І жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
ІІ жүргізуші: Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 24 жыл толғалы отыр. Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 24 жылы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.
І жүргізуші: Ендеше бірінші кезеңімізді бастаймыз. Ұлттарымызды ортаға шақырамыз. Корей ұлты, Орыс ұлты, Қытай ұлты, Өзбек ұлты, Түрік ұлты, Қазақ ұлтықарсы алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі кешімізде біз 6 ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.
І жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблиясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
ІІ жүргізуші: Ортақ менен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан – дей отырып бірінші кезеңіміз таныстыру кезеңін бастаймыз.
І жүргізуші: Ортақ бізге бір отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы – дей келе біз екінші кезеңімізді бастаймыз. Екінші кезең бойынша әр ұлт құттықтау тілектерін айтады.
ІІ жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы - дей отырып, үшінші кезеңімізді бастаймыз. Үшінші кезеңде әр ұлт өз өнерін көрсетеді. Келесі кезекті корей ұлт өкілінің өнерін тамашалауға шақырамыз.
І жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған! –дей отырып біз төртінші кезеңімізді бастаймыз. Ұлттардың сән үлгілерін тамашалаймыз.
ІІ жүргізуші: Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде- дей отырып біз бесінші кезеңімізді бастаймыз. Ұлттарды ортаға шақырамыз. Сіздерге тапсырма достық, бірлік, ынтымақ жайлы мақал-мәтел айту.
Достарыңызбен бөлісу: |