Сабақтың тақырыбы : Тұздар. №9зертханалық тәжірибе «Тұздардың қасиеттері және алынуы»



Дата27.04.2022
өлшемі39,58 Kb.
#140945
түріСабақ
Байланысты:
тұздар 8 сынып
КУРСТЫК ЖУМЫС.ТАКЫРЫП - копия, Ñàáà? 9-?ëåñò³ðìå ìàòåðèàë Á³ð á?ë³ìøå áîéûíøà î?ó ìà?ñàòòàðûí à

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.4А
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары.
Генетикалық байланыс

Мектеп: «Қарақоға орта мектебі» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Джаманбаева Акнур Адылбековна

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Тұздар. №9зертханалық тәжірибе «Тұздардың қасиеттері және алынуы»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.4.10-тұздарды алудың әртүрлі әдістерін білу, сәйкес реакция теңдеулерін құрастыру
8.3.4.11-тұздардың қасиеттерін, жіктелуін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Тұздарды алудың әртүрлі әдістерін біледі, сәйкес реакция теңдеулерін құрастырады.

  • Тұздардың қасиеттерін, жіктелуін біледі.

Оқушылардың басым көпшілігі:




  • тұздардың қасиеттеріне, алынуына байланысты есептер шығарады.

Кейбір оқушылар:

  • тұз ертінділерінің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулеріне байланысты есептер шығарады

Бағалау критерийі

Тұздардың алыну әдістеріне сәйкес реакция теңдеулерін құрастырады



Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Тұздардың құрамы, жіктелуі, аталуы, алынуымен танысады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: тұздар, орта тұздар, негіздік тұздар, қышқылдық тұздар

Сыныптағы диалог\жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер
Тұздар дегеніміз .......................
Тұздардың түрлері ........
Орта тұздар дегеніміз................
Қышқылдық тұздар дегеніміз.........
Негіздік тұздар дегеніміз...........

Құндылық тарды баулу

  • шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

  • жауапкершілік;

  • денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;




Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, математика

Алдыңғы оқу

8.2.4.6 металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуінің жоспарын жасау және жүргізу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы
7 мин

2 мин

5 мин


1. Сыныпты ұйымдастыру.

  1. Оқушылармен сәлемдесу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Топқа біріктіру. Өткен білімді тексеру.

1 – топ «Орта тұздар»
2 – топ «Қышқылдық тұздар»
3 – топ «Негіздік тұздар»
4 - топ «Қос тұздар»
«Жалғасын тап» әдісі арқылы оқушылардың өткен білімдерін тексеремін. Оқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді. Сөйлемнің басы жазылған парақшаларды оқушыларға таратады, олар ойды жалғастырып сөйлемді толықтырып айтады.
Негіздер дегеніміз .......................
Суда еру қабілетіне қарай жіктеледі........
Негіздерді алудың тәсілдері................
Негіздерге тән физикалық қасиеттері.........
Суда жақсы еритін негіздердің басқаша атауы........... Сілті ерітінділерінде лакмус, метилоранж және фенолфталеин келесі түстерге боялады............
ҚБ: Әр оқушы параққа қолдың сүретін салады. Тапсырманы орындағанда саусақтарға + қойып белгі қояды. Әр саусақ бағаны білдіреді:
Бас бармақ- керемет болды;
Балаң үйрек-әлі де көмек керек;
Ортан терек- біраз қиындықтар болды
Шылдыр шүмек- маған мәліметтер қиындық тұғызды
Кішкене бөбек- маған түсініксіз болды.
Оқушылар өздерін «Қол» әдісі арқылы бағалайды.

Қиынды қағаздар










Сабақтың ортасы
30 мин


5 мин
10 мин

15 мин


Жаңа сабақты меңгеру.
«Стоп кадр» әдісі арқылы №9зертханалық тәжірибе «Тұздардың қасиеттері және алынуы» тақырыбына бейнекөріністер көрсету.
«Зигзаг әдісі»
Бұл стратегияны оқушылардың дамуына оң әсер ету үшін қолданамын.Оқушылар:

  • Тақырыпты басқалармен бірге бақылайды;

  • Топта ізденіс жұмыстарын жүргізеді;.

  • Алған хабарды басқамен бөліседі;

  • Өз бетінше ізденіп, топпен ақылдасады, бөліседі.

Тапсырма 1

  1. Берілген қосылыстардың ішінен тұзды тауып жазыңыз. Al2O3, CuSO4, Mn2O7, HNO2, LiOH

  2. Сөзбен берілген реакция теңдеуін таңбалар мен формулалар арқылы жазып теңестіріңіз:

мырыш оксиді + азот қышқылы → мырыш нитраты + су

  1. Сәйкес реакция теңдеулерін құрастырып, теңестіріңіз.

Тұздардың алыну әдістері

Сәйкес реакция теңдеулері

металл + бейметалл = тұз




негіздік оксид + қышқылдық оксид = тұз




негіздік оксид + қышқыл = тұз + су




қышқылдық оксид + негіз = тұз + су




негіз + қышқыл = тұз + су




металл + қышқыл = тұз + сутек




тұз + қышқыл = жаңа тұз + жаңа қышқыл




металл + тұз = жаңа тұз + жаңа металл




тұз + сілті = жаңа тұз + негіз




тұз + тұз = жаңа тұз + жаңа тұз




Дескриптор

  • бейорганикалық қосылыстың негізгі кластарының формулаларын жазады;

  • тұздардың алыну әдістеріне реакция теңдеулерін құрастырады;

  • реакция теңдеулерін теңестіреді.



ҚБ: Жұптар бір- бірін «Қол» әдісі арқылы бағалайды
Тапсырма 2
«Рlickers» әдісі арқылы топтық жұмыс жасау.
А

  1. Орта тұздарды атаңдар:

1.Na2CO3
2. NaHCO3
3. Al2(SO4)3,
4.CuCl2 ,
5.Zn(NO3),
6.Cr(OH)Cl2
А) 1,2,3,6 В) 1,3,4,5 С) 1,4,5,6 Д) 1,2,3,4 Е) 2,3,4,5

  1. NaHCO3 затының молярлық массасы тең:
    А) 156 В) 156 г/моль С)84 г/моль Д) 84 Е) 84

  2. Тұз қышқылының магниймен әрекеттескендегі реакция типі:
    А) қосылу В) айырылу С) орын басу Д) алмасу Е) С және Д

В
1. 13г мырыш пен 24,5грамм күкірт қышқылының
ерітіндісі әрекеттескенде түзілетін сутектің (қ.ж)
көлемі тең:
А) 2,24 литр В) 4,48л С)6,72 л Д) 8,96 л Е) 9,25 л
2. Қай тұз ерітіндісінде лакмус көк түске боялады ?
А) Na2CO3 B)CuCl2 C) BaCl2 D) Zn(NO3)2 E) K2SO4
3. 20г мыс (II) оксиді мен 21г күкірт қышқылын қыздырғанда түзілетін тұздың массасы:
А) 16,4г В) 20,2 г С) 34,3г Д) 42,5г Е) 50 г
С

  1. Массасы 80 г мыс сульфаты темірмен әрекеттескенде қанша темір сульфаты түзіледі.

А) 86г В) 56 г С) 76 г Д) 72г Е) 66 г
2. Көлемі 200 мл 40 %- дық, тығыздығы 1,424 г\мл
калий гидроксиді фосфор қышқылымен
әрекеттескенде қанша калий гтдрофосфаты
түзіледі?
А) 116,4г В) 176,98 г С) 234,3г
Д) 142,5г Е) 150 г
3. Массасы 2,87 грамм күміс хлоридін алу үшін
3%- дық күміс нитратынан қанша керек?
А) 113,3г В) 112,2 г С) 134,3г
Д) 42,5г Е) 115,6 г
Дескриптор
-Тұздардың металдармен әрекеттесу реакциясы түрін анықтайды;
-Тұздардың химиялық қасиеттеріне байланысты есептер шығарады;
-Тұз ертінділеріне байланысты есептер шығарады.



Кеспе қағаз



Телефон




Сабақтың соңы
3 мин

3 мин

Рефлексия
«Сұрақ ілмегі» әдісі арқылы рефлексия орнатылады. Оқушы сабақтың қай бөлігін немесе тақырыпты түсінбеген болмаса сабақ төңірегінде ойландырып жүрген сұрақтарын ашық жазады және ілмекке іледі.

Жіп






Қосымша ақпарат

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Барлық оқушыларға топта жұмыс жасау арқылы өзара көмек жүзеге асырылады. «Зигзаг» , «Рlickers» әдістері арқылы оқушыларды саралап оқытуға қол жеткіземін.Оқушылар:

  • Тақырыпты басқалармен бірге бақылайды;

  • Топта ізденіс жұмыстарын жүргізеді;.

  • Алған хабарды басқамен бөліседі;

-Өз бетінше ізденіп, топпен ақылдасады, бөліседі
Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады. Оларға тұздар туралы қорытынды жасау және күрделі есептер шығару үшін тапсырмалар ұсынамын.

Сабақ бойында қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Топтарда өзін өзі және бір -бірін «Қол»әдісі арқылы бағалайды. ҚБ тапсырмаларын орындауда оқушыларды жетелеу мақсатында дескриптор арқылы ынталандырып отырамын. Мақсатым оқушыларды алға қарай жетелеу. Сабақ соңында «Сұрақ ілмегі» әдісі арқылы рефлексия аламын.



Химия кабинетінде тазалық пен қауіпсіздік ережесін сақтау. Психологиялық ақуал орнату

Рефлексия
Сабақ \оқумақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өзжоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққасабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Ол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздыі тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:

2:


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да оқудыда ескеріңіз)?
1:

2:


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет