ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІРМҚК Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
МҦНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ИНСТИТУТЫ
«ГЕОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ
ЖҤСІП М.Қ.
КАРТОГРАФИЯ ТОПОГРАФИЯ НЕГІЗІМЕН
ПӘНІНЕН ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ
(050116 - «ГЕОГРАФИЯ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН)
Ақтау – 2010ж.
ШОК №550(052)
Құрастырған: магистр Жүсіп М.Қ.
Картография топография негізімен
Тәжірибелік жұмыстарды орындау үшін әдістемелік нұсқау (050116 - «География» мамандығының студенттеріне арналған)
Пікір жазған: «OSC» ЖШС геология және барлау басқармасының бас геологы Басбаев А.Ф.
Әдістемелік нұсқауда тәжірибелік жұмыстардың мақсаты, міндеті, орындалу тәртібі кӛрсетіледі. Масштаб түрлері, картада географиялық координаталардың орнын анықтау, горизонтальдарды нүктелердің биіктігі арқылы анықтау, проекциялау, картаны безендіру әдістері кӛрсетілген.
Есенов атындағы КМТжИУ оқу - әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылған.
© Ш. Есенов атындағы КМТжИУ, 2010 ж
Кіріспе
Картография – ғылым, техника және ӛндіріс салаларын зерттеуде
картаны, картографиялық ӛнімдерді пайдаланатын ғылым, техника және ӛндіріс салаларын қамтитын аймақ. Ғылым ретінде картография бірнеше бағытта қаралады:
Картомодель іспетті (модельдік – танымдық тұжырым); ол табиғат және қоғам құбылыстарын зерттейтін және кӛрсететін модель тәрізді;
Ақпаратты беретін (коммуникативті ақпарат) картография формасының
ғылымы ретінде;
Картаның тілі ретінде ғылым түрінде (тілдік тұжырым); жүйелі ақпараттық – картографиялық модельдеу және геожүйені және тағы басқа тұжырымдар ретінде кӛруге болады.
Ғылым ретінде картография бірнеше бӛлімдерге бӛлінеді: жалпы картография теориясы, математикалық картография, картаны проекциялау және құру, картографиялық семантика, картаны безендіру, картаны жасап шығару, картографиялық ӛндірістің экономикасы, картаны пайдалану,
картография тарихы, картографияның шығу кӛздері, картографиялықбиблиография, картографиялықинформатика.
Осылардың ішінде географиялық картография ерекше кӛзге түседі. Оны картографиялық бейнелеу және геожүйені зерттеумен айналысуда зор маңызы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |