Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!
Жақсы!
Талпын!
Қысқамерзімді жоспар №4-сабақ.
Бөлім:
12-бөлім Абайды оқы, таңырқа! Абай Құнанбайұлы. Табиғат лирикасы
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы:
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
6.2.1.1 - тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдану, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу
Сабақтың мақсаты:
тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдана алады, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізе біледі.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.