Бағалау критерийлері: Оқушылар1. Зерттеу әдістерін ажыратады. 2. Зерттеу әдістері анықтамасын құрастырады. 3. Зерттеу әдістерін қолданады. 4. Қосымша зерттеу әдістерін ұсынады.
1-тапсырма. Тапсырмаларды орындау туралы нұсқау 1. Оқушылардың белгілі нəтижелерге қол жеткізуде қолданған зерттеу әдістерін атаңыз. 2. Осы зерттеуді жақсарту үшін тағы қандай зерттеу әдісін қолдануды ұсынасыз?
Дәптермен жұмыс. Сынып оқушылары жұпта сандық және салыстырмалы зерттеу әдістері анықтамасын ойластырып, дәптерлеріне жазады. 2-3 жұп өз жауаптарын сыныпқа жариялайды. Мұғалім дайын жауапты тақтаға шығарып (болмаса, қағазға не тақтаға), тексеру іске асады.
Мәтінмен жұмыс: Зерттеу әдістері туралы мәтін таратылады. Оқушылар мәтінді оқиды.
Зерттеудің сандық әдісі — ақпаратты жинақтау мен өңдеу үрдісін стандарттау мен рәсімдеуге бағытталған зерттеу түрі. Сзерттеудің салыстырмалы әдісі – нысандар, құбылыстар мен үрдістердің ұқсастығы мен айырмашылығын, олардың қасиеттері мен күй-жағдайын анықтауға бағытталған әдіс
Бекіту сұрақтары 1. Сандық және салыстырмалы зерттеу әдістерін қандай зерттеулер кезінде қолданған жөн? 2. Оқушылар зерттеуін жақсарту үшін тағы қандай зерттеу әдісін (әдістерін) қолдануды ұсынасыз?