Күтілетін нәтиже:
Біледі: Кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын келтіруді.
Игереді : ертегіні сахналауды..
Меңгереді: Аңдардың, құстардың дауыс ырғағын келтіруді біледі..
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Кім көп ертегі біледі?
Мақсаты:
Білімділік: Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізуге, суретке көңіл қойып мазмұнын түсіну,ойларын дұрыс жеткізуге үйрету.
Тәрбиелік: Балаларды жақсылык жасауға,қолғабыс етуге үйрету, ұқыптылыққа,жинақылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық:Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға баулу. Сөздерді анық айтуға,тіл байлығын , есте сақтау қабілетін дамыту. Конструктордан өз еріктерімен жұмыс істеуге пысықтау.
Көрнекілік: «Шалқан» ертегісіне арналған бас қалпақшалары, «Үш аю» ертегісінің суреттері, конструктор, жасыл түсті бояу, ақ қағаз, «Жеті лақ» ертегісіндегі ешкінің суреті, Орман,егін алқабы мен жол белгілерінің суреттері.
Жаңа сөздер:Поезд, саяхат, дүрбі, аялдама
Достарыңызбен бөлісу: |