§11. Эскиз, костюм композициясы, силуэт, түсі, пропорция туралы түсінік. Салықтар мен ҚР салық жүйесі Сабақтың мақсаты: Эскиз, костюм композициясы, силуэт, түсі,пропорция туралы түсінік біліктілігін қалыптастыру.. Міндеттер. Білімділік: сән, киім формасы, киім пропорциясы түсінігі бойынша алынған білімді жүйелеу; оқушыларды дене бітім пропорцияларымен таныстыру, тақырып бойынша материалды игеруді қамтамасыз ету. Дамытушылық: дағдылар мен икемділіктерді дарыту; оқушыларды талдай білуге үйрету; оқушылардың дербес іздестіру қызметіне деген қызығушылығын дамыту, технология пәнінің басқа ғылымдармен – тарихпен кіріктірілген байланысын нығайту. Тәрбиелік:жұмыстағы тәртіптілікті қалыптастыру, оқушыларда еңбекке деген сүйіспеншілікті, өзара көмек сезімін қалыптастыру; эстетикалық талғамды тәрбиелеу. Сабақ түрі: аралас. Сабақтың әдістері:
эмоционалды – шығармашылық, қызығушылық, жұмысқа қанағаттанушылық.
Құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер:эпиграф, мақал – мәтел, кластер, карточкалар, буклеттер, сән журналдары, жұмыс дәптері, модельдеу бойынша кестелер, сызғыш,пішу үшін қажет сызба,түрлі –түсті қалам,қайшы. Еңбек объектісі:костюм үлгілері Пәнаралық байланыстар: тарих ( киім тарихы),өнер мәдениеті
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин)
1.Сәлемдесу.
2.Сабаққа дайындықты тексеру.
3.Оқушылардың назарын аударуды ұйымдастыру.
4.Сабақ өткізу жоспарымен таныстыру. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру(3мин)
Пысықтауға арналған сұрақтар
Иық бұйымдарына нелер жатады?
Киімді модельдеу дегеніміз не?
Блузканың өлшем алу ережесі?
Блузка бөлшектерін ат?
Блузка мен белдемшенің айырмашылығын ата?
Модельдеудің неше түрі бар?
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.(12 мин) Ассоциация (топпен жұмыс)
Киім
әсемдік
мықтылықыңғайлылық гигиеналық Сабақ оқушыларды тақырыпқа баулитын және қызықтыратын қысқашакіріспеден, яғни құрылымдалған шолудан басталады. ББҰ кестесін тақтаға сызамын.
Білемін
Киім элементтерінің үйлесі
Білгім келеді
Костюм композициясының негізгі көрсеткіштерімен танысуды
Үйрендім
Дәуірдің мәдениетімен, сұлулығымен қоршаған ортаға қарым – қатынасын көрсетуге, киімде бірнеше силуэт, киімдегі пропорция, түсініктерімен танысуды
Сән (франц. тоda, лат. Тоdus – өлшем, әрекет тәсілі) – киім кию мәдениеті, өмірдің әртүрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі. Эскиздеу – киімнің сәнді формасын жобалау кезіндегі дизайнер жұмысының графикалық кезеңі.
Костюм композициясы – киім элементтерінің тұтас үйлесі. Жаңа модельді жасап шығарудасуретші – модельер мынадай талаптарды ескеру керек.
Модель–суретшілер, модельерлер, онструкторлар жасаған бұйым үлгісі.
Адамдардыңжас ерекшелігіне
Қызметін
Киімнің берілу сипатын
Пропорциясын
Дене бітімін
Материалдардың қасиетін
Түсін
Киімге қойылатын талаптарды
Сәннің бағытын
Костюм композициясының негізгі көрсеткіштері:
Силуэт, сызықтар, пропорция, ырғақ, түстер, оптикалық әсерлер. Костюм - адамның сыртқы келбетін толықтыратын киім, бас киім, аяқ киім, әшекейлердің т.б. жиынтығы. Костюм әр дәуірдің эстетикалық идеалын көрсетеді.
А) классикалық
Б) спорттық
В) романтикалық
Г) фольклорлық Стиль (лат. Stilus) дегеніміз – мәнер, сипат, ерекшелік, сонымен қатар сол дәуірдің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым – қатынасын көрсететін тұрақты, анық, ерекшелінген дәуір тілі. Киімдегі стиль – киім кию мәнері. Сән келеді – кетеді, ал
Киімде бірнеше – классикалық, спорттық, романтикалық және фольклорлық стильдер болады.
Классикалық стильге – ққатал, іскер, сәнді киіну түрлері кіреді.
Романтикалық стильде – әдемілік, ерекшелік, сүйкемділік,нәзіктікті әдеттегіден тыс бөліп көрсетеді.
Фольклорлық стиль (этникалық) – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлттық ою – өрнектер, кестелер, қол жұмысының көптеген элементтері,жоғары технологиялық әдістер кеңінен пайдаланылады.
