Сабақтың тақырыбы: №1 практикалық жұмыс «Электролиттік диссоциациялану теориясы және электролиттердің қасиеттері» тақырыбына эксперименттік есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – оқушылардың электролиттік диссоциация теориясы тақырыбы бойынша алған білімдерін практикалық іс-әрекетте пайдалана білу, реакция теңдеулерін жазу дағдысын жетілдіру.
Дамытушылық – оқушылардың ой өрісін, есте сақтау қабілетін, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыра отырып дамыту.
Тәрбиелік – оқушыларға саналы да терең тиянақты білім бере отырып, өз бетінше шығармашылықпен ізденуге тәрбиелеу.
Сабақтың құрал жабдығы, реактивтер: интерактивті тақта, компьютер, Zn, HNO3, HCl, ZnCl2, NaOH, BaCl2, H2SO4, CaCO3 лакмус қағазы пробиркалар, пиипетка, кеспе қағаздар т.б
Сабақтың түрі: білімді қорытындылау, жүйеге келтіру.
Сабақтың әдісі: интерактивті, аралас
Сабақтың пәнаралық байланысы: биология, медицина, экология.
Сабақтың барысы:
Сабақ жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Сергіту сәті
3.Фронтальді сұрақтар
4.Білімқұмарлар мен зеректер
5.Химиялық лото
6.Бейнезертхана
7.Өз қолыммен жасасам түсінемін (практикалық жұмыс)
8.Қорытынды
9.Үйге тапсырма
1.Ұйымдастыру кезеңі:
- журнал толтыру
- кезекшінің есебін тыңдау
- сынып бөлмесінің тазалығын тексеру
- оқушының оқу-саймандарын түгелдеу
- сабақтың мақсатымен таныстыру
2.Сергіту сәті:
NaCl,ZnO,Al2O3,Ca(OH)2,HNO3,FeS,
SO2,NaF,H2S,H2SO4,BaSO4,CuSO4,
BaCl2,Na2S,KNO3,NaCl2,AlCl3,CaCO3
K2SO4,Na2SO3
3.Фронтальді сұрақтар:
ЭДТ тұрғысынан негіздер,қышқылдар,тұздар дегеніміз не?
Электролит дегеніміз не?
Бейэлектролит дегеніміз не?
Әлсіз,орташа,күшті электролиттер дегеніміз не?
Бейтараптану реакциясына анықтама бер.
Тұздар гидролизі дегеніміз не?
Күшті негіз бен күшті қышқылдан құралған тұздарды ата
Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан құралған тұздар
Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан құралған тұздар
Қышқыл ортада түстерін қызылға өзгертетін индикатор
4.Білімқұмарлар мен зеректер
1.Жазба жұмысын тексеру
2.Кім жүйрік?
1.Массасы 6,4г күкірт жанғанда неше литр (қ.ж) күкірт(IV) оксиді түзіледі.
2.Массасы 200г темір сульфиді ертіндісін массасы 8г натрий гидроксидің ертіндісімен араластырғанда неше грамм тұнба түзіледі.
3.Оқулықпен жұмыс:
1 нұсқа
K2CO3,KNO3, K2SO4,KCI,NaCI, NaNO3,NaNO2,Na2SIO3,Na2CO3
2 нұсқа
Ca(NO3)2,CaSO4,CaCI2,CaCO3, CaSiO3,Ca3(PO4)2,Zn (NO3) ZnCo3,Na2CO3
3 нұсқа
AICI3,AI(NO3)AIPO4, AI2(SO4)3,FeCI4,FeSO4,Fe(NO3)3, CuCI2
5.Химиялық лото
2HCI Na2SO4 BaSO4 BaCI2
Na2 CO3 H2O 2HF 2NaF CO2
HNO3 H2O KOH KNO3
6.Бейнезертхана
1.2NH3+H2SO4 = (NH4)2SO4
2.BaCl2+MgSO4 = BaSO4 +MgCl2
3.BaCl2+H2SO4 = BaSO4 +2HCl
4.CaCO3 +2HCl = CaCl2 + CO2+ H2O
7.Өз қолыммен жасасам түсінемін (практикалық жұмыс)
Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2
ZnCl2+2NaOH = Zn(OH)2 + NaCl
BaCl2 + H2SO4 = BaSO4 +2HCl
Zn + 4HNO3 = Zn(NO3)2 + 2NO2 + 2H2O
CaCO3 + 2HCl = CaCl2 + CO2+H2O
Деңгейлік тапсырма
1.Мына заттар ерітінділері арасында жүретін реакцияны жазыңдар?
а) K2CO3 + HCl =
ә)FeCl3 + KOH =
б)NaOH + H2SO4 =
2.Мына айналуларды іске асырыңдар
CuSO4 Cu(OH)2 CuO CuCl2 CuSO4
3.Төменедегі қысқартылған иондық теңдеулері берілген реакциялардың толық молекулалық және толық иондық теңдеулерін жазыңдар?
а)H++OH- =H2O
ә)Ca2++CO32-=CaCO3
б) Ba2++SO42- =BaSO4
8.Қорытынды
9.Үйге тапсырма
Тест тапсырмаларын орындау 50-ші бетте,деңгейлік тапсырмаларды орындау 48-ші бетте, 4-жаттығу, 5,6 есептерді шығару
Бекітемін Келісемін Әб отырысында
Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі Қаралды:
Нұрмағамбетова А.Ж Мөшке А. Әб жетекшісі: ______
«___» _______2013ж «___» ___ 2013ж Қаулы №____
«___» ___ 2013ж
Ашық сабақ тақырыбы:
№1 практикалық жұмыс «Электролиттік диссоциациялану теориясы және электролиттердің қасиеттері» тақырыбына эксперименттік есептер шығару
9-сынып
Пәні:Химия
Пән мұғалімі:Тажбекеева Р.Т
2013-2014 оқу жылы
Абай атындағы орта мектебінің биология-химия пәнінің мұғалімі Тажбекеева Райхан Темирханқызының жұмысы туралы
Пікір
Райхан Темирханқызының әрбір сабағының мақсаты, мазмұны, жоспары,және оның құрылымы белгіленіп, оқу міндеттерінің талаптарына сай өткізеді.Сабақ барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне мән беріп ұғымды да, түсінікті етіп,пәнаралық байланыстарды көп пайдаланады.
Орта мектепте оқу пәндерінің қазіргі кезеңінде жүзеге асыруға тиісті негізгі мәселенің бірі- оқушылардың дұрыс ойлау дағдыларын қалыптастыруға көп көңіл бөледі. Сонымен қатар жаңа Қазақстанның болашақ ұрпақтарына жаңаша білім беруде Райхан Темирханқызы өз іс-тәжірибесінде оқушыларға сабақта жаңа технология элементтерін қолданып, «Биология-химия сабақтарында жаңа технология элементтерін пайдаланып, оқушылардың қызығушылығын арттыру» тақырыбында жұмыс істейді. Осы тақырып бойынша аудандық пәндер секциясында баяндама оқып, әріптестерімен ой бөлісті. Мұғалімнің шығармашылық шеберлігіне келетін болсақ,жұмыс барысында үнемі ізденіс үстінде болады.Оқушылардың білім сапасын арттыруда, жаңа ақпарат құралдарын, сабақтың әр түрлі әдіс –тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда.Райхан Темирханқызы дарынды балалармен жұмыс істейді. Биология пәні бойынша аудандық олимпиадаға 2012-2013 оқу жылында 10 сынып оқушысы Харақат Е III орынды иеленді.
Пікір жазған: Нұрмағамбетова А.Ж.
Бекітілсін
Ауылдық округ әкімі
Дюсембеков Ж.Д.
« » _____________ 2013 ж
Қазақстан Республикасының «Мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық–педагогикалық –әлеуметтік қолдау туралы»
Заңын іске асырудағы Бұлақсай ауылдық округінің 2013-2014 жылда әлеуметтік қызметкерінің жылдық іс-шарасының
Жоспары
№
|
Шаралар
|
Орындалатын мерзімі
|
жауаптылар
|
1
|
Әлеуметтік көмекке мұқтаж мүмкіншілігі шектеулі балаларды айқындау,есепке алу,оның мүддесі мен талабын белгілеу үшін баланың орналасқан ортасының жағдайын байқау
|
қаңтар
|
Бас маман
Абраева А.С
Әлеуметтік қызметкер
|
2
|
Көмектің нақты түрі мен нысанын айқындап,өзіне жеке дара құрылған бағдарлама бойынша жеке қызмет көрсету ,картасын құру.
|
қаңтар
|
Бас маман
Абраева А.С
|
3
|
Ата-анасын ауру баланың жалпы күтімінде практикалық әдістерді үйрету
|
Жыл бойы
|
Әлеуметтік қызметкер
|
4
|
Баланы қозғалу және әлеуметтік (киіну, жуыну,ыдысты қолдануда ,ақша ұсрауды,телефонмен сөйлесуді,көлікпен жүру) әдістерге үйрету
|
Жыл бойы
|
Әлеуметтік қызметкер
|
5
|
Баланың бос уақытын (ойын ойнауға,кітап оқу және т.б)ұйымдастыру
|
Жыл бойы
|
Әлеуметтік қызметкер
|
6
|
Әлеуметтік медициналық көмек және медициналық көмек көрсетуде (дәрігерді үйге шақыру,ауруханаға апаруда)қолғабыс тигізу
|
Жыл бойы
|
Әлеуметтік қызметкер
Мед. қызметкер
|
7
|
Жедел жәрдем қажет кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету
|
үнемі
|
Әлеуметтік қызметкер
|
8
|
Мүгедектерді оңалту бағдарламасындағы шараларды жүзеге асыруда ата-анасына көмек көрсету
|
Ай сайын
|
Әлеуметтік қызметкер
|
Бас маман Абраева А.
Достарыңызбен бөлісу: |