Сабақтың тақырыбы: §1 xxғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үрдістер Сабақтың мақсаты§5 –6 Қазақстан шетелдік интервенция және азамат соғысы жылдарында
1 2
Күні: 14. 12.2016 Үйден оқыту 9 «А» класс оқушысы Исагалиев Ш Дүние жүзі тарихы Сабақтың тақырыбы: §9. Америка Құрама Штаттары Сабақтың мақсаты: Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы АҚШ-тың дамуына сипаттама беріп, әлеуметтік-экономикалық және саяси даму ерекшеліктерін ашып көрсету. Техникалық прогрестің жоғары өркендеуіне қарамастан, АҚШ-тағы экономикалық тоқыраудың себептерін түсіндіру. Осы тоқыраудан шығудағы Ф.Рузвельттің «Жаңа бағыт» реформасының маңызын нақты факторлармен әңгімелеп, саяси бағыттағы жаңалығын атап көрсету. Сабақтың түрі: аралас Әдісі: интерактивті /логикалық сұрақ-жауап, әңгіме, мәтінмен жұмыс/ Көрнекілік: карталар Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі II Үй тапсырмасын тексеру III Жаңа сабақ IV Жаңа сабақты бекіту V Қорытындылау,бағалау VI Үйге тапсырма. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі Оқу құралын тексеріп түгелдеу Оқушылар зейінін сабаққа аудару ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Әскери коммунизм» саясаты қай жылдары болды? Жаңа экономикалық саясат қай жылы қабылданды? КСРО қай кезде құрылды және оның құрамына қандай республикалар кірді? Ұжымдастырудың қандай зардаптары болды? Жаңа сабақтың жоспары: Бірінші дүниежүзілік соғыстың АҚШ-қа тигізген әсері. 1922-1929 жылдардағы АҚШ-тың ішкі саясаты АҚШ-тағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері Президент Ф.Рузвельттің «Жаңа бағыт» реформасы «Жаңа бағыт» реформасының әлеуметтік маңызы Негізгі оқиғалар: 1918 жылғы 8 қаңтар- «14 баптан» тұратын дүниежүзі елдерінің болашағына байланысты бағдарлама қабылданды. 1928 жылы республикашыл Герберт Гувер президент болды. 1929-1933 жылдарда АҚШ-тағы экономикалық дағдарыс 1932-1945 жылдарда демократ Ф.Рузвельт президент болды 1933 жылы «Жаңа бағыт» реформасы басталды. 1935 жылы бейтараптық туралы заң қабылданды. Сабақты бекіту: АҚШ экономикасының тұрақтанына қандай жаңдайлар себеп болды? Техникалық прогрестің мекені бола тұра, не себепті АҚШ дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың орталығына айналды? Г.Гувер мен Ф.Рузвельт экономикалық дағдарыстан шығу үшін қандай шараларды жүзеге асыруды ұсынды? Бағалау: Үйге тапсырма: §9. «Жаңа бағыт» саясаты Америка қоғамдық өміріне қандай жаңа келбет әкелді? Күні: 21. 12.2016 Үйден оқыту 9 «А» класс оқушысы Исагалиев Ш Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: Әскери коммунизм Әкімшіл-әміршіл жүйенің қалыптасу кезеңіне тоқталып, жаңа экономикалық саясаттың мәнін ашу; Сабақтың міндеттері: ЖЭС белгілерімен таныстырып, қиыншылықтары мен табыстарына тоқталу; Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі арқылы олардың ой өрісін дамытып, өзіне деген сенімін, пәнге деген қызығушылығын арттыру; Отанын сүюге, әрқашанда өткеніне құрметпен қарауға тәрбиелеу; Сабақтың түрі: аралас Әдісі: интерактивті Көрнекілік: карта, сызба Сабақтың жоспары І. Ұйымдастыру кезеңі Миға шабуыл 1.І д.ж.соғыс қай жылдары болды, неше мемлекет қатысты? 2.І д.ж.соғыста бәсекеге түскен одактар? 3. 1913ж қазақ ұлтының өмір сүруі проблемаға айналды”деген кім? 4.1916ж 25 маусымдағы патша үкіметінің жарлығы? 5.1916ж Торғайдағы ұлт-азаттық көтеріліс кім басқарды? 6.1917ж Ресейдегі ақпан төңкерісінің нәтежесі? 7. 1917ж қазан төңкерісі? 8.1917ж Орынбордағы жалпы қазақ сьезінде Қазақ (кырғыз) автономиясына қандай атау берілді? 9. “Алаш” партиясының бағдарламасы жарияланған газет? 10. 1917ж қыркүйекте құрылған тұңғыш мұсылман партиясы? ІІ. Үй тапсырмасын сұрау І тапсырма 1. 1919ж 10шілде В.И.Ленин Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Декретке қол қойды. А) 1920ж 4 қазан Ә) 1920 ж 26 тамыз б) 1919ж 10шілде 2. РКФСР құрамында “Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социолистік Республикасын құру туралы” Декрет қабылданды. А) 1920ж 4 қазан Ә) 1920 ж 26 тамыз б) 1919ж 10шілде 3. Орынборда “Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социолистік Республикасы (Қаз АКСР) Кеңестерінің сьезі болды? А) 1920ж 4 қазан Ә) 1920 ж 26 тамыз б) 1919ж 10шілде 4. Қазақ АҚСР- Қазақ КСР деп аталды. А) 1936ж в)1937ж с) 1938ж 5. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы: А) Т.Рысқұлов ә)Ә.Жангелдин б) С.Меңдеше III. Жаңа сабақтың жоспары IV. Сабақты бекіту: Венн диаграммасы Әскери коммунизм саясаты және жаңа экономикалық саясат V. Бағалау: VI. Үйге тапсырмасы Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі Оқу құралын тексеріп түгелдеу Оқушылар зейінін сабаққа аудару Үй тапсырмасын сұрау ; Азамат соғысы деп қандай соғысты айтамыз? Азамат соғысының негізгі оқиғаларын атап көрсетіңдер. Соғыс жылдарындағы экономикалық саясаттың бағыты қалай болады? Жаңа сабақтың жоспары: Қазақ автономиясыныңқұрылуы және оның тарихти маңызы. Қазақ жерінің Қазақ АКСР- інің қарамағына бірігуі. Сабақты бекіту: Қазақ АКСР – інің құрылуын ел тарихындағы белгілі оқиғалардың бірі деп тануға негіз болатын қандай факторлар бар? Қазақ жерін Қазақ АКСР інің құрамына біріктіруүрдісіндегі қиындықтардың түпкілікті себептері неде? ҚазақАССР інің құрылуының тарихи маңызы неде? Қазақ АКСР – інің құрылуына тарихи балама жол болды ма? Бағалау: Үй тапсырмасы:§7. Күні: 28. 12.2016 Үйден оқыту 9 «А» класс оқушысы Исагалиев Ш Дүние жүзі тарихы Сабақтың тақырыбы: §11. Жапония Сабақтың мақсаты: Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Жапонияның саяси-экономикалық дамуына сипаттама беріп, елдің билеуші топтарының жүргізген ішкі және сыртқы саясатының озбырлық бағытын нақты факторлармен ашып көрсету; Әлемді қырғын соғысқа киліктіргендердің бірі Жапония милитаристері екеніне оқушылардың назарын аудару. Бейбітшілік рухта тәрбиелеу Сабақтың түрі: аралас Әдісі: интерактивті Көрнекілік: карта. Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі II Үй тапсырмасын тексеру III Жаңа сабақ IV Жаңа сабақты бекіту V Қорытындылау,бағалау VI Үйге тапсырма. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі Оқу құралын тексеріп түгелдеу Оқушылар зейінін сабаққа аудару ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Бірінші джс кейінгі Латын Америкасындағы саяси және экономикалық жағдайға сипаттама беріңдер. Аймақтағы саяси тәртіптерді ашып көрсетіңдер. ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі либералдық реформалар саясатын қалай бағалауға болады? 1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономиканы мемлекеттік ретттеу саясатына баға беріңдер 30-жылдарда Латын Америкасынақатысты АҚШ-тың және Еуропа елдірінің саясатында қандай өзгерістер болды? Жаңа сабақтың жоспары: Бірінші джс кезіндегі Жапония жәнге соғыстан кейінгі елдің жағдайы. Танака үкіметінің саясаты ДЭД жылдарындағы Жапония Жапонияның Азиядағы озбырлығы, Қытайдағы әрекеттері Екінші джс кезіндегі Жапония. Негізгі оқиғалар: 1924-1932 жылдарда елді саяси партиялар басқарды. 1923 жылы Маньчжоу-го мемлекеті құрылды. 1933 жылы Жапония Ұлттар Лигасынан шықты. 1937 жылы 7 шілдеде Қытайға соғыс ашты. 1939 жылы Монғолияға шабуыл жасады. 1940 жылы 27 қыркүйекте Жапония, Германия, Италия «Үштік пакт» аталатын соғыс одағын құрды. 1945 жылғы 2 қыркүйекте Жапония тізе бүгу туралы актіге қол қойды. Сабақты бекіту: Жапонияның бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар қарсаңындағы сыртқы саясатының ұқсас жақтарын атаңдар. Жапония үкіметінің экспанциялық және милитаристік саясатын түсіндіріңдер. Бағалау: Үйге тапсырма: §11.
Күні: 18.01.2017ж. Үйден оқыту 9 «А» класс оқушысы Исагалиев Ш Дүние жүзі тарихы. Сабақтың тақырыбы: §11. Қытай және Моңғолия Сабақтың мақсаты: Қытайдың 1918-1939 жылдар аралығындағы ішкі және сыртқы жағдайларына сипаттама беріп, 1919, 1925-1927 жылдардағы революциялық қозғалыстың жалпыхалықтық антиимпериялистік сипатын ашып көрсету. 1927-1937 жылдары азамат соғысына ұласқан Гоминьдан мен коммунистердің арасындағы қарулы күрес туралы түсінік беріп, оқушылардың назарын Қытайдағы Кеңестік қозғалысқа аудару. 1937-1945 жылдары Жапон басқыншыларына қарсы күресу үшін біртұтас ұлттық майданның құрылғанын айтып, оның міндеттерімен таныстыру. 1918-1940 жылдардағы Моңғолияның саяси-экономикалық даму жолына сипаттама беріп, 1924-1940 жылдардағы реформалардың мәнін ашып көрсету.Білімді, ұлтжанды азаматтар қалыптастыру. Сабақтың түрі: аралас Әдісі: дәстүрлі Көрнекілік: карталар Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі II Үй тапсырмасын тексеру III Жаңа сабақ IV Жаңа сабақты бекіту V Қорытындылау,бағалау VI Үйге тапсырма. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі Оқу құралын тексеріп түгелдеу Оқушылар зейінін сабаққа аудару ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Түркияның тәуелсіздігін сақтап қалу жолында көп еңбек еткен қандай адам? Мұстафа Кемалға қандай атақ берілді? Екінші дүние жүзілік соғыста Түркияның ұстанған саясаты қандай? Кеңес Одағымен қандай қатынаста болды? Жаңа сабақтың жоспары: Қытайдың соғыстан кейінгі жағдайы. Саяси партиялар және саяси күрес Қытайдағы 1925-1927 жылдардағы Ұлттық революция Гоминьдан мен коммунистердің арасындағы қарулы күрес. 1918-1940 жылдардағы Моңғолияның саяси экономикалық жолдары. Моңғолиядағы 1924-1940 жж. экономикалық реформалар Негізгі оқиғалар: 1919 жылғы 4 мамырда Қытайдағы антиимпериялистік қозғалыс болды. 1921 жылғы сәуірде Сунь Ятсен Қытай Республикасының президенті болып жарияланды. 