдағы қорапшада барлық ертегілердің кейіпкерлері. (Қорапшаны үстел үстіне қояды). Шаттық шеңбердің іс - қимылдарын орындайды.
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Көмектесуге келіседі.
Көздерін жауып, әуен тыңдайды.
Қызықшылық танытып қарайды.
Ұйымдастырушылық - ізденістік 1. «Үйшік» ертегісін көрсетеді.
- Балалар, мен сендерге жұмбақ оқимын, ал сендер қорапшада ішінде кім тұратынын тауып беріңдер.
Жұмбақтар:
1. Үй - ішін аралап,
Түнде көп жортады.
Қаптарды жыртады,
Мысықтан қорқады. /Тышқан/

2. Таңдайлары тақылдап,


Шулайтын кім шалшықта
Бірін - бірі мақұлдап. /Бақа/

3. Қалқиған ұзын құлағы,


Елеңдеп қорқып тұрады. /Қоян/

4. Өзі бір қу,


Жүрген жері шу./Түлкі/

5. Күші десең, күші бар,


Тісі десең, тісі бар. /Қасқыр/

6. Қыс бойына жатады,


Тәтті ұйқыға батады. /Аю/
Ертегі кейіпкерлерін таратады.
- Балалар, бұл кейіпкерлер қай ертегіден?
- Мен сендерге сұрақ қоямын, сендер жауапты кейіпкерлер дауысымен беріңдер.
- Теремокта кім өмір сүреді?
- Ең басында теремокта неше жануарлар өмір сүрді?
- Содан соң неше болды?
- Үйшікте неше бақа?
- Дұрыс. Тышқан біреу, түлкі де біреу, ал бәрі бірге көп.
- Ал біз топта қаншамыз?
- Тобымызда Кәусар атты неше қыз бар?
2. Тәжірибелік қимылдар.
- Балалар, біз жолмен жүріп көрейік. Біздің жолымыз да жай есем, сықырлы, бұл жол бізді келесі ертегіге алып келеді.
(музыка қосылып тұр)
Орындықтарға отырып теледидар қарау ұсынылады. «Алдар Көсе ертегісінен үзінді көрсетіледі. «Сиқырлы тон».
- Балалар, бұл ертегіні танисыңдар ма?
- Байдың киімі қандай?
- Ал Алдар Көсенің киімі ше?
- Алдар Көсеге көмектесіп оның киімін жамап берейік.
Дидактикалық ойын «Жамауды тап».
- Пальтоның түсі қандай?
- Жамау қай геометриялық пішінге ұқсас?
- Бас киімі қай түсті?
- Жамау қай геометриялық пішінге ұқсас?
Мадақтайды.
- Біз енді Алдар Көсенің одан әрі жол жүруіне көмектестік.
Музыка қосылуда.
Балаларға шеңбер құру ұсынылады.
«Не неге ұқсайды» дидактикалық ойын.
- Балалар, шеңберге не ұқсайды?
- Төртбұрышқа не ұқсайды?
- Үшбұрышқа не ұқсайды?
- Балалар, біз келесі ертегіге жетпей тұрып, қазір қай мезгіл екенін еске түсірейік.
- Көктемде табиғаттың қандай құбылыстары болады?
«Жыл мезгілі» дидактикалық ойын

Сергіту сәті:


Шөп үстімен жүреміз
Сытыр - сытыр - сытыр
Тас үстімен жүреміз
Тарс - тарс - тарс
Шалшық сумен жүреміз
Шолп - шолп - шолп
Жолдарменен жүреміз
Топ - топ - топ
3. – Біз келесі ертегіге келдік.
Балаларды дөңгелек үстелге шақырады.
- Ал енді аюлардың аттарын еске түсірейік.
- Олардың қайсысы ең үлкен?
- Қайсысы ең кішкентай?
- Михайло Иванович қай орындықта отырады?
- Настасья Петровна қай орындықта отырады?
- Мишутка қай орындықта отыр?
- Дұрыс Михайло Иванович үлкен – ол үлкен орындықта отырады, Настасья Петровна кішірек – ол орташа орындықта отырады, ал Мишутка ең кішкентай – ол ең кішкентай орындықта отырған.
- Аюлар үйінің алдын безендірейік – біз аюлар үйінің алдында гүлдер отырғызайық.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бiр отырып, бiр тұрып,
Тез шынығып шығамыз.
- Сендердің үстелдеріңде әр түрлі көлемдегі гүлдер жатыр. Солардың ішінен ең үлкенін көрсетіңдер.
- Оның түсі қандай?
- Одан кішірек гүлді көрсетіңдер. Оның түсі қандай?
- Жарайсыңдар. Қараңдар, аюлар үйінің алды қандай әдемі болды!
- Осылайша біз ертегілер кейіпкерлеріне көмектестік. Ал енді бізге қайту керек.
Шын ынталарымен жұмбақ шешуде.

- Тышқан.


- Бақа.
- Қоян.
- Түлкі.
- Қасқыр.
- Аю.
- «Үйшік» ертегісінен.
Тәрбиешінің айтқанына келіседі.
- Біреу де емес.
- Көп.
- Біреу.
- Көп.
- Біреу.
«Денсаулық» жолымен балалар жақсы көңіл күймен жүруде.
Теледидарға қарама - қарсы отырып «Алдар Көсе» ертегісін көруде.
- Иә. Бұл Алдар Көсе туралы ертегі.
- Жаңа, әдемі, бүтін.
- Ескі және жыртық.
Алдар Көсеге көмектесуге дайын.
- Жасыл.
- Дөңгелекке.
- Қызыл.
- Сопақша.
Мақтауға эмоцияларын білдіреді.

- Дөңгелек, күн, тәрелке және т. б..


- Терезе, кітап, үстел және т. б.
- Үй төбесі, печенье және т. б..
- Көктем.
- Күннің көзі жарқырайды, қар ериді, жаңбыр жауады, ағаштарда жапырақ пайда болады, жерде шалшықтар пайда болады, ағаштар мен жерде гүлдер пайда болады.
Сергіту сәттің қимылдарын жасайды.
- «Үш аю» ертегісі
Дөңгелек үстел басына отырады.
- Михайло Иванович.
- Мишутка
- Үлкен орындықта.
- Кішірек орындықта
- Кішкентай орындықта.
Мақтағанға қуанады.
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Тәрбиешінің айтқанымен келіседі.
Сергіту сәттің қимылдарын жасайды.
Гүлдерді қарап. Тәрбиешінің айтқанын орындайды.
- Көк.
- Сары.
Қызығушылықпен қарастырады.
Рефлексиялық - түзетушілік Көмекші суреттер арқылы қорытындылау.
Тақта алдында жартылай шеңбер болып тұру ұсынылады. Ертегілер сюжеттері көрсетілген суреттер ілінеді.
- Балалар, біз қай ертегілердің кейіпкерлеріне көмектестік?
- Жарайсыңдар. Осылайша біздің саяхатымыз аяқталды. Біз бүгін үйшікте көп жануарлар тұратынын білдік, ал бақа біреу ғана екен. Үлкен аю үшін үлкен орындық керек екенін білдік, ал кішкентайға қандай орындық...
- Сондай - ақ шеңбер күнге, тәрелкеге ұқсайтынын білдік.
- Балалар, сендерге рахмет!. Маған сендермен болу өте ұнады, сондықтан мен сендердің тәрбиешілеріңе қайта айналамын.
Жартылай шеңберге тұрып, суреттерге қарап, тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Балалар жауабы.

Күтілетін нәтиже:


Педагог үшін:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттың қойылған мақсаттарын іске асыру барысында білім интеграция саласының педагогикалық процесті ұйымдастыру кезінде компетенцияны жоғарылату.

Балалар үшін:


Біледі: «үлкен - кішкентай», «орташа», «жоғары - төмен», «бір», «көп», «біреу де емес» түсінеді; нәрселердің не үшін пайдаланылатыны;
Игереді: қоршаған ортадағы заттар арасында геометриялық пішіндерге ұқсата біледі;
Меңгереді: қоршаған орта арасында қай нәрселердің көп, қай нәрселердің аз екенін меңгереді.