Төрбұрыш үшбұрыш
трапеция
Силуэт (франц.ziluette – ХҮІІІ ғасырдағы француз министрі де Силуэттің есімімен аталған, оған қырынан қарағандағы көлеңкесі түрінде келемеж сурет салынған) – 1) заттың кескіні; 2) кескіндеу техникасының түрі, қағазға, матаға және т.б. салынған немесе ойылып алынған фигуралар мен заттардың бір түсті жазықтықтағы бейнесі; 3) пішін ұғымын да білдіреді.ұзындығы мен ені бойынша адам мүсінінің пропорциясына жақындау келетін геометриялық фигуралардың (тікбұрыш, трапеция, үшбұрыш, сопақ, жартышар, қызғалдақ, қалам, т.б.) бірін беретін киімнің кез келген бөлігінің кескіні.
« Силуэт », « пішін», «пішім», «пропорция», «стиль» деген түсініктер адамдармен тығыз байланысты.
Пішім – бұйымның ойластырылған үлгісін жасауға мүмкіндік беретін пішім сызықтары (бел сызығымен кесілген көйлек, реглан үлгісіндегі жеңдер, тұтас пішілген жең және т.б.)
Пропорция – бұл өлшем мен дене бітім бөліктерінің арақатынасы: аяқ ұзындығы, дене , кеуде мен мықын ені және т.б. Денеміздің пропорциясы біздің сырт көрінісімізді киім сәніне қарай әртүрлі етіп түбегейлі өзгертіп көрсетеді. Ерлер және әйелдер жене бітімі пропорциясының елеулі түрде айырмашылығы бар. Әйелдердің иық ені бастың ені модуліне аздап кішірек, ал мықын ені иық еніне теңге жуық. Көбінде әйел ұзындығы 8 емес, 7,5 модульге сыяды.
Түс – киімнің әдемі болуы түсті дұрыс таңдауға да байланысты. Үйлесімді бейне жасағанда әр алуан реңктерді ажыратып қана қоймай, түстерді үйлестіруге болатынын да білу керек.
Түстер – костюмнің негізгі сапасына әсер етеді. Табиғатта төрт негізгі түстер бар: қызыл, жасыл, сары, көк, ал қалған түстер осы түстерді араластыру арқылы және оларға қара және ақ түстерді біріктіру арқылы алынады.
Түстер ахроматикалық және хроматикалық болып екі топқа бөлінеді.
Ахроматикалық топқа ақ, қара және сұр түстің реңктері жатады. Қызыл түстен бастап қызыл күрең түске дейінгі түстер хроматикалық топты құрайды.
Хроматикалық түстер – қызыл күрең түстер мен спектрлік түстер.
Түстер композиция құралы ретінде бір мезгілде оның маңызды элементі де болып табылады. Костюмде киімнің ғана емес, аяқкиімнің, сөмкенің және костюмді толықтыратын басқа да заттардың түсі маңызды. Костюмді тіккен кезде түстерді костюмнің міндетіне (не үшін киеді), материал фактурасына, формасына, бағытына байланысты таңдау керек.
ІҮ. Материалды бекіту.(10мин)
Өтілген сабақ бойынша өз білімін тексеру.
Сөзжұмбақ
К л а с с и к а л ы қ к о м п о з и ц и я
к о с т ю м ф у т б о л к а
с т и л ь с а р ы
ш а л б а р т е х н о л о г и я
ф о л ь к л о р л ы қ к о с т ю м
қ а м ы р Стиль сөзжұмбағының жауаптары:
қатал, іскерлік, сәнді киіну салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге (қатал, іскерлік, элегантты) стиль.Оған ғасырлар бойы жинақталған ең тұрақты, таңдамалы, сәннен тыс, өзгермейтін сән үлгілері.(классикалық)
Француз. Costumeқазақша баламасы?(костюм)
Мәнер, сипаты,ерекшелікті анықтайтын не? (стиль)
Белді, аяқты жеке жауып тұратын киім түрін ата? (шалбар)
Ұлттық сипаттағы киімдер, ою – өрнектер, кестелер, қол жұмысының элементтері кеңінен тараған стиль киімі. (фольклорлық)
Костюм сөзжұмбағының жауаптары:
Үйлесімділік дегеніміз не? (киім элементтерінің тұтас үйлесі)
Спортпен шұғылдануға арналған арнаулы киім.(футболка)
Ашық түсті ата?(сары)
Еңбек пәнінің орысша баламасы? (технология)
Costume қазақша баламасы?(костюм)
Ұн сөзінің синонимі? (қамыр)
Ү. Сабақты қорытындылау.(7 мин)
INSERT картасы
Сіздер бүгінгі сабақта белсенді болдыңыздар. Мен сіздерге бірнеше сұрақ қойғым келіп тұр. Сабақ несімен қызықты болды? Ой қорыту (нені білдік?)