1925 жылғы 30 мамырда Ұлттық рефолюция басталды. 1926-1927 жылдардағы Солтүстік жорығы 1931 жылғы қарашада Орталық жұмысшы-шаруа үкіметі құрылды. 1937 жылы Біртұтас антижапондық майдан құрылды. 1937 жылы тамызда КСРО-Қытай арасындағы шартқа қол қойылды. 1921 жылы Моңғолия Халық партиясы құрылды. 1924 жылы МХР жарияланды. Сабақты бекіту: 1919 жылғы «4 мамыр қозғалысының» себептері қандай? МАО Цзэдун қандай әлеуметтік топтың қатарынан шықты? КСРО кеңесшілері Қытайға қай үкіметтің шақыруымен барып қызмет атқарды? Сунь Ятсен бағдарламасының мазмұны қандай? Кеңестік қозғалыстарды баяндап беріңдер 1921 жылғы араттар революциясына сипаттама беріңдер. Моңғолияның революцияға дейінгі экономикасы туралы, Кеңестік Ресейдің Моңғолияға көмегі жөнінде пікірлеріңді білдіріңдер. Бағалау: Үйге тапсырма: §11. КСРО-ның Қытайдың және Моңғолияның ісіне араласуына баға беру. Күні: 01.02.2017ж. Үйден оқыту 9 «А» класс оқушысы Исагалиев Ш Дүние жүзі тарихы. Сабақтың тақырыбы: §12. Ауғанстан және Иран. Сабақтың мақсаты: Бірінші д.ж.с. соңындағы және соғыстан кейінгі Иранның ішкі және халықаралық жағдайын нақты фактілермен сипаттап, оқушылардың назарын Англияның Иранды басып алуына аудару. Сабақтың міндеттері: Ирандағы ұлт-азаттық қозғалыстың ерекшеліктеріне тоқталып, Кеңес үкіметінің осында социалистік революция ұйымдастыру әрекетіне түсінік беру. 1921-1945 жылдардағы Иранның саяси экономикалық дамуын түсіндіргенде, Пехлеви үкіметінің іс-әрекеттерін ашып көрсету; Белсенді, білімді азамат тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас Әдісі: дәстүрлі Көрнекілік: карта Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі II Үй тапсырмасын тексеру III Жаңа сабақ IV Жаңа сабақты бекіту V Қорытындылау,бағалау VI Үйге тапсырма. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі Оқу құралын тексеріп түгелдеу Оқушылар зейінін сабаққа аудару ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Сунь-Ятсен бағдарламасының мазмұны қандай? 1916 жылғы «4-мамыр қозғалысының себептері қандай? МХР қашан құрылды? Жаңа сабақтың жоспары: Бірінші джс соңындағы Иранның жағдайы Ұлт-азаттық қозғалыстың дамуы. Иранның 1921-1945 жылдардағы саяси –экономикалық даму жолдары. 1918-1945 жылдардағы ауғанстан. Негізгі оқиғалар: 1918-1928 жылдар-Ауғанстандағы Аманулла ханның реформалық әрекеттері. 1921 жылы құлдықты жою заңы жарияланды. 1920 жылғы 5 маусымда Гилян республикасы жарияланды 1925-1941 жылдары- Реза хан Пехлеви билігі орнады. 1943 жылғы 9 қыркүйекте Иран Германияға соғыс жариялады. Сабақты бекіту: 1918-1922 жылдардағы Иран жеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстың ошақтарына талдау жасаңдар. Кеңестік Ресейдің Гилян өңірінде социалистік республика ұйымдастыру әрекеті дұрыс па әлде бұрыс па? Дәлелдер келтіріп, өз пікірлеріңді білдіріңдер. «Шазривар оқиғасының» дамуына не себеп болды? Соғыс жылдарында шах үкіметі қай одақты жақтады, және не себепті жақтады. Аманулла хан үкімет басына қандай жағдайда келді? Ауғанстан конституциясы қай жылы қабылданды? Нәдіршах әулетінің Ауғанстанда билік еткен мерзімін анықтаңдар Бағалау: Үйге тапсырма: §12.
жүктеу/скачать 0,54 Mb. Достарыңызбен бөлісу: 1 2 |