Қызыл телпектің саяхаты

Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Қызыл телпектің саяхаты»
Мақсаты;
Білімділік: «Қызыл телпек» ертегісінің желісі бойынша алған білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын байыту, ән, өлең айту қабілеттерін шыңдай отыра, жұмбақтар шешу арқылы ойлау, сөйлеу мәдениеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты аялауға, еңбекқорлыққа, ұғымпаз, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Қостілдік: Қызыл телпек - красная шапочка, қасқыр - волк, әже - бабушка.
Сөздік: «Ертегі сыр шертеді»
Әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы. Табиғат – біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз!
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!
Қане балалар бір - бірімізге мейірім сыйлайықшы, ол үшін бір - бірімізге қарап күлеміз, енді балалар бір - бірімізге жылулық сыйлайықшы, алақандарымызбен бір - бірімізге жылулық берейік. Балалар орындарымызға отырайық. Табиғат – біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз!
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!
Балалар қонақтармен амандасады, жылулық шеңбері арқылы бір - бірлеріне мейірім, күннің жылуын сыйлайды.

Іздену ұйымдастырушы 1. Балалар тыңдаңдаршы бір дыбыс естіле ме, біреу есік қағып тұрған сияқты?


Осы кезде залға музыка әуенімен Қызыл телпек кіреді. Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, сәлеметсіздер ме сүйкімді балалар! Мен ертегілер елінен келдім. Әжеме кетіп бара жатып, мына зәулім бөбек - жайды көрдім. Іші қандай керемет. Балалар маған ренжімеңдер, менің әжем ауырып жатыр, мен ұзақ жол жүремін. Сау болыңдар!
2. Балалар Қызыл телпекке тілек айтайықшы «Жолыңыз болсын, әжеңіз сауығып кетсін, сау болыңыз Қызыл телпек!».
3.- Балалар тақтаға қарайықшы, тақтадан кімді көріп отырмыз?
- иә, Қызыл телпекті.
- Ол кімге кетіп бара жатыр?
- Әжесіне.
- Ертегіде Қызыл телпектің әжесіне не болады?
- Дұрыс айтасыңдар, Қызыл телпектің әжесі ауырып қалады?
- Балалар Қызыл телпек себетіне не салып алған, әжесіне не апара жатыр?
- Бәліш.
- Дұрыс айтасыңдар балалар.
- Балалар Қызыл телпек ну орманға да жетіпті, ал сендер білесіңдер ме, орманда қандай аңдар өмір сүреді, кім айтады?
- аю, қасқыр, түлкі, қоян, арыстан.
- балалар осы аңдардың ішінде, қыста қайсысы ұйықтайды,
- иә, аю қыс бойы ұйықтап шығады екен.
4. Қызыл телпек әлі келе жатыр, ендеше балалар, Қызыл телпек әжесіне тез жетсін десеңдер, біз оған көмектесейік. Ол үшін осы көрсетілген аңдар туралы, тақпақтарымызды айтайықшы.
- Аю туралы кім тақпақ айтады.
Ормандағы аюдың,
құлпынайы көп екен,
теріп - теріп алайық,
аюдан біз қашайық.
- балалар осы аңдардың ішінде кім қорқақ екен?
- Қоян, олай болса, қоян туралы кім тақпақ біледі екен?
Ұзын құлақ сұр қоян,
естіп қалып сыбдырды,
ойлы - қырлы жерлермен,
ытқып - ытқып секірді.
5. Балалар тақтаға назар аударайық, Қызыл телпекті кім аңдып жүр?
- Қасқыр.
Қасқырды біз орысша қалай атаймыз? Волк.
Мына қасқыр бізге хат жіберген екен,
Осы кезде қасқыр сөйлейді: «Балалар егер менің мына жұмбағымды шешсеңдер, мен Қызыл телпекті жемеймін.
- балалар, олай болса Қызыл телпекке көмектесейік, жұмбақты шешеміз бе балалар.
Жұмбақ:
Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды,
Кейде ұлып, кейде жұлып,
Ұйтқып боран соғады,
Айтыңдаршы бөбектерім, бұл қай кезде болады?
- қасқыр қай мезгілді айтып отыр балалар, қыс мезгілі.
- Балалар, қыс мезгілінде не болады?
- шана тебеміз, аққала соғамыз, жаңа жыл мерекесі болады, тоңамыз, жылы киінеміз, үйде пеш жағамыз, сырғанақ тебеміз, мұз айдынына барамыз, аяз ата келеді.
- қандай ақылды балаларсыңдар, Қасқыр сендерге риза болды, балалар Қызыл телпек ұзақ жол жүрді, ендеше балалар Қызыл телпек әжесіне тез жетсін десеңдер «Қызыл телпек» биін билейікші. Орындарымыздан тұрамыз, қане би билейміз! (Музыка қойылып, балалар би билейді, сергіту сәті жасалады).
- Балалар есімізге түсірейікші, Қызыл телпектің әжесіне не болды? Қызыл телпек әжесіне не үшін бара жатыр.
- Иә балалар әжесі ауырып қалыпты, ауырған адамға біз не береміз балалар?
- дәрі - дәрмек, және жақсы көңіл - күй сыйлаймыз. Көңіл - күйі жақсы адам тез жазылады емес пе. Олай болса, балалар Қызыл телпектің әжесіне жақсы көңіл - күй сыйлайық. Кім әже туралы тақпақтар біледі. Өте жақсы балалар, өркендерің өссін.
Балалар біз ойын ойнаймыз. Сендерге бәліш пен саңырауқұлақтар таратып беремін. Әжеміз ертегіде не жейді, бәліш жейді емес пе? Ендеше балалар мына саңырауқұлақтардың ішінен бәлішті жинап, себетке саламыз.
- Өте керемет балалар, қане тақтаға қарайықшы, Қызыл телпек әжесіне аман - есен жетіпті, қасқыр да өз уәдесінде тұрыпты. (Осы жерде есік қағылып, музыка әуенімен Қызыл телпек келеді. «Балалар сендерге көп рахмет, сендер мені қасқырдан құтқардыңдар, себебі сендер маған көмектестіңдер, әжеме жақсы көңіл - күй сыйладыңдар. Мына Ақерке бөбек - жайында білімді, тәртіпті балалар тұрады екен. Әжем сендерге мына тәттілерді беріп жіберді. Бұл тәттілерді топқа барғанда жейсіңдер. Мен оны мына Мерей Төлеубайқызына беріп кетемін. Сау болыңдар, кішкентай менің достарым!
- Сау болыңыз! Иә, біреу есік қағып тұр.
Балалар Қызыл телпекпен амандасады, жақсы тілектер тілейді.
«Жолыңыз болсын, әжеңіз сауығып кетсін, сау болыңыз Қызыл телпек!».
Балалар берілген сұрақтарға жауап береді.
Балалар Қызыл телпекке көмектесу үшін, мұғалімнің берген тапсырмаларын мұқият орындайды.
Балалар аңдар туралы тақпақтарын айтады.
Балалар Қасқырдың берген жұмбағын шешеді.
Балалар берілген сұрақтарға жауап береді.

