Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы : Волейбол. Допты екі қолмен төменен және жоғарыдан қабылдау
Сабақтың мақсаты :
1.Білімді қалыптастыра отырып, волейбол ойынын үйрету.
2.Адам ағзаларын жан-жақты жақсарту , дене бұлшық еттерін
дамыту.Оқушылардың спортқа деген қызығушылығына артыру.
3 .Қозғалмалы ойындарды ұйымдастыра отырып оқушыларды
ұйымшылдыққа, икемділікке , салауатты өмір салтына
тәрбиелеу.
Уақыты : 10.35-11.20 Сыныбы 10
Өтетін орны: Спорт зал. Керекті құралдар ;ысқырық ,волейбол добы
№
|
Сабақты мазмұны
|
Уақыты
|
Әдістемелік көмек
|
|
І.Кіріспе бөлім
|
10 - 15 сек.
|
|
|
Сәлемдесу.
Спорт секторының рапортын қабылдау.Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Сап жаттығуларын орындау.
Техника қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
|
|
Спорт секторының рапортын қадағалау.
|
1
|
Залды айнала жүру.
1.Екі қол жоғары аяқтың ұшымен жүру.
2.Қол желкеде денені оңға, солға бұрып жүру.
3.Әр адымға аяқты созып жүру.
4.Әр адымға қолдың ұшын аяққа тигізе жүру. Спорттық жүріспен жүру
|
30м
30м
30м
30м
|
Денеі түзу ұстау.
Ара қашықтық сақтау .
|
2
|
Жеңіл жүру.
1.Оң және сол жақ иықпен тіркес адыммен жүгіру.2.Қол мықында тізені жоғары көтеріп жүгіру.3.Екі аяққа кезектесіп секіріп жүгіру.4.Қос аяқпен секіріп жүгіру.5.Теріс қарап жүгіру. Дем алу, дем шығару.
|
30 м
30м
30м
30м
|
Санақ бойынша жасау.
Мұрынмен демалу
|
3
|
Жалпы дамыту жаттығулары
1.Б-қ.Н-т.Аяқты алшақ қойып,қол мықында басты алға,артқа,оңға,солға бұру.
2.б.қ.н-т.Аяқты алшақ қойып оң және сол қолды иықпен бірге артқа алға айналдыру.
3.Қолды желкеге қойып,аяқты алшақ қойып,кеудені оңға 2 рет солға 2 рет бұру
4.Қолды алға созып қайшылау, аяқты алшаң қою.
5.Екі қолды алға созып,оңға аттапаяқты созу, солға аттап аяқты созу.
6.Аяқты алшаң қойып, екі қол жан-жаққа созып ұстап тұрған б-қ.1. дегенде кеудені солға бұрып,оң қол сол иыққа сол қолды белге қою.2 дегенде б.қ келу 3 дегенде кеудені оңға бұрып, сол қолды оң иыққа,оң қолды белге қою.4.б.қ.
7.Аяқ алшақ, қол жан-жақта б.қ.1 дегенде алға еңкейіп
Оң аяқтың артынан қол шапалақтау:2 деген де б.қ.3 дегенде алға еңкейіп сол аяқтың артынан қол шапалақтау.
8.Аяқты айқастыра қойып,тұрған б.қ.1-2 дегенде отырып,3 қайта тұру.
9.Қос аяқтап бір орында секіру.
|
4-5 рет
4-5 рет
4-5 рет
4,5 рет
4,5 рет
|
Денені түзу ұстау
Басты көтеріңкі ұстау.
Кеудені дұрыс бұру.
Жаттығуды санақ бойынша жасау.
Тізені бүкпеу
Аяқты түзу ұстау.
Аяқтың ұшымен жеңіл секіру
|
4
|
П.Негізгі бөлім .
|
25минут
|
|
|
Доптық екі қол мен төменен және жоғарыдан қабылдау,
-Оқушыларды шеңбер жасап тұрғызу допты төменнен және жоғарыдан алуды үйрету
-допты жерге соғып екі қолмен төменнен қабылдау
-тордың қасында екі оқушы тұрады, беруі допты жоғары көтеріп береді, екенішісі допты тордан асырады
-екі топқа бөліп допты тордан асыру ойынын ойнату
-екі топқа бөліп волейбол ережесімен пионербол ойынын ойнату
|
4-5 рет
4-5 рет
4-5 рет
4-5 рет
|
Қол алда, алақандар біріктіріп ұсталады.
Қолдың қозғалысын қиындатпау үшін оны еркін ұстау
Допты жерге түсірмей ойнау
Ережені сақтау
|
5
|
Ш.Қорытынды бөлім
|
|
|
|
Сапқа тұрғызу. Бастапқы қалпына келу жаттығулары: залды айнала жүру, сергіту жаттығуларын орындау. Сабақты қорытдылау. Сабақ кезінде жаттығуларды жақсы орындаған оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Сап жаттығуларын қайталау. Волейбол ережесін үйрену.
Қоштасу
|
Секіртпе жіппен 150 рет секіру.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |