Сабақтың тақырыбы : «Түлкі мен қоян»



бет9/35
Дата29.12.2021
өлшемі211,41 Kb.
#106215
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
Байланысты:
ЕРТЕГ-ЛЕР Тех карталар
аныктама
Ертегілер еліне саяхат

Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»


Мақсаты:
- ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;
- ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;
- ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
- қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сөздік жұмыс: ғажайып, сиқырлы, құм қалашығы.
Билингвалды сыңары: ғажайып - удевительный, сиқырлы – волшебный.
Заттық - дамыту ортасы: «Ертегілер әлемі», «Ертегі ханшайымы шақырады» үнтаспасы, сиқырлы кітап, қуыршақ театры «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінің кейіпкерлері, ғажайып сәт Ертегі ханшайымы, құм қалашығы.
- Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
- Балалар бүгін көңіл - күйлерің қалай?
- Жақсы болса, бәріміз қосылып
«Ертегілер әлемі» әнін айтайық
- Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?
- Ертегілер елінде кімдер тұрады?
- Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
- Ертегілер бізді неге үйретеді?
Балалардың жауабы тыңдалады. Үнтаспадан тосыннан, алдын - ала жазылған Ертегі ханшайымының сөзі естіледі.
Ертегі ханшайымынын сөзі
«Сәлеметсіңдер ме, балалар,
Мен, ертегілер елінің ханшайымымын, сендер мені көрмейсіңдер, мен сендерді үнемі көріп, бақылап жүрмін, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көреді екенсіңдер, олай болса мен сендерді ертегілер елінде күтемін.
Ертегілер еліне тек білгіштер, тапқырлар, өз ісіне ұқыпты, мейірімді, адал балаларды күтемін. Ертегілер еліне келу жолды сиқырлы кітап тауып береді.
- Кітапты жоғарыдан іздеңдер, бар ма?
- Төменнен іздеңдер, бар ма?
- Оң жақтарыңа қарандар, мұқият қарандар, бар ма?
Сиқырлы кітап топтарындағы ең үлкен гүлдін жанында - а - а - а»
Ханшайымның тапсырмасымен кітапты тауып алады
Тәрбиеші:
- Сиқырлы кітап өте әдемі екен, ашып көрейік, ашылмайды, енді не істедік?
/кітапты сілкіп, тыңдап көреді, үнтаспадан түсініксіз дыбыстар шығады, тәрбиеші түсінеді/
- Сиқырлы кітап сендерден сұрайды;
- Жеті санымен байланысты қандай ертегі білесіндер?
- Үш саны қай ертегіде кездеседі?
(Әдемі музыка әуенімен кітап ашылады)
Мұнда ертегі кейіпкерлерінің суреттері "Мақта қыз бен мысық", "Қызыл телпек" ертегілері
- Бұл қай ертегілер екен? Не көріп тұрсыңдар?
- Қараңдаршы балалар, мына суреттерде ертегі кейіпкерлерінің орны ауысып кеттіпті. Олардың орындарын табуға көмектесеміз бе?
- Жарайсыңдар, балалар.
- Ал сиқырлы кітап, балаларға тағы қандай тапсырмаларыңыз бар?
(Сиқырлы кітап тәрбиешіге айтады)
Балалар ертегілерден үзінді ойнап берсін, қалған балалар тапсын - дейді
«Бауырсақ», «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегілерінен үзінді ойнайды
- Бұл қай ертегі?
- Ал, бұл қай ертегі кейіпкері?

Кітаптың екінші бетін ашуға дайынсыздар ма? Онда ашайық.


