Дене импульсінің өзгерісі күш импульсіне тең.
Тұйық жүйе деп сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер бір-бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйені айтады.
Ипульстің сақталу заңы: жүйе ішінде туындайтын өзара әрекеттесулер нәтижесінде тұйық жүйенің қосынды импульсі өзгермейді.
Тапсырмалар
|
Топтық жұмыс «Джигсо»
|
Жеке жұмыс
|
Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»
|
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу (Жүректен жүрекке)
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
Денеің салмағы дегеніміз не?
Асқын салмақ дегеніміз не?
Салмақсыздық дегеніміз не?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)
Дене импульсі дегенді қалай түсінесіңдер?
Күш импульсі жөнінде не білесіңдер?
ІҮ. Топтық жұмыс «Джигсо» (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№
|
Бағалау өлшемдері
|
Көш
басшы
|
Хатшы
|
Баяндамашы
|
Уақыт сақшысы
|
1
|
Тақырыптың ашылуына үлес қосу
|
|
|
|
|
2
|
Міндетін атқару
|
|
|
|
|
3
|
Топтық жұмысқа атсалысуы
|
|
|
|
|
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жеке жұмыс «Есеп шығару» (5 минут)
Массасы 2 кг дене 10 м/с жылдамдықпен қозғалғандағы импульсін табыңдар?
Жеке оқушылардың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру
VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)
1
|
Білу
|
Дене импульсі дегеніміз не?
|
|
2
|
Түсіну
|
Дене импульсінің формуласын жаз?
|
|
3
|
Қолдану
|
Массасы 1,5 кг болатын дене 2,5 м/с жылдамдықпен қозғалғандағы импульсін табыңдар ?
|
|
4
|
Талдау
|
Дене импульсі мен күш импульсін салыстыр?
|
|
5
|
Жинақтау
|
Денелердің әрекет ету барысындағы импульстерін түсіндір?
|
|
6
|
Бағалау
|
Дене және күш импульсін білудің маңызы қаншама?
|
|
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Достарыңызбен бөлісу: |