Сергіту сәті «Қызыл телпек биі»


Рефлексивті коррекциялаушы. Қорытындылау
- Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?
- Қызыл телпек.
- Қызыл телпекке көмек көрсету үшін біз не істедік?
- Жұмбақ шештік, өлең айттық, тақпақ айттық, сурет салдық, би биледік.
Ормандағы қандай аңдармен таныстық?
- аю, қасқыр, түлкі, қоян, арыстан.
- Балалар міне сеңдердің арқаларында Қызыл телпекті қасқырдан құтқардық, әжесіне жылдам баруға көмектестік.
- Балалар көңіл - күйлерін қандай? Әрқашанда көңілдерін жарқын, аспандарын ашық, жүздерін қуаныш пен нұрға толсын деген тілекпен бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу іс - әрекетімізді аяқтаймыз.
- Сау болыңдар, балалар!
- Қызыл телпек.
- Жұмбақ шештік, өлең айттық, тақпақ айттық, сурет салдық.
- аю, қасқыр, түлкі, қоян, арыстан.
- Сау болыңыз Мерей Төлеубайқызы!
Күтілген нәтиже.
Білуі: Қызыл телпек ертегісін біледі.
Меңгеруі: Жұмбақ шешуді, ән, тақпақ айтуды, сурет салуды, билеуді меңгерді.
Жасай алады: Берілген тапсырмаларды мұқият орындай алады.

Білім саласы: «Қатынас» 
Білім бөлімі: Көркем әдебиет 
Тақырыбы: « Ертегілер еліне саяхат» 
Мақсаты: Ертегіні айтып түсіндіру және сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын ажырата білуге үйрету. Көркем тілдік және орындау қабілеттерін дамыту. Саусақпен сурет салуға және қағаз қиындыларынан үйшік құрастыруға, өз беттерінше жұмыс жасау дағыларын қалыптастыру. 
Көрнекіліктер: «Шалқан» ертегісіне арналған суреттер, «Шұбар тауық» ертегісінің мнемокестесі, суреттер, гуашь, қағаз қиындылары. 
Әдіс-тәсілдері:ертегіні сахналау, сұрақ-жауап, ТРИЗ технологиясы элементін пайдалану.Ұйымдастырушы–қозғаушы қызмет: 
Шаттық шеңбері: 
Біз ақылды баламыз, 
Айтқан тілді аламыз. 
Үлкенге де сіз, 
Кішіге де сіз, 
Бас иеміз біз. 
Ұйымдастырушы–ізденушілік қызмет: 
Сиқырлы пойызға отырып, барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз. 
І-аялдамаға келдік. 
Балаларға «Шалқан» ертегісін мәнерлеп айтып түсіндіру және оны сахналау. 
ІІ-аялдама: «Сергіту сәті» 
Тербеледі ағаштар 
Алдымнан жел еседі 
Кіп-кішкентай балалар 
Үп-үлкен боп өседі 

Суретпен жұмыс. 


-Бұл қандай ертегі? 
-Осы ертегіні суреттеріне қарап айтып беріңдерші, қане. 
(Балалар сұрақтарға жауап береді.) 
Балалар тағы да пойыз құрып келесі аялдамаға жетеді. 
IV-аялдама «Орман» 
(Сол орманда аю жылап отыр) 
-Аю сен неге жылап отырсың, саған не болды? 
Аю: Қалай жыламаймын, мына жерде үйшік тұрды, мен соған сыймай сындырдым, содан бәрі қашып кетті, кім маған көмектеседі?-деп балалардан сұрайды. 
Тәрбиеші: 
-Жылама аю, біздің балаларымыз сондай әдемі,үлкен үйшікті жасай алады. Бізбен бірге сиқырлы пойызға отырып, келесі аялдамаға барайық, сол жерде біздің балаларымыз үйшік соғуға көмектеседі. 

V-аялдама «Шұбар тауық» 


Сол аялдамада оларды Шұбар тауық күтеді. Олармен сәлемдеседі. Мнемокестені көрсетеді. 
-Балалар, сендер мына кесте бойынша ертегіні айтып бере аласыңдар ма? 
(1-2 бала циклограмма бойынша ертегіні айтып береді). 
«Шұбар тауық» рақмет айтады. 
-Сендер менің балапандарыма тары жасай аласыңдар ма?-деп сұрайды. 
Аю саған біздің жігіттеріміз үйшік соғуға көмектеседі. 
Балалар:-Ия,біз оны жасай аламыз. (Осы жерде қыздар сурет салуға кетеді, саусақ арқылы қағаз бетіне балапандарға тарының суретін салады. Аю мен балалар қағаз қиындыларынан үйшік соғады). 
Аю мен Шұбар тауық балаларға рақмет айтады. 
Сосын сиқырлы пойызға отырып, барлығы топтарына кетеді. 
VI-аялдама. Сюрприз. 
Бауырсақ секіріп топқа кіреді. Балалардан сұрайды: 
-Мен кіммін? 
-Мен кімнен қаштым? 
Балалар сұрақтарға жауап береді. 

Рефлексивті-түзетуші қызмет: 


Бауырсақ:-Сіздің балаларыңыз өте ақылды екен, олар маған қайда барғандарын айтып бере алады ма? 
- Егер сендер толық жауап берсеңдер, мен сендерге сыйлық беремін. 
Балалар іс-әрекетті еске түсіріп айтады. 
Бауырсақ:-Мен өз ертегіме барайын, ал есіктің артынада сендерге сыйлығым бар, ол сендерді күтіп тұр. 

Күтілетін нәтиже: 


Жаңғыртады : ертегі кейіпкерінің атын атауды біледі. 
Түсінеді: кейіпкердің мінез-құлықтарын ажырата отырып, жақсы мен жаманды ажырата алады. 
Қолданады: ертегілер мазмұнын айта біледі.









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет