Сабақтың тақырыбы: «1 мамыр Халықтар бірлігі күні» Сабақтың мақсаты



бет1/4
Дата21.06.2023
өлшемі29,5 Kb.
#179066
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
«1 мамыр – Халықтар бірлігі күні» ашық тәрбие сағаты 8 сыныптар




КЕЛІСЕМІН БЕКІТЕМІН
Мектеп басшысының мәдени Мектеп басшысының тәрбие
жөніндегі орынбасары жөніндегі орынбасары
___________М. К. Умирбекова _________А. О. Молдабекова
«__»________2015 ж. «__»________2015 ж.



Тақырыбы: «1 мамыр – Халықтар бірлігі күні»


8 «Ә» сынып
Сынып жетекшісі: Г.У. Таймаганбетова
Жаңаөзен қаласы
Сабақтың тақырыбы: «1 мамыр – Халықтар бірлігі күні»


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.

Көрнекілігі: Плакатқа жазылған тақырып, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, ұлттық киімдер.

Сабақтың барысы:

І жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар және оқушылар! 

ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» тақырыбындағы салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!

І жүргізуші: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобаланда көп шеккен қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халқы ақ тілекті.

ІІ жүргуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет