Сабақтың тақырыбы: Жұлдызды аспан
Білім беру ұйымының атауы
|
|
Бөлімі:
|
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сыныбы:
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Жұлдызды аспан
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
9.7.2.1 абсолюттік және көрінерлік жұлдыздық шамаларды ажырату;
9.7.2.2 жұлдыздырдың жарқырауына әсер ететін факторларды атау
|
Сабақтың мақсаты:
|
Оқушылардың барлығы:шоқжұлдыз ұғымын түсіндіре алады.
Көпшілігі:абсолюттік және көрінерлік жұлдыздық шамаларды ажыратады.
Кейбіреуі: жұлдыздырдың жарқырауына әсер ететін факторларды талдап көрсетеді.
|
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
ЕБҚ
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
6 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Видео көрініс
Жұлдыздардың пайда болуы туралы
|
Видео көріністі мұхият қарап негізгі мәліметтерді дәптерге жазып отырады
|
|
Жұлдызды аспан туралы осы сабаққа дейін не білетіндерін талқылайды
|
BilimLand
https://www.youtube.com/watch?v=80eMTnnLjhs
жұлдыздардың пайда болуы
|
Сабақтың ортасы
20 мин
|
Жұлдызға дейінгі арақашықтықты өлшеу
Галактика мен құс жолы жайлы
Видео
|
Оқушылар алынған білімді талдайды
|
|
Қате тұжырым айтқан оқушыларға кері байланыс беру
|
Таратпа материалдар
Презентация
|
15 мин
|
Құс жолы диаграммасын салу
Оқушылар Құс жолының галактикасының белгіленген сызбасын шетінен де төбесінен де нақты саулары керек. Бұл диаграммаға кіруі керек:
орталық дөңес немесе ядро
шиыршық тармақтар
Біздің Күн жүйеміздің белгіленген айқындамасын
шамалы өлшемін
|
|
Дескриптор
пайда болу уақытын көрсетеді
өлшемдерін анықтайды
Күннің орналасуын анықтайды
Ядросын көрсетеді
|
Ақ қағаз,
Сурет салуға арналған құрал жабдықтар
https://www.youtube.com/watch?v=VClx2MY8kEw
|
Сабақтың соңы.
4 мин
|
Сабаққа керібайланыс береді .
Сабақ соңында оқушылар стикерлер арқылы рефлексия жүргізеді
Үй тапсырмасы :
|
Оқушылар стикерлер бойынша сабаққа рефлекисия жазады
|
|
Бірнеше оқушы өз ойымен бөлісіп, оқу мақсатына қалай қол жеткгзені туралы пікір бөліседі.
|
Стикер, слайд
|
Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары
Бөлімі:
|
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Бисенова Т
|
Күні:
|
13.11.22
|
Сыныбы:
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары БЖБ
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
9.7.2.7 Кеплер заңдарының негізінде аспан денелерінің қозғалысын түсіндіру
|
Сабақтың мақсаты:
|
Кеплер заңдарының тұжырымдамасы және формулаларын қолдану
|
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
6 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Түгелдеу
Оқушыларға «Ой қозғау» түрткі сұрақтар қою арқылы алдыңғы алған білімдерімен байланыстыра отырып жаңа тақырыпты ашатындай әрекеттер жасау. Мысалы,
Орбита дегеніміз не?
|
Ғаламшардың массасы мен ауырлық күші ғаламшардың орбитасына қалай әсер етеді?
|
Оқушылардың жауабы тыңдалып болған соңжауап видео көмегімен көрсетіледі.
|
Оқушылар алдыңғы сабақтағы білімдерін қолдана отырып сұрақтарға жауап береді
|
Дескиптор
-орбита ұғымын біледі
-Күн жүйесі планеталарын біледі
|
Таратпа материалдар
https://twig-bilim.kz/kz/film/what-is-an-orbit
|
Сабақтың ортасы
15 мин
|
|
Мұғалім әрекеті:
Кеплер заңдары
Поляк ғалымы Николай Кперник (1473-1543ж.ж) өзінің Күн жүйесінің гелиоцентрлік моделін (үлгісін) жасаған кезде өте ертеде қалыптасқан планеталардың шеңбер бойымен тұрақты жылдамдықпен қозғалады деген қағидасын сақтап қалды.
Тек XVII ғасырдың басында ғана аспан денелерінің орбиталары шын мәнінде шеңберден өзгеше екені анықталды. Бұл маңызды жаңалықты неміс астрономы Иоганн Кеплер(1571-1635 жж) ашты. И.Кеплер планеталардың Н.Коперник іліміне сәйкес алдын ала есептелеген орындары мен бақылау кезіндегі анықталған орындарының бір-бірінен айырмашылығы бар екенін байқаған болатын. Демек планеталардың Күнді айнала қозғалу траекторялары шеңбер бойымен болады деген көзқарастан бас тарту қажет болды. Планеталардың гелиоцентрлік орбиталарының түрін (пішімін) анықтау үшін ол Дания астрономы Тихо Брагеннің(1546-1601 жж) өте мұқият жасаған Марс қозғалысына қатысты бақылау жұмыстарының нәтижелерін пайдаланды. Оның көп жылғы жұмысының нәтижесі – 1609-1619 жылдары планеталар қозғалысының үш негізгі заңын ашуы болды. Бұл заңдар оның есімімен Кеплер заңдары деп аталады.
Кеплер заңдарын тұжырымдаңдар
I.Кеплердің бірінші заңы — планета орбитасының пішінін анықтайды: Барлық планеталар Күнді эллипс бойымен айналады, оның фокустарының бірінде Күн орналасады.
Эллипстің симметриялы центрі – О, үлкен АА1=2а және ВВ1=2в екі симметрия осі бар, мұндағы а – үлкен жарты ось, в – кіші жарты ось деп аталады.
Оның екі фокусы центрден OF1=OF2=c=a2-b2 қашықтықта орналасқан эллипстің негізгі қасиеті: эллипстің кез келген нүктесінің фокустардан қашықтықтарының қосындысы үлкен ось ұзындығына тең болатын тұрақты шама:
MF1+MF2=2a
e=c/a қатынасы эллипстің эксцентриситеті деп аталады. Ол эллипстің сопақтық дәрежесін көрсетеді: е неғұрлым үлкен болса, эллипстің шеңберден айырмашылығы да соғұрлым көп болады. Егер с=0 болса (эллипстің фокустары центрімен беттеседі), онда е=0, яғни эллипс радиусы а болатын шеңберге айналады. Шолпан мен Жер орбиталарының пішіндері шеңберге өте жақын (Шолпан орбитасының эксцентиситеті — 0,0068, Жердікі – 0,0167). Өзге планеталардың көпшілігінің орбиталары әлдеқайда созылыңқы болып келеді. Орбитаның Күнге ең жақын нүктесін перигелий (грекше peri-таяу, helios- Күн деген сөздерінен), оның ең алыс нүктесі афелий (грекше apo- алыс деген мағынаны білдіреді) деп аталады. Эллипстің үлкен а жарты осі планетаның Күннен орташа қашықтығына пара- пар. Астрономияда Жердің Күннен орташа қашықтығы Күн жүйесінде қолданылатын қашықтық өлшеу бірлігі ретінде қабылданған.
Ол астрономиялық бірлік (а.б.) деп аталады:
1а.б.=149 600 000 км.
Жердің табиғи серігі Айдың және кез келген жасанды серіктердің Жерге ең таяу келетін нүктесі перигей (грекше Гея- жер), ал ең алыс нүктесі апогей деп аталады.
II. Кеплердің екінші заңы- аудандар заңы планета қозғалыстарының бірқалыпты емес екендігін анықтайды: планетаның радиус-векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады. Планеталар ең үлкен жылдамдықпен перигелийде, ал ең кіші жылдамдықпен афелий де қозғалады.
III. Кеплердің үшінші заңы- планеталардың орбиталық периодтары мен олардан Күнге дейінгі қашықтық арасындағы байланысты анықтайды: кез келген планетаның Күнді айналу периодтары жартыосьтерінің қатынасына тең болады. Екі планетаның үлкен жартыосіне а1 және а2 деп, ал айналу периодтары Т1 және Т2 деп белгілейтін болсақ, онда Кеплердің үшінші заңын мына түрде жазуға болады
|
Таратпа материалдар
Презентация
|
20 мин
|
Кеплер заңдарының қолданылуы
Марс орбитасының негізгі осі 1,5 а.б. Күннің айналасындағы қозғалыс уақытының периодын есептеңіз.
БЖБ
|
|
Оқу мақсатына жетуге арналған тапсырмалар
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |