Әр түрлі сұрақтар, есептер, суреттер жазылған карточкалар суырады
Сабақтың ортасы/сабақ- тың негізгі бөлімі
Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау
Жаңа сабақпен танысу. Күш әсерінен дене пішіні мен өлшемдерінің өзгерісі деформация деп аталады.
Деформацияның екі түрі болады: серпімді және пластикалық.
Күш әсері тоқтағаннан кейін қалпына келетін деформация серпімді деп аталады. (резеңке, серіппе т.б.)
Оның түрлері: созылу, сығылу, ығысу, бұрау, иілу.
Күш әсері тоқтағаннан кейін қайтадан қалпына келмейтін деформация пластикалық деп аталады. (пластилин т.б.)
Серпімді деформацияны қайтадан қалпына келуінің себебі оған серпімділік күш әсер етеді.
Дене деформацияланғанда пайда болатын және деформацияға қарсы бағытталған күш серпімділік күші деп аталады.
Серпімділік күшінің деформация шамасына тәуелділігін ағылшын физигі Роберт Гук анықтады.