Білу және түсіну 10 минут
Топтарға тапсырма:
(Мәтін бөліктерін тарату)
Оқулықтағы тапсырмаларды топтарға бөлу
Атомдардың массасын граммен не килограммен өлшеуге бола ма?
Атомдардың массасы өте кіші болғанымен олардың сандық мәні дәлдікпен анықталған. Мысалы ең жеңіл атом атом сутегінің атомдық массасы:
mа (H)=1.66*10-24 г немесе 1,66*10-27кг Оттегінің массасы одан 16 есе ауыр:
mа (O)=2.66*10-23 г немесе 2,66*10-26 кг-ға тең.
Мынадай сандарды пайдалану ыңғайсыз. Сондықтан атомдық массаны өлшеу үшін арнайы өлшем бірлігі, массаның атомдық бірлігі (м.а. б) қолданылады .
Массаның атомдық бірлігі (м.а. б.) бұл көміртегінің 1/12 атомдық массасына тең. Көміртегі атомның массасы:
2,0*10-26г немесе2,0*10-26кг,ал мұның 1/12 бөлігі
20*10-26kг =1.66*10-27кг =1,66*10-24г.
Осы мәнді м.а.б. деп аламыз. Бір атомдық масса бірлігіне тең сандық мәнді салыстырмалы атомдық масса деп анықтама беріледі. Салыстырмалы атомдық масса өлшемсіз шама екенін және оны (индексі ағылшын тілінде relative- "салыстырмалы " деген мағына береді ).
Мысалы оттегі үшін:
Ar=2.66*10-23 = 16
0.66*10-23
массасының атомдық бірлігімен (м.а.б.) алынған атомдар массасынан салыстырмалы атомдық массаның өлшемсіз шамасын ажырата білу керек.
мысалы; mа (H)=1м.а.б. Аr (H) =1
та (O)=16 м.а.б. Ar (O ) =16
та (S)=32 м.a.б. Ar (S) =32
Демек сутегі атомның массасы көміртегі атомның массасына 1/12 бөлігіне тең екенін, ал оттегі ал оттегі атомның массасы 16 есе, күкірт 32 есе бұл масадан ауыр екенін көрсетеді.
Химиялық формула
жай және күрделі
Химиялық формула - заттың құрамын химиялық элемент таңбалары және индекстер көмегімен шартты түрде бейнелеу.
Заттың салыстырмалы молекулалық массасы, берілген зат молекуласының массасы көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен неше есе ауыр екенін білдіреді.
Химиялық формула арқылы салыстырмалы молекулалық массасын табамыз:
Мr (H2O) = (2•1)+16=18
Бірнеше мысалдармен түсіндіріледі.
Қолдану 8 минут Постер жасату.
Жалпыға арналған тапсырма:
Оқушылар жаңа білімге сай оқулықты қолдана отырып өз түсінгендерін постерге түсіреді.
|