Қайырлы күн, балалар!Алтын күн, жер анаға өзінің мейірлі шуағын төгіп, біздің жан дүниемізге жарық сәулесін шашып тұр.Бізде бір-бірімізге жүрек жылуымызды сыйлайықшы.
Қане, балалар бәріміз орнымыздан тұрайық.
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, жер ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көріп қуандым.
Үнтаспадан боран ,жел ызғар дыбысын естиді.
-Балалар ненің дыбысы?
-Естігенде өздеріңді қалай сезіндіңдер?
-Қазір қай жыл мезгілі?
-Қыс мезгілі екенін қайдан білдіңдер?
-Ертегінің суретін тақтаға көрсетіп,балалардан өз ойларымен ертегіні көріп,қалай аяқтауға болады?
-Бүгін біз сендермен «Қысқы баспана» ертегісімен танысамыз.
-Әліппе дәпертердегі суретке назар аудару балалардың.
-Қазір балалар ертегіні үнтаспадан,компьютердан тыңдаймыз.
-Орманда қандай аңдар өмір сүреді?
-Олардың үйлеріне нелер келді?
-Қасқырлар неден қорықты?
-Балалар,сендер ормандағы жануарларға үй тұрғызып берейік пе?
-Ол үшін әртүрлі тапсырмалар беріледі,соны орындаған сайын ,үйді құрастыра аламыз.
- 1 тапсырма.Жұмбақтар.
-Еріксе ,құйрығымен ойнайды,
Зеріксе,ұйқыға бір тоймайды.
-Қызыл бұжыр айдары бар,
Қоқилаған айбары бар.
-Жарайсыңдар,балалар! Өте жақсы,тапқыр екенсіңдер.
-2 тапсырма. Балалар, біз үлкен жұмыс жасадық. Енді өлең арқылы демалып, сергіту сәтін жасайық.
|