Мотивациялық
қозғаушы
|
Психологиялық жаттығу: «мөлдір су»
Үлкен-кіші бәріміз
Дос болайық сумен біз –деп алақандарын түйістіртіп, бір-біріне жылу бергізіп, күлімсірету.
|
Балалар өлең сөздеріне
Сәйкес қимылдар жасап, алақан жылуын беріп, бір-біріне күлімсірейді.
|
Ұйымдастыру
іздестіруші
|
Ғажайып сәт: (судың сылдыры, әуен ойналып) топқа «су-ана» келеді.
Су-ана: Сәлеметсіздерме балалар! Балалар сендерді мен туралы көп нәрсе біледі деп естіп сендерге өзіммен бірге тапсырма ала келдім.
Тәрбиеші: Олай болса төрге шығыңыз, жақсы келдіңіз, бүгін біз балалармен сіздің отбасыңыз туралы айтқалы отырмыз. Балаларға сұрақтар қою.
Қандай жыл мезгілдерін білеміз?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Балалар енді біз өткен оқу іс-әрекетін есімізге түсіріп су-анаға мұз және мұздақ туралы не білетімізді айтып берейік.
Мұздақты ауызға болмайды! Неге? Өйткені ол суық, тамағымыз ауырып қалуы мүмкін.
Мұздақты лақтыруға болмайды! Неге? Өйткені ол қатты, лақтырғанда сынып, адамға тисе денені ауыртады.
Көктем мезгілінде өзендегі мұз үстімен жүруге болмайды! Неге? Өйткені ауа-райы жылынып, қалын мұз жұқарып, сынып суға батып кетуге болады.
Балалар бұл мұздың зиян жақтары, ал бүгінгі жобада мұздың пайдалы жақтарымен танысып мұздақ ертегісінмен танысамыз. Балаларға «Мұздақ» ертегісін екі рет айтып беру.
Сергіту сәті: «Австриялық жаңбыр» (әуен арқылы)
Жаңа оқу іс-әрекетін нығайту.
Енді балалар су-ананың әкелген тапсырмаларын орындайық:
1.Тапсырма:
Алдарындағы мұз текшелерін анықтату (суық, қатты, мөлдір)
Енді осы «Мұздақ» су-ананың қызы екенін дәлелдеп көрейік. Мұз текшелерін стакандағы жылы суға салғызу. (мұз жылы жерде еріп, суға айналады).
2.Тапсырма: «Су, су емес»
|
Балалар көңілді көңіл күймен қонақты қарсы алады.
Сұрақтарға толық жауап береді.
Балалар мұз бен мұздақтардың қасиеттері айтады.
Әуен арқылы балалар қимыл жасайды.
Жаңа оқу іс-әрекеті бойынша сұрақтарға толық жауаб береді.
|