- Балалар, мына суретте ертегі кейіпкерлері сендерден жасырынып тұр, сол кейіпкерлерді іздеп табу керек.
- Бұл қай ертегілер? "Жеті лақ", "Үш торай"
/Санау, кеңістікті бағдарлау, сапасын анықтау/
- Сиқырлы кітап ертегілер елінде бізді тағы не күтіп тұр?
Тәрбиеші:
- Балалар, мына мнемотаблицада сендерге таныс ертегі бейнеленген. Сендер ертегі мазмұнын осы таблица бойынша еске түсіріп, айтып беріңдер.
Балалар «Сараң аю» ертегісін айтып береді
(Сиқырлы кітап тек тәрбиеші түсінетін тілмен ертегі көруге шақырады)
Ертегі тамашаламас бұрын бойымызды сергітіп алайық
Сергіту сәті
Қуыршақ театрынан «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі көрсетіледі.
- Ертегі сендерге ұнады ма?
- Біз тамашалаған ертегі қалай аталады?
- Ертегідегі қай кейіпкер ұнады?
- Айдаһар қандай?
- Маса не істеді?
- Қарлығаштың құйрығы неге айыр болған?
- Бұл ертегіде қарлығаш қандай екен?
- Сендер де сол қарлығаш сияқты мейірімді, батыл болғыларын келеді ме?
- Бұл ертегіден біз не үйрендік?
Дұрыс айтасыңдар балалар, кіп - кішкентай қарлығаш өзінен қанша үлкен айдаһардан қорықпай оған қарсы шығып, зұлымдықты болдырмай жеңіп шықты.
Сендер де, әрқашан бір - біріне көмектесіндер, бір - бірлерінді ренжітпендер, бір - бірлеріне, үлкендерге жақсылық жасай біліндер.
Мейірімді, адал болындар.
Ертегі ханшайымы кіреді
Сәлеметсіздер ме, балалар?
- Ертегілер елі сендерге ұнады ма?
Мен де сендердің сырттарынан қарап, риза болып тұрдым. Қандай білімді, алғыр, мейірімді жақсы балалар екенсіңдер. Менің тапсырмаларымды да дұрыс орындадыңдар.
- Мен сендерді құм қалашығына шақырамын, өздеріне ұнаған ұсақ ойыншықтармен «Ертегі елін» жасандар
- Құм қалашығында ойнауды білесіндер ме?
Әр баланын қасына барып;
- Қандай ертегі құрастырдың?
- Сендердің ертегілерінде құстар қандай?
- Неге аңдар суда жүзіп жүр?
Жетекші сұрақтар қойылады
Ертегі ханшайымы балаларды мадақтап, үлкен ертегі кітабын сыйлайды, қоштасып кетеді.

Ертегі еліне саяхат

«Ертегі еліне саяхат»

Мақсаты:
1. Өткен сабақтарды еске түсіріп, сандар қатарын, геометриялық пішіндерді тануды, кеңістікті бағдарлай білу қабілетін бекіту.


2. Балалардың логикалық қабілетін, танымын дамыту. Зейінін, ақыл - ой белсенділігін арттыру, тез ойлауға, жылдам есептеуге қызығушылығын ояту.
3. Еліміздің болашақ ұрпағын біліммен сусындаған, тапқырлығымен тамсандыратын салауатты, саналы етіп тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру - көрсету, сұрақ - жауап, баяндау, бақылау, дидактикалық, логикалық ойындар.

Көрнекіліктер: атрибуттар, карточкалар, алма ағаштары, шыны ыдыстар, доп, етіктер

Амандасу. Шаттық шеңбер:

Дөңгеленіп тұрайық


шеңберді біз құрайық
Қол ұстасып бәріміз
Ақ тілекті жолдайық
Әлемде нұр тыныштық
Әрбір бейбіт күн ыстық
Қайырлы таң балабақша
Қайырлы күн достарым
Достарымды көргенде
Қуана қарсы аламын
Сәлем! Сәлем! Сәлем!

Сабақ барысы:


Бүгін балалар біздер ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Барғыларың келе ме? Ендеше сиқырлы ұшатын кілемшеге отырып, ғажайып та қызықты, сиқыры көп елге барамыз. Ыңғайланып отырып, көздерімізді жұмамыз. Ұштық! (Жай әуен ойнатылады).
Көздерімізді жұмып елестетейік: жоғарыда нұрын шашқан, жарқыраған күн. Астыда сарқыраған өзен, көлдер, жаймен соғып тұрған самал желді сезіп тұрсыңдар ма?
Ал енді көзімізді ашайық. Міне ертегілер еліне де жеттік. Қараңдаршы қандай әдемі үйшік. Бұл үйшікті атай қандай пішіндерден құрастырған? ( төртбұрыш, үшбұрыш). Атай үйінің ауласына бау-бақша егіп қойған екен. Күз мезгілінде олар піседі. Мына алма ағашына қараңдаршы, қанша алма пісіп тұр? (санайды – 5). Ал екінші алма ағашында ше? ( 5) Айырмашылығы неде? (үлкен - кіші). Сонда алмалардың саны бірдей де ал көлемі әр түрлі. Яғни көлеміне қарай заттың саны өзгермейді.
Күздің салқын желі ағаштардың жапырақтарын ұшырған екен. Олар мына жолдарда жатыр.
Санайықшы бірінші жолда қанша жапырақ жатыр, ал екінші жолда ше? (санайды, саны бірдей). Айырмашылығы неде? (түсінде). Яғни түсіне байланысты заттың саны өзгермейді.
Мына ағаштың бұтағында қарлығаштар жылы жаққа ұшуға дайындалып отыр екен. Неше қарлығаш отыр? (3) кенет иттердің үрген даусы естіледі. Қарлығаштар ұшып кетеді. Иттердің даусы басылған соң қарлығаштар қайтадан бұтаққа келіп отырады. Санайықшы балалар, қарлығаштың барлығы қайта оралды ма? (санайды - 3, барлығы оралды) бірақ бірдеңе өзгерді, не өзгерді қалай ойлайсыңдар? (орындарын ауыстырды). яғни заттың саны олардың орналасуына байланысты өзгермейді екен.
Атайдың бақшасында шалқан үлкен болып өскен екен. Атай шалқанды жұлып алмақшы болады. Ол соншалықты асыққанынан өзінің етігінің бір сыңарын таба алмай отыр екен. Көмектесейік. (балалар тапсырманы орындайды.)
Атай етігін киіп алып шалқанды жұлмақшы болады. Тартады, тартады жұла алмайды. Көмекке әжені шақырады. Ал әже болса шыны ыдысындағы тұздалған қиярларын ретімен қоя алмай, жинастыра алмай отыр екен. Көмектесейік.( балалар шыны ыдыстарды ретімен қойып 5 - ке дейін тура және кері санап береді.)
Сергіту жаттығу:
1 дегенде тұрайық
2, 3, 4 алақанды соғайық
Оң жаққа бұрылып
Сол жаққа бұрылы
Бір отырып
Бір тұрып
Біз жүгіріп алайық
5 дегенде асықпай
Орнымызды табайық
Әже атайға көмекке барады. Әже атадан, ата шалқаннан тартады, тартады жұла алмайды. Әже немересін шақырады. Ал немересі сабағын оқып, есептерін шығара алмай отыр екен. Көмектесейік.
∙ 5 есекте неше құйрық бар?
∙ 2 иттің неше тұмсығы бар?
∙ үстел үстінде 3 алма мен 2 алмұрт тұр, барлығы қанша жеміс тұр екен?
∙ үйректің 2 балапаны мен қаздың 2 балапаны суда жүзіп, шулап жүр. барлығы қанша балапан жүзіп жүр?
Жарайсыңдар балалар, Машаның есептерін тамаша шештіңдер. Немересі әжесінен, әжесі атасынан, атасы шалқаннан тартады, тартады, жұла алмайды. Немересі көмекке күшігін шақырады. Күшігі болса аулада доп ойнап жүр. Күшікпен бірге доп ойнайық..
Қ. о: «Керісінше айт»
Күшігі немересінен, немересі әжесінен, әжесі атасынан, атасы шалқаннан тартады, тартады жұла алмайды. Күшігі мысығын шақырады. Ал мысықтың балалары тентек болып, оның моншақтарын үзіп, шашып тастаған екен. Мысықтың үзілген моншақтарын жинауға көмектесейік.(балалар тапсырманы орындайды).
Мысығы күшіктен, күшігі немересінен, немересі әжесінен, әжесі атасынан, атасы шалқаннан тартады, тартады жұла алмайды. Мысығы тышқанды шақырады. Тышқан болса, ол жай тышқан емес, ақылды тышқан екен. Ол карталармен ойнап отыр, жай емес математикалық карталар екен.
Д. о: «Артығын тап»
Тышқан көмекке барады. Тышқан мысықтан, мысық күшіктен, күшік немересінен, немересі әжесінен, әжесі атасынан, атасы шалқаннан тартады, тартады шалқанды жұлып алады! Алақай!
Шалқанды кім бірінші болып тартты? (ата). соңғы болып көмекке кім келді? (тышқан).
Жарасыңдар балалар, енді балабақшаға оралатын кез келді. Сиқырлы ұшқыш кілемшемізге отырайық. Бақшамызға жеттік. Сендерге саяхат ұнады ма?
Қалай ойлайсыңдар, неліктен ертегі кейіпкерлері шалқанды жұлып алды? ( себебі олар керек кезде бір - біріне көмекке келді; біріккеннің арқасында; достығының арқасында)
Жарайсыңдар балалар! Сендер де жарадыңдар, оларға көптеріңді тигіздіңдер. Балалар біздер ертегі елінен қайтар кезде әжей маған бір себет беріп жіберген, қарайықшы не бар екен? (кәмпиттер). Астарыңыз дәмді болсын!(рахмет).

Ертегілер еліне саяхат

Сабақтың барысы:
Қуан, шаттан ал
Қуанатын күн бүгін
Қайырлы таң, Қайырлы күн
Күліп шықты күн бүгін.

Психологиялық дайындық


Сәлеметсің бе, Күн Ана
Сәлеметсің бе, Жер Ана
Сәлеметсің бе, Көгілдір аспан
Сәлеметсің бе, сен
Сәлеметсің бе, мен
Күз суреті
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар жауабы: Қазір жылдың күз мезгілі
- Бүгінгі ауа - райы қандай?
Балалар жауабы: Күн суық,.
- Бүгін аптаның қай күні?
Балалар жауабы: Бүгін аптаның жұма күні.
Жарайсыңдар балалар.
Балалар біздің бүгінгі сабағымыз өзгеше болады. «Ертегілер еліне саяхатқа» барамыз.
Сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме? Иә. Қандай ертегілерді білесіңдер. «Бауырсақ»
«Шалқан», «Жеті лақ», «Ешкі мен түлкі», өте жақсы. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақты шешкеннен кейін ғана қай ертегіге саяхат жасайтынымызды білеміз.
Жұмбақ:
Өзі жап - жас мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар.
Тастамайды жылы үйде,
Түкті тоны шұп - шұбар.
Балалар қандай ертегіде мысық басты кейіпкер болады?
Балалар жауабы: «Мақта қыз бен мысық»
Иә, дұрыс таптыңдар жарайсыңдар, ақылды менің бүлдіршіндерім. Ендеше ертегіні мұқият тыңдап отырыңдар. Бір күні Мақта қыз үйін сыпырып жүріп жерден бір мейіз тауып алыпты. Мысығым, мысығым мұнда келші деп шақырыпты. Еріншек мысығы келмепті. Біраздан соң келіп Мақта қыз сен мені неге шақырдың. Мақта қыз ашуланып айтпаймын депті. Мысық: айтпасаң сүтіңді төгемін депті. Мақта қыз: төксең құйрығыңды кесіп аламын. Мысық сүтті төгіпті, ал Мақта қыз оның құйрығын кесіп алыпты. Мысық! Мақта қыз құйрығымды берші деп жалыныпты. Мақта қыз бермеймін менің сүтімді тауып бер. Мысық не істерін білмей, үйден шығып сиырға келіпті. Сиыр, сиыр
Маған сүт берші, сиыр ойланып өй сен маған шөп бер. Мысық тағы ойланып не істерін білмей ағашқа келді. Ағаш, ағаш маған шөп берші, ағаш: маған су бер шөлдедім дейді. Енді не істерін білмей тұрып ары қарай жүреді. Алдынан су алып келе жатқан қыздарды көреді.
Қыздар, қыздар маған су беріңдерші. Қыздар: сен бізге сағыз бер, әрі қарай ойланып мысық
дүкеншіге келеді. Дүкенші, дүкенші маған сағыз берші. Дүкенші айтады: сен маған жұмыртқа бер дейді. Мысық енді не істерін білмей келе жатса алдынан тауық шығады.
Тауық, тауық сен маған жұмыртқа берші, тауық: сен маған бидай бер, мен содан кейін саған жұмыртқа беремін дейді. Келе жатса ойланып, жүгіріп өтіп бара жатқан тышқанды көріп қуанып жүгіріп барып тышқанды ұстайды. Тышқан, тышқан сен маған бидай тауып бер, болмаса мен сені жеп қоямын дейді. Тышқан қорыққаннан иә жарайды мені босатыңыз. Тышқан мысыққа бір тостақ бидай әкеліп береді. Мысық қуанып алып оны тауыққа әкеледі. Тауық біраздан соң оған жұмыртқа береді. Жұмыртқаны алып дүкеншіге келеді. Дүкенші оған сағыз береді. Сағызды алып қыздарға келеді. Қыздар оған су береді. Суды алып ағашқа құяды. Ағаш оған жапырақ береді. Оны алып сиырға береді. Сиыр оған сүт береді. Сүтті алып Мақта қызға әкеледі. Мақта қыз оның құйрығын қайтарып береді. Мақта қыздан мысық кешірім сұрайды. Сөйтіп Мақта қыз бен мысық дос болады.
Сергіту сәті:
Мұрны пұшық
Көзі қысық
Өзі пысық
(1. бала тақтаға шығып маска киіп көрсетеді. Балалар қимылмен орындайды.)
Бұл не?
Бұл мысық.
Балалар ертегі сендерге ұнады ма? Балалар жауабы: Ұнады. Несімен ұнады.
Балалар жауабы: Мақта қыз бен мысық достасып ертегі соңы жақсы болды.
Балалар осы ертегідегі кейіпкерлерді айтыңдаршы. Балалар жауабы: Мақта қыз, мысық, сиыр, ағаш, қыздар, дүкенші, тауық, тышқан. Кәне есімізге түсірейікші бірінші мысық кімге барды. Ретімен ертегі кейіпкерлерін орнына қоямыз.(Балалар біртіндеп шығып ертегі кейіпкерлерін орнына қояды) Жарайсыңдар балалар, сендер ақылдысыңдар!
Ендеше қазір біз «Тышқан мысық» ойынын ойнаймыз.(дөңгелене тұрып балалар маска киіп ойын ойнайды). Ойынның шарты: 1 тышқан, 1 мысық. Балаларды айналып мысық тышқанды қуады. Жарайсыңдар! Орындарыңа отырыңдар.
Балалар: Мысық барлық ертегі кейіпкерлерімен достасты. Дос болды барлығымен.
Сендер дос туралы тақпақ білесіңдер ме?
Балалар жауабы: Иә, білеміз. Кім айтады?
Дос қадірін білмеген
Доссыз жалғыз қалады.
Досы үшін күйлеген
Дұшпанынан қалады.
Жарайсың!
Тағы кім? Дильназ айта ғой.
Сары, ақпыз, қарамыз
Бәрімізде баламыз.
Бір ауылда тұрамыз
Бір сыныпта оқимыз.
Тағы кім? Еламан айта ғой.
Біз - балдырған тең басқан
Дос құшағын елге ашқан.
Тілегіміз - бейбіт күн,
Ашық болсын кең аспан.
Нұржан, сен де айтқың келіп отыр ғой. Айта ғой кәне тыңдайық
Біз көптеген дос туралы тақпақтар білеміз, иә балалар.. Жарайсыңдар балалар. Бүгінгі сабақта сендер өздеріңді жақсы жағынан көрсеттіңдер. Бүгін бәрің өте әдемі болып, сабаққа жақсы қатысып отырсыңдар. Жарайсыңдар! Сендерге рахмет. Орнымыздан тұрамыз. Балалар қонақтарға не дейміз.
Балалар: Сау болыңыздар!

«Ертөстік бізде қонақта»


Тақырыбы: Ертөстік бізде қонақта. (математикадан қорытынды сабақ)


Сабақтың мақсаты: балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, көлем, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша жыл бойына өткен білімдерін бекіту, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, ертегі арқылы математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: сандар, әр түрлі фигуралар, мультимедиялық тақта, суреттер.

Сабақтың жүру барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері.


Тәрбиеші: балалар сабағымызды бастамас бұрын осы баулар арқылы жүрегіміздің жылуын жеткізейік.
Балалар:
- Деніміз сау болсын
- Бәріміз бақытты болайық
- Балабақшамыз гүлдене берсін
- Аспанымыз ашық болсын т.б.
Қызықтыру сәті: Әуенмен Ертөстік келеді. Мұңайып, көңілі жабырқап тұрады.
Ертөстік: Сәлеметсіңдер ме балалар? Балалар амандасады.
Тәрбиеші: Бұл балалар Ертөстік ертегісіндегі Ертөстік батыр емес пе, ол мұнда не мақсатпен келді екен сұрайық?
Ертөстік: Балалар мен сендерден көмек сұрағалы келдім, менің 8 ағам бар, ал мен 9-шы, яғни ең кенжесімін. Осы ағаларымды Тау шатқалында мекен ететін Тасбол деген жауыз сиқыршы сиқырлап қойыпты, енді не істерімді білмей тұрмын, қайтсем ағаларымды құтқарамын балалар?
Осы кезде экраннан таудың суреті көрінеді де, дыбыс шығады.
Тасбол:- Мен сиқыршы Тасболмын. Ертөстік мен сенің ағаларыңды тасқа айналдырып жібердім. Енді сен жалғыз қалдың. Мен сені көріп тұрмын. Сен балалардан көмек сұрап жүр екенсің ғой? Тапсырмаңды одан сайын қиындатайын. Ха-ха-ха
Тәрбиеші: Балалар енді не істедік, Ертөстіктің ағаларын Тасболдың сиқырынан құтқарамыз ба?
Ендеше балалар Тасбол Ертөстікке қандай тапсырма беріп жіберді екен сұрайық.
1-тапсырма: Гүлдерге көмектес, яғни әр түрлі гүлдің суретінде берілген есепті қателеспей шешуін табуымыз керек қане балалар іске кірісейік.

Ертөстік: балалар рахмет сендерге енді екінші тапсырмада «Қандай геометриялық пішіндерден құралған? » деп аталады, яғни мұнда атқа мінген жау –жүрек батырдың суреті бейнеленген, осы батырдың сыртқы бейнесі қандай геометриялық пішіндерден құралғандығын атауымыз керек.

2-тапсырма: «Қандай геометриялық пішіндерден құралған?»
Тәрбиеші: балалар 3-тапсырмада былай делініпті: Ертөстікті және оның ағаларын өсу және кему ретімен орналастыр. Мына сиқырлы сандықтың ішінде Ертөстіктің суретімен қатар ағаларының суреті берілген екен, қане ендеше осы суреттерді өсу және кему ретімен орналастырайық.

3-тапсырма: «Өсу ретімен орналастыр»


Сергіту сәті.
Балаларға жәшіктен әртүрлі геометриялық пішіндерді таңдап алу ұсынылады, балалар әуенге қосылып билейді де, әуен тоқтағанда қолдарындағы геометриялық пішін бойынша үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер жасап тұрады.
Тәрбиеші: балалар келесі тапсырма кеңістікті бағдарлау бөлімі бойынша келіпті, яғни «Тасболдың мекеніне апарар жол картасын бейнеле» деп аталады.

4-тапсырма: «Жол картасын бейнеле »


Ағаш, тау, күн, бұлт, тас, көл, гүлдер т.б. суреттерді үстел үстіндегі жасыл матаға өздерінің орналасу реті бойынша балалар жапсырады.
Тәрбиеші: Бұл тапсырма уақытты бағдарлау бөлімі бойынша келген екен. Менің салған, яғни Тасболдың салған суретінің қатесін тап деп аталады. Оған 4 жыл мезгілінің суреті беріледі, осы суреттен қате салынған жыл мезгілін балалар атайды.

5-тапсырма: «Қатесін тап»


Осы бөлім бойынша тағы бір сұрақ:
Менің мекеніме жету үшін 3 күндік жол бар. Қалай ойлайсыңдар егер Ертөстік ағаларын іздеп келетін болса менің мекеніме ол қашан жетеді?
Балалардың жауабы: Бүгін бірінші күн дүйсенбі, Ертөстік 3 күннен соң жететін болса, онда аптаның 3 күні яғни сәрсенбіде жетеді.
Тасбол: Балалар сендер менің сұрағыма мүдірмей дұрыс жауап бердіңдер Ертөстікке де көмектесіп өз білімдеріңді көрсеттіңдер, енді Ертөстік ағаларыңды босаттым, қарсы ал.
Ертөстік: балалар сендерге көп-көп рахмет, сендер болмасаңдар не істер едім, міне бауырларымды Тасболдың сиқырынан босап шықты, сендерге көп-көп рахмет.

Қорытынды.

«Алтын жұмыртқа»

Мақсаты: Балаларға үстел - үсті театры арқылы баяндап айту, сұрақ-жауап арқылы балалардың сөйлеуін, тілдерінің дұрыс жетілуіне ықпал ету.Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетіне назар аудара отырып, ертегіні түсінуге,қабылдауға,сезінуге жетелеу. Мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.


Әдіс-тәсілі: Ғажайып сәт,психологиялық тренинг,ой - қозғау, түсіндіру, көрсету сұрақ-жауап, ойын жаттығу.

Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлерінің макеті,үлестірмелі материалдар


Сөздік жұмыс: Алтын жұмыртқа, жәй жұмыртқа, тауық, ұрады .
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің типі: Жаңа материалды игерту.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Дәстүрлі емес.
Балалар, біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату, доспыз. Қане бір-бірімізге деген достығымызды нығайту үшін, жақсы тілектер айтайықшы.

- Күніміз жарық болсын!


- Аспанымыз ашық болсын!
- Деніміз сау болсын!
- Елімізде тыныштық болсын!
Жарайсыңдар, балалар! Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі.
- Көктемде қандай өзгерістер байқадыңдар, қандай ерекшелігі бар?
- Күн жылынып келеді, ағаштар бүршік жарады, құстар қайтып келеді.
- Қандай мерекелерді тойладық?
- Аналар мерекесін, наурыз тойын тойладық.
- Ия, тіршіліктің бәрі оянып, жан-жануарлар төлдеп, құстар келіп, балапан шығарады екен. Сендер қандай құстарды білесіңдер?
- Торғай, қарға, тауық.
- Ия, тауық үй құсына жатады. Тауық не шығарады?
- Жұмыртқа шығарады.
- Ендеше, мен сендерге "Алтын жұмыртқа" ертегісін айтып берейін.
Ертегіні үстел - үсті театры арқылы көрсетіп отырып әңгімелеу.
- Балалар ертегі не туралы екен?
- Алтын жұмыртқа туралы.
- Онда тағы қандай кейіпкерлер бар?
- Ата, әже, тышқан, тауық
Балалар, ендеше бір сәт балапандарға ұқсап қимыл жасайықшы.
(«Шөжелер» әніне қимыл жасайды)
- Балалар жұмыртқаның пішіні қандай?
- Пішіні сопақша
- Түсі қандай?
- Түсі ақ.

Осы кезде тауықтың дауысы естіледі.


- Балалар, тыңдаңдаршы ненің дауысы естіледі?
Топқа қыт-қыттап тауық кіреді.
- Қыт – қыт - қыт, сәлеметсіңдер ме, балалар!Қандай әдемі балалар!
- Балалар, бұл біздің ертегіміздегі тауық емес пе?
- Ия, менің көп жұмыртқаларымды тышқан жарып кетіпті, соны құрастыруға көмектесесіңдер ме?
- Ия, көмектесеміз.

«Бөлігін тап» ойыны. Балалар бөліктерін тауып құрастырады.


- Рахмет, сендерге балалар! Мен қуанып қалдым.
- Балалар, сендерге ана тауықта риза болып қалды, сендер өздеріңнің жақсы, ақылды балалар екендеріңді көрсеттіңдер, енді ана тауықпен бірге серуенге шығып «Балапандар» ойынын ойнайық.
Күтілетін нәтиже:

Білуі:Ертегі мазмұнын, кейіпкерлердің іс-әрекетін мағыналы түсіне біледі.


Меңгеруі: Тілдің дыбыстық мәдениетін, тіл байлығын, тіл белсенділігін меңгереді.
Жасай алуы.Бөліктерден бүтін жасай